Жаңаөзен қаласы
№ 9 орта мектеп
Дайындаған: В.Ж.Жолмухамбетова
Тақырыбы: «Абай әлеміне саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың зерттеу (өз бетімен жұмыс, шығармашылықпен айналысу) мәдениетін қалыптастыру;
Абай жайлы білім, білік дағдыларын кеңейту; ойын жүйелі айтуға, өз бетінше
қортынды жасауға, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтик тақта, үнтаспа, нақыл сөздер, слайд, бейнебаян т.б.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Абай әлеміне саяхат.
ІІІ. Қорытынды.
Жүргізуші: Армысыздар , құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 1-курспен дайындаған ашық тәрбие сағатына кош келдіңіздер!
Олай болса, бүгінгі «Абай әлеміне саяхат» атты танымдық сабағымызды ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны Абай 1845 жылы 10-тамызда Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүние келген. Абайдың ата – тегі , тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс ауқатты отбасы болған . Әкесі Құнанбай аға сұлтан , болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты , әйгілі билер болған. Абай жас кезінде – ақ ерекшеленіп , ауыз әдебиетін, ертегі, аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр-қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан — жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Жүргізуші:
Келесі сөз кезегін _____________________береміз, (Абай өміріне шолу)
Абай өміріне шолу
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы
Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.
Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
Жүргізуші:
Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ағартушы ғалым, ойшыл –философ, қоғам қайраткері.
Абай шығармалары қазақ халқының ұлтық болмыс бітіміне , дініне, дүниетанымына өнегелі құбылыс әкелді. Абай — көп–еген лирикалық өлеңдердің, дастандар мен философиялық қара сөздерінің авторы. Ол қазақ тіліне Пушкиннің, Лермонтовтың, Гетеның, Шиллердің , Мицкеевичтің және басқа да Европа классиктерінің өлеңдерін аударған.
Жүргізуші:
Ендеше, ортада _________________________________
«Татьянаның әні»
Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ең.
Талақ етіп бұл ғаламды,
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсы жоқ жас адамды,
Қатты соққан не еткенің?
Елжіреген жас емес пе ем,
Еппен айтсаң жұбатып.
Мен ғашыққа мас емес пе ем,
Кетсең еді ұзатып.
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
Тірі қалдым, өлмей әрең,
Қатты батты тырнағың
Жүргізуші:
Абай әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен . Алғаш Абай Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударуымен көрінді . Олай болса, __________өлеңіне кезек берейік!
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дәл-сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ
Жүргізуші:
Сонысымен қалмай, Абай көптеген әндер жазған Абайдың әндерінің бәрі бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген әндерінің барлығы классикалық туындылар.
Ендеше, «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар!(хор)
Жүргізуші:
Абайдың поэмасы үшеу: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім». Бұл поэмалар қазақ өмірінен алынған емес, яғни шығыстық оқиғалар сарынында жазылған.Келесі кезекті «Масғұт» поэмасынан үзіндіні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері. Жалпы Абайдың 46 қара сөзі бар. Оның 46-қара сөзі аяқталмай қалған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшінде, бүгінде бағасы өте зор. Ендеше Абайдың 17-қара сөзіне назар аударайық! (Үнтаспа)
Жүргізуші:
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хәкім болған сендей жанды,
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып , баға бермей,
Қисайып қыңырайды жұртың ниеттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр»-деп
Болды ғой жақын, туған бәрі кектес,
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме
«Қор болды қайран сөзім босқа» — деме.
Артыңда қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып жүрер жеке! –деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, келесі кезекті өлең шумағына береміз!
Ортада ____________________________________
«Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Жүргізуші:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оныда ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, — деп кезекті ______________________береміз.
«Білімдіден шыққан сөз»
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкiрегінде болсын көз.
Жүрегі — айна, көңiлі — оят,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме
Түзелмесін білген ез?
“Айтшы-айтшылап” жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар
Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңсікқой,
Байлаулы емес ақыл ой,
Ойлағаны — айт пен той,
Ыржаң-қылжаң ит мінез„
Сұлу қыз бен я батыр
Жүргізуші:
Қазақ әнінің көркемдік қасиетін, адам сезіміне әсер етер күшін Абай атамыз былай суреттеген:
Шырқап, қалқып, сорғалап тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан, жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық , кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар, — деп кезекті әнге береміз «Көзімнің қарасы» (хор)
Жүргізуші:
Абай үлкен достықты отбасылық өмірден , жастар сезімінің тұрақтылығынан , әйелге адамгершілік , әділет тұрғысынан қараудан іздеді. Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздайды. Оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» және «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдердің лирикалық кейіпкрі – шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан. Ол сол досты іздеп күңіренеді, жоқтайды.
Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Пайда , мақтан – бәрі тұл .
Доссыз ауыз тұщымас, -деген өлең жолдары жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа , махаббатқа үгіттейді.
Жүргізуші:
Олай болса, ендігі кезекті _____________________береміз!
«Айтым сәлем, Қаламқас!»
Жүргізуші:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ –барды, ертеңгіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін-деп Абай атамыз айтқандай келесі өлеңді орындайтын
____________________________
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңіліңнің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң, мұнда сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Жүргізуші:
Ақын «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығын» да көрсеткен. Өзі де өлеңдерінде , қара сөздерінде көп мақал – мәтелдер жасаған. Олар арқылы ақын елді еңбек етуге, кәсіпке үйренуге шақырды. Елді көтерудің, өзіңнің де қатарға қосылуыңның жолы еңбекте деп түсінді. Оның өзі шығарған нақылдарының көбі «отыз жетінші» сөзінде жинақталған ендеше, құлақ түріп тыңдайық!
Ендігі кезекті қазақтың киелі домбырасына берейік, ортада халық әнін орындайтын _________________________ қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Осымен «Абай әлеміне саяхат» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.
Келесі кездескенше,
Қош сау болыңыздар!
[bws_related_posts]