Басы » Кембридж бағдарламасы » Бейбіт күн жасасын әлемде!

Бейбіт күн жасасын әлемде!

 

«Тексерілді»

Оқу ісі меңгерушісі:    Қалтаева Г.Д.

 

  6-сынып    Қазақ әдебиеті
Тақырыбы «Бейбіт күн жасасын әлемде!»
Жалпы мақсат Оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым –қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; сыни тұрғыдан ойлау көзқарасын дамыта отырып, білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; өз бетінше жұмыс жасауда қабілетті оқушыны табу.
Күтілетін нәтиже Әр оқушы кейіпкерге сын тұрғысынана баға беріп, жертек жүргізеді, өз ой-пікірін білдіре алады.  Жұппен бірлесе жұмыс жасап, қорытынды жасайды. Өз біліміне есеп беріп, өз-өздерін бағалауға үйренеді.
Қолданылатын ресурстар Оқулық, слайдтар, интербелсенді тақта, стикерлер, маркерлер, А4 парақтар, житондар
 Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
«Құпия дос» тренингі

 

 

 

1-тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау «Бос орындық» әдісі

Зигфридке хат

Қорапшаның ішінде  құпия  достың суреті  жасырылған. Оқушылар   сол құпия  досқа  сипаттама  береді.

Оқушылар жазған хаттарын оқиды

 

Сабақтың ортасы 2-тапсырма

«Дана үкі» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма

«Қима қағаз» арқылы жұппен жұмыс

Зекенге тән қасиеттер Ертай мен Нартайға тән қасиеттер
Неміс баласы. Ахметтей адам таңдады.

Отбасына бауыр басты.

Жаңа ортаға бейімделді.

Әке мен ана мейіріміне

бөленді.

Қорған, қамқоршы тапты.

Атаның емес, адамның ұлы

болды.

 

 

 

Қазақ балалары.

Тағдырлары аянышты..

Үлкендерге сенбеді.

Бір-бірін сағынды.

Сұсты бәйбішеден  жас-

қанды, мейірім көрмеді.

Өз ата-анасын аңсады.

Қыста адасып, үсіп өлді.

Бала өмірі трагедиялы

Аяқталды

4-тапсырма «Семантикалық карта»

            Кейіпкер

 

Үзінді

 

Дәуренбек

 

Ахмет

 

Бригадир

 

Басқарма

 

Тоқажан

 

Бәкең

Менің әкелгенім алты-ақ бала…                +  
Үкіметтің кеңшілігі көп…       +        
Ертең-ақ ет-бауы-рымыз боп кетеді…          +    
Құдай басқаның заузатынан опа бермес…                +
Аруақты атадан қалған қара шаңырақ еді…              +
Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма…   +      
1-оқушы: Дәуренбек пен Ахметті салыстыру

2-оқушы: Әңгемені толық баяндайды

3-оқушы: Зигфрид (Зекен) ке постер құру

4-оқушы: Тірек –сызба арқылы тақырыпты ашу

 

Оқушылар берілген қима қағаздарды пайдалана отыра  кестені толтырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар кестені толтырады.

Сабақтың аяғы «Тест алу» арқылы сабақты бекіту

1.Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Кімнің сөзі?

А) Есепші      С) Дәуренбек  В) Басқарма    Д) Ахмет

2. «Жауды аяған жаралы». Кімге айтылған сөз?

А) Елге      С) Дәуренбекке  В) Басқармаға   Д) Ахметке

3. Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?

А) Үйренісіп қалғандықтан  С) Еш себепсіз В) Жай    Д) Бір үйдің балалары

4. Нартайды кім алды?

А) Бригадир Берден  С) Ахмет    В) Орақшы Тілеубай

Д) Жақан молда

5. Зигфрид Вагнердің жаңа фамилиясы.

А) Ахметов   С) Тілеубаев  В) Бегімбетов   Д) Берденов

6. Зигфридтің қасиеттері.

А) Кекшіл     С) Жайдары, пысық  В) Қорқақ      Д) Бұзық

7. Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмады?

А) а, б, в     С) т, д   В) ғ, ұ, ә        Д) р, ш

8. Ауылдағы дөкейлердің бірі Ахметтің қай баласымен бірге оқыпты?

А) Келімбет   С) Жолымбет    В) Нарымбет Д) Дәулетбек

9.Ахмет қай ауылға көшті?

А) «Қызыл ту»   С) «Ауыл тұрмысы»    В) «Балдырған»    Д) «Қайрат»

10. Ахмет пен Зекен бойындағы ұқсас қасиеттер.

А) Адал         С) Ширақ     В) Пысық        Д) Бұзық

Оқушылар тестке жауап береді

«Зиг-зак» әдісі арқылы бірін –бірі бағалайды

Кері байланыс «Үш сөз» әдісі арқылы кері байланыс жасату Оқушылар үш сөзден бір сөйлем құрайды
Бағалау Жетон арқылы бағалау Алған жетон санына қарай бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тексерілді»

Оқу ісі меңгерушісі:    Қалтаева Г.Д.

 

  6-сынып    Қазақ әдебиеті
Тақырыбы Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

 

Жалпы мақсат Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мазмұнымен танысу, тақырыбы мен идеясын ашу;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау;

 

Күтілетін нәтиже Әр оқушы кейіпкерге сын тұрғысынана баға беріп, жертек жүргізеді, өз ой-пікірін білдіре алады.  Жұппен бірлесе жұмыс жасап, қорытынды жасайды. Өз біліміне есеп беріп, өз-өздерін бағалауға үйренеді.

 

Қолданылатын ресурстар Оқулық, слайдтар, интербелсенді тақта, стикерлер, маркерлер, А4 парақтар, житондар
 Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Тренинг «Менің сізге тілейтінім…»

 

 

«Ой қозғау» Ұлы Отан соғысы туралы бейне жазба көрсету

 

М.Мағауин туралы мәліметті слайд арқылы көрсету

 

«Адасқан әріптер» арқылы тақырыпты табу

Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

 

Көрген бейне жазбадары туралы әңгімелеу

 

Оқушылар постер құрайды

Оқушылар  бүгінгі сабақтың тақырыбын табады

Сабақтың ортасы «Мағынаны тану»

«Кубизм» әдісі

1)Суреттеңіз. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар, мен жетім қалған балалар, тылдағы ауыл тірлігін суреттеңіз.

2) Зерттеңіз. Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсінбеушіліктің неден басталғанын анықтаңыз.

3) Салыстырыңыз. Дәуренбек пен Ахметтің қайшы мінезді қаһарман екендігін мәтінге сүйене отырып салыстырыңыз

4) Не елестейді? Нені сезінесіз? Ата-анасыз жетім алты бала тағдыры туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?

5) Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.  Ахметтің неміс баласын таңдауында қандай сыр бар, оған қалай қарайсыз?

6) Қолданыңыз. Мәтіндегі  «Жауды аяған жаралы» , «Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды» деген мақал-мәтелдерді кімдерге, яғни қай кейіпкерге қолданар едіңіз?

Берілген тапсырмаларды орындайды
 

Сабақтың аяғы

 

«Сәйкестендір»

Жамбыл Жабаев

 

«Сен құрметте оны, қарағым!»
Әбу Сәрсенбаев

 

«Жауынгер тұлғасы»
Сайын Мұратбеков

 

«Бір атаның балалары»
Мұхтар Мағауин

 

«Ленинградтық өренім»
Бауыржан Момышұлы

 

«Қылау»
 

 

 

Оқушылар берілген тапсырманы сәйкестендіреді

Кері байланыс «Табыс сатысы» Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, жапсырады
Бағалау Өзара бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тексерілді»

Оқу ісі меңгерушісі:    Қалтаева Г.Д.

 

  6-сынып    Қазақ әдебиеті
Тақырыбы Кейіпкерлер бейнесі. Зигврид Ахметұлы
Жалпы мақсат Шығарма мазмұнын қайталай отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым – қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау; Ынтымақтастыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан – жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды. Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой – пікірін білдіре алады. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, біріге қорытынды жасайды. Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Қолданылатын ресурстар Оқулық, слайдтар, интербелсенді тақта, стикерлер, маркерлер, А4 парақтар, житондар
 Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Шаттық шеңберге тұрып бір-біріне сәттілік тілеу

 

Үй тапсырмасын тексеру

«Жетім көрсең жебей жүр» эссе

 

 

 

«Миға шабуыл»

Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. «Диалогтік оқыту» қолданылады

1. Шығарма кімнің сөзімен басталады, оның сөзінен нені байқауға болады?

2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?

3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?

4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?

5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?

 

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді

 

Оқушылар үйден дайындап келген эсселерін оқиды

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру

 

Сабақтың ортасы

 

Мағынаны тану:

М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі

шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары.

 

Үзінді Кім туралы? Көрінетін мінез қыры Ұстанымы
«Қызметімді сыйламай, сойыл ала жүгірдің,…»
«-Еміс деп, орыс,қазақ деп бөлу пайғамбарға шет,құдайға күнә…»
«Сеңкі аға тірі,..Меңкі үш аға өлген…Келім…бет…Жолым…бет…»

Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.

 

 

Кестені толтырады

 

Сабақтың аяғы

Зекен портретін салу Оқушылар көз алдына елестете отырып, Зекеннің портретін салады
Кері байланыс «Тілек ағашы» арқылы кері байланыс жасау Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
Бағалау Бағалау парақшаларын пайдаланамын

Оқушы Үй тапсырмасы 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма Қорытынды баға
1
2
3
4
5
«жарайсың», «алға», «қалма»
Оқушылар өзін-өзі білім ағашы арқылы бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексикалық есеп

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында,  және заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.  Тізбектелген сабақтар топтамасына 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінің 3 сабағын алдым. Бірінші сабақ – М.Мағауин «Бір атаның балалары», екінші сабақ- Зигфрид (Зекен) Ахметұлы, үшінші сабақ- «Бейбіт күн жасасын әлемде!» Өткізілген әр сабақта түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, ойлау, сөйлеу дағдыларының дамуына басты назар аудрдым.  Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың  өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал ететіндей, одан әрі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу және даму ниеттерін артыратындай тәсілдерді қолдану керек екенін байқадым. М.Мағауин «Бір атаның балалары»  алғашқы сабағымды «Менің тілейтінім..» тренингі арқылы бастадым. Одан әрі оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы бейне жазба көрсетіліп, бүгінгі тақырыпқа бұл бейне жазбаның қандай байланысы бар екенін сұрадым. Сұраққа оқушылар жекелей жауап беріп, өз ойларын айтты. Слайд арқылы М.Мағауинге сипаттама беріліп, топ болып постер құрау тапсырылды.  Нәтижесінде оқушылар постерді құрап, оны қорғады. Өз ойларын ашық жеткізе білді. «Адасқан әріптер» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып,  «Кубизм» әдісі арқылы сабақты талдаттым. Жекелей жұмыстан гөрі жұптық жұмыс жасағанда оқушылардың белсенділіктерінің артатыны байқалды. оны «Сәйкестендіу» тапсырмасынан байқадым. Сабақ соңында кері байланыс жасап, бүгінгі сабақ бойынша өз деңгейлерін «Табыс сатысы» арқылы бақылады.  Келесі сабақты бір-біріне сәттілік тілеуден бастадым. Үй тапсырмасын эссе арқылы сұрап, оқушылардың ойларын тыңдадым. «Миға шабуыл»  арқылы шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. «Диалогтік оқыту» қолданылады. Мағынаны тану:

М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі

шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың өз ойларын айтуда бір-бірінің ұсыныстары мен пікірлеімен санасуда белсенділік танытатыны байқалды.  Оқушыларға  сабақтағы басты кейіпкер Зекеннің портретін салу тапсырылды. Әр жұп өздері салған суретті сөйлете білді. «Білім ағашы» арқылы кері байланыс жасап, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырды. Оқушылар бағалау парағы арқылы бірін-бірі бағалады. Үшінші сабақта оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. «Құпия дос» тринингі арқылы  психологиялық ахуалды орнатып алдым.  Үй тапсырмасын «Зкенге хат» жазу арқылы «ыстық орындық» әдісі арқылы сұрадым. «Дана Үкі» әдісі арқылы жеке тапсырмалар берілді. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындады. Жұптыұ жұмыста «Қима қағаз» арқылы Зекен мен Нартай, Ертайға тән қасиеттерді теріп жазды. Жеке жұмыс ретінде симантикалық картамен жұмыс жасады. Сабақты бекіту үшін тест тапсырмаларын берілді.    Сабақ соңында кері байланыс жасауда оқушылар  үш сөзден бір сөйлем  құрастырып бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайды. Әр сабақ барысында

 

 

қалыптастырушы бағалау орындалып отырды.

Жалпы сабақтың тәтижесіне келер болсым, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолында ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын. Себебі, оқушылар азда болса өз ойларын, пікірлерін жеткізе алатын дәрежеге жетті.  Пайдаланған әр бір әдіс- тәсілдерімнің оқушыларға кішкене болсада септігінің тигеніне қуанамын. Кері байланыс жасауда оқушылардың осындай сабақтардың көп болуын қалайтынын және сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді молынан пайдалану керек екенін білдім.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *