Басы » Бастауыш сыныптар » Қуыршаққа арналған киімдер. Кеудеше тілу.

Қуыршаққа арналған киімдер. Кеудеше тілу.

Алматы қаласы
№104 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нусипжанова Айжан Сериковна

Тексерілді:
Еңбекке баулу Уақыты: 10.04 Кабинет: 108 Мұғалімі:Нусипжанова А.
Сабақтың атауы Қуыршаққа  арналған  киімдер. Кеудеше тілу.
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімдік: қуыршақ туралы мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.

Дамытушылық: модельдеу саласындағы алған білімдерін дамыту,жұмыс істеу дағдыларын дамыту,қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге,қиялдай білуге, қиялдай білуге үйрету.

Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау,еңбекті бағалауға үйрету,еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: формативті бағалау, түсіндірме бейнелеу, сарамандық жұмыс, практикалық оқыту.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта арқылы слайд, түрлі қуыршақтар, суреттер, қуыршақтың киім түрлері, эскиздер, қалып.

Сабақтың түрі: сыни тұрғыдан оқыту.

Тапсырма көздері: жеке, жұптық, топпен жұмыс

АКТ қолдану дағдылары: бейнекөрініс,

Тыныштық сәті

Әуен ойналады

 

 

 

 

Психологиялық ахуал

 

Өткенді еске алып,ойға толам,

Сұраптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям-Б.Момышұлы атамыз айтқан екен.

 

Бөбектердей бүлдіршін,

Киініп тұр бір мүсін.

Ол қаз басып жүрмейді,

Сөйлемейді, күлмейді.               Жауабы: қуыршақ.

Оқушылар шеңберде жиналып,

мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 

 

 

Топтарға бөлу

 

— Қуыршақ-бұл қыз балалар ойнайтын ең көп тараған ойыншық. Қуыршақтар бала-лар ойыншығы болғандықтан пластмасса материалдан жасалады, қазіргі уақытта олардың қимылдап жүретін, сөйлейтін түрлері көп. Ұлттық қуыршақ, театрда қолданылатын, күнделікті ойын қуыршақтары және тоқылған сувенир сияқты түрлері болады. Ең қызығы халықаралық қуыршақтар күні  бар екен ол-3 наурызда аталып өтеді екен. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы(…)

— Олай болса, біз 1-топ- Ұлттық қуыршақтар

2-топ- Театр қуыршақтары

3-топ-  Ойын қуыршақтары

4-топ-  Көрме қуыршақтары болып топтарға бөлінеміз.

(Көрме ашылады)

— Топ жетекшісін сайлаңыздар. (Жетекшілерге бағалау парақтарын таратамын)

Әр топ өз тобын қорғайды.Осы қуыршақ  туралы не айта аласыңдар?

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарамандық жұмыс

(Жеке, жұппен, топпен жұмыс)

Мұғалімнің  түсіндірмесі:

— Тақтадағы нелерді көріп тұрмыз? (қуыршақтың киім үлгілер)

  Модельдеу дегеніміз-бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен модельерсуретші айналысады.Модельер адамның дене бітімін сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік заңдарын білу керек.Тігін технологиясын жақсы меңгеруі керек. Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің суретші-модельері айналысады.Техникалық модельдеу-нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструктор айналысады.

— Мына кеудешені модельдейміз. (Манекендегі кеудешені корсетемін)

— Кеудеше-көйлектің сыртынан кеудеге киюге арналған жағасыз, жеңсіз

жұқа киім.

— Бұл жұмысты жасау үшін бізге қандай материалдар мен құрал-жабдықтар

қажет болады деп ойлаймсыңдар? (қалың мата, таспабау, бор, ине-жіп,

қайшы)

— Ал, осы құрал-жабдықтармен жұмыс ережелерін еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

•      Өткір құралдардың жүзін саусағыңмен сипама.

•      Қайшыны біреуге ұсынған кезде, оның ұшын өзіңе қаратып ұста.

•      Қайшыны ашық қалдырма.

•      Қайшы мен инені  аузыңа салма.

•      Құралмен ойнама.

— Жұмыстың орындалу реті:

1. Матаны екіге бүктеп, дайын үлгімен бастырып сызып алу.

— Қандай мата түрлерін білеміз? (Мата түрлерін көрсету)

2. Сызық бойымен қиып алу.

3. Кеудешенің ортасын ашып, оң бетімен қиындыларын теңестіру.

4. Кеудешенің екі шетін біріктіріп тігу.

— Қандай тігіс түрін қолданамыз? (Көктеп тігу –бөлшектердің шетін біріктіруге (және матаның шеті сетінеп сөгілмеуі үшін тігіледі) үшін қолданылады.)

5. Кеудешені оң бетіне аударып, жиегіне таспабауды бастырып тігу.

— Олай болса, жұмысымызды бастайық. Қол ұстасып, бір-бірімізге сәттілік тілейік.

•      Уақытыңды тиімді пайдалан.

•      Жасаған бұйымың әдемі, көрікті болсын.

— Бір-бірімізге көмектесуді ұмытпайық. Ынтымақ-адамдар арасындағы татулық  дегенді қалай түсінеміз?

Сергіту сәті «Қызыл гүлім-ай» әуені бойынша  (Арқаға сурет салу)
Ой толғаныс Бейнекөрініс «Қуыршақтар қалай жасалады».

Балалар қалыппен бастырып қиып, тігіп дайын кеудешені көрсетеді.

Барлық бұйымдардан көрме ұйымдастырылады.

— Топ жетекшілері жақсы деген кеудешелерді атап, мадақтап, басқаларына баға беріңіздер.

— Біз бүгін не істедік? Модельдеу деген не? Кеудеше деген не? Қандай матадан тіктік? Кеудеше туралы 5 жолды өлең. Еңбек туралы мақал-мәтел айту.

Үйге тапсырма Үлгермеген оқушылар жұмыстарын  аяқтап   келеді. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Жақсы деген кеудешелер аталып, мадақталып, барлығы бағаланады. Топ жетекшілері бағалау парақшаларын толтырады.
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі бойынша.

Жасыл түс- сабақты түсіндім

Сары түс- жартылай түсіндім

Қызыл түс- мүлде түсінбедім дегенді түсіндіреді.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам әдісі

 

 

 

 

 

 

— сабақты толық түсіндім

 

 

 

 

 

 

— жартылай түсіндім

 

 

 

 

 

 

  • мүлде түсінбедім

 

 

 

 

Бағалау парағы

Аты-жөні Жауаптардың бағалары
1
2
3
4
5
6
7

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *