Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«Пригород жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Сансызбаева Жанар Абылгазыкызы

Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектер мен олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс
Жалпы мақсаты: Барлық оқыған көмірсутектердің құрамы, құрылысы, қасиеттері, қолданылу арасындағы байланыстың себебін жүйелеу
Оқу нәтижелері: Көмірсутектерді жіктей білу, қарапайым өкілдерінің құрылысын, гомологтарының изомерлерін, қасиеттері мен қолданылуын білу.
Генетикалық байланыстарға мысалдар келтіріп, тиісті реакция теңдеулерін жаза білу.
Сабақтың түрі; Кіріктірілген
І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны ажырату
1.Ұйымдастыру. Сыныпта ынтымақтастық ахуал туғызу. Амандасу.
2.Топқа бөлу. к/с сутектер бойынша
Алдарына шар өзекті модельдер беру.
3.Үй жұмысын тексеру Сәйкестендіру тест
1.Алкандар                                 А.СnH2n-2
2.Алкендер                                 Ә.СnH2n-6
3.Алкиндер                                Б.СnH2n+2
4.Арендер                                  В.СnH2n-2
5.Алкадиендер                           С.СnH2n
2.А.Көксағыз алу үшін қолданылады                         1.Ацетилен
Ә.Көкеністің пісіп жетілуін тездету үшін                   2. Метан
Б. Батпақ газы                                                                3. Бутадиен
В.Металдарды кесу, дәнекерлеу үшін                         4. Этилен
4.Жаңа тақырып бойынша «алты қалпақ» стратегиясы арқылы «Көмірсутектер» туралы білетіндерін топтастыруға нұсқау жасау.
Ақ түс — берілген көмірсутектің құрылысы,изомері / объективті/
Қызыл түс -қолданылуы
Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді.
Жасыл қалпақ – Химиялық, физикалық қасиеттері.
Қара түс – зияны
Қара қалпақта адам қауіптілік танытады.
Сары түс – Пайдалы жағы.
Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді.
Көк қалпақ – қорытындылайды.

  1. Топтарға тапсырма беру
    Берілген өзгерістік айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін:
    І топ»: Алкан
    С → СН4→ СН3СІ→ С3Н8→ С2Н6
    химиялық реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды атаңдар.
    ІІ топ «Алкен»:
    Күйе →метан →этилен →полиэтилен →көміртек (ІІ) оксиді
    Заттардың кластарын айтып, осы өзгерістердің маңызын түсіндіріңдер.
    ІІІ топ «Пропин»:
    Сірке альдегиді →ацетилен → винилхлорид →поливинилхлорид
    Мұғалім әр топқа есептің дұрыс шығарылу үлгісін ұсынады.
    2 тапсырма:
    І топ: Көмірсутектің 7,2 г жанғанда, 11,2 л (қ.ж) көміртек (ІҮ) оксиді мен 10,8г су түзілді. Көмірсутектің молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар.
    ІІ. Топ: Құрамында 30% қоспасы бар массасы, 1 кг техникалық кальций карбидінен алынатын ацетиленнің (қ.ж) көлемін анықтаңдар.
    ІІІ. Көлемі 33,6 л (қ.ж) ацетиленнен бензолдың қандай массасын алуға болатынын есептеңдер.

3-тапсырма: шығармашылық тапсырма: (дарынды, талантты балалармен жұмыс)
І Топ: Пропан мен бутан –баллондарда тасымалданатын сұйылтылған газдардың негізгі компоненттері. Екеуі де бөлме температурасында газ, бірақ бутан 0°С –та сұйықтыққа айналады. Бутаны бар баллондарды қандай температурада қолдануға болмайды және оның қысымда қайнау температурасы қандай, бутанды қай өңірлерде қолданады.
ІІ топ:Этиленнің әсерінен жемістерді пісіріп жетілдірудің әдіс тәсілдері дәлелденген. Егер қызанақ пісіп жетілу үшін этиленнің концентрациясы 1:2000, яғни бір көлем этиленге 2000 көлем ауа қажет. Этиленді этил спирті және арнайы құрастырылған аппаратта күкірт қышқылынан алады. Әдетте 10-12 күнде жетілетін қызанақ этиленнің әсерінен неше күнде пісіп жетіледі?
Және сен қалай ойлайсың, бұл әдістің тиімділігі бар ма?
ІІ топ:
Дихлорфенилтрихлорэтан СС3СН (С6Н4СІ)2
С2Н5ОН+4СІ2 → ССІ3СНО +5НСІ
Барлық жәндіктер үшін уытты.ДДТ-мен бір өңделген жер бірнеше ай бойы алтыаяқты жәндік үшін қауіпті болды.
Сен қалай ойлайсың бір реттік қабылдау дозасы қанша мг немесе г болуы мүмкін?
Бағалау қол шапалақтау, қимыл арқылы іске асырылады.
ІІІ. Ой-толғаныс
Жинақтау
Рефлексия  Не білдім? Не үйрендім?  Не білгім келеді?
Бағалау
Үй жұмысы
Химия 9  Тапсырмалар жинағы 97 бет 3-73,3-64

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *