Сарсембин Нурлан Кабдуалиевич
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы,
Қойтас орта мектебі,
Қойтас ауылы, Күршім ауданы, ШҚО
Тақырыбы: Қол гранаталарының арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
- Әр оқушыны қол гранаталарының түрлері мен таныстырып, олардың құрылысы туралы білім беру.
- Сабақ барысында қолданылған амалдар және көрнекіліктер арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
- Қырағылыққа, ойланып әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың берілу әдісі: түсіндіру, баяндау.
Өтетін орны: АӘД кабинеті.
Көрнекілігі: плакаттар, оқу –жаттығуға арналған қол гранаталарының сызба-нұсқалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сапқа тұрғызу, рапорт беру, сәлемдесу.
Әнұранды орындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
- АК –ның құрылысы қандай?
- АК-ның бұзу реті қандай?
- АК-ның жинау реті қандай?
- АК-ның тазалау кезіндегі керекті құрал- жабдықтар ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.(Тақырыпты және оның мақсаттарын хабарлдау, түсіндіру)
ҚРҚК Қару жарағында РГД-5, РГ-42, Ф-1, РГН, РГО, РКГ-3 жарықшақты қол гранаталары бар. Жарықшақты қол гранаталары қарсыластың адам күшін жарықшақтармен жоюға арналған. Граната жарылған кезде адам күшін жоюға жеткіліктей энергиясы бар көптеген жарықшақтар жан-жаққа ұшады. Жарықшақты қол гранаталары, әсіресе жақыннан ұрысуға, шабуылда, оқпана, орманда, тауда, паналарда ұрыс жүргізгенде ерекшенәтиже береді. Жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты гранаталар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді. Гранаталар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып, жеткізіледі. Жәшікке гранаталар тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады.
Жарықшақты гранаталар сөмкелерде, тұтандырғыштар бөлек орналасады, олар қағаз немесе таза матаға орналасуы тиіс.
РГН- қол гранаталары мен РГО қол гранаталарының құрылысы:
- Тығын Тығын
- Манжет Манжет
- Стақан Стақан
- Жарты шар Жарты шар
- Жарылғыш қоспа Жарылғыш қоспа
- Жарты шар Жарты шар
- Төсеніш Төсеніш
- Құты Құты
Граната атауы | РГД-5 | РГ-42 | РГН | РГО | Ф-1 | РКГ-3 |
Түрі | Шабуыл-
дағы |
Шабуыл-
дағы |
Шабуыл-
дағы |
Қорған
ыстағы |
Қорған
ыстағы |
Қорғаныстағы |
Салмағы | 310г | 420г | 310г | 600г | 600г | 1070 г |
Лақтыру қашықтығы | 40-50м | 30-40 м | 40-50 м | 35-40 м | 35-40м | — |
Жарылу уақыты | 3,2-4,2 сек | 3,2-4,2 сек | 3,2-4,2 сек | 3,2-4,2 сек | 3,2-4,2 сек | — |
Жарықшақтардың ұшу радиусы | 30 м | 30 м | 30 м | 200м | 200 м | 15-20 м |
Тірі күшті жою қашықтығы | 25 м | 25 м | 25 м | 200 м | 200 м | — |
9-10. Жарты шар
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
- Үйренуші болат дулыға киюі керек.
- Гранаталармен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек.
- Бірнеше гранаталар лақтырған кезде алдыңғы гранат жарылғаннан с оң 5 секунд өткен соң лақтыру крек.
- Қол гранаталарын лақтыруауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек.
- Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаталарды лақтыруды офицер жетекшілігі және бөлімше командирі шешеді.
- Гранаталар мен тұтанғыштар беру орны 25 м қашықтықта жарақтандыру керек.
Бекіту сұрақтары:
- Жарықшақты қол гранаталары неге арналған және олардың түрлері?
- Жарықшақты қол гранаталардың ұрыстық қасиеттері қандай?
- Қол гранаталарының негізгі құрылысы қандай?
- Қол гранаталарды қолдану, сақтау және күту қалай жүргізіледі?
- Шабуылдағы қол гранаталарын ата
Жаңа тақырып бойынша карточкалармен жұмыс:
- Шабуылдағы қол гранаталарын ата РГО, Ф-1 (Иә, жоқ)
- Қорғаныстағы қол гранаталарын ата РГД-5, РГН,РГ-42 (Иә, жоқ)
- Шабуылдағы қол гранаталарының орнына қорғаныстағы қол гранатаны лақтыруға бола ма? (Иә, жоқ)
- Бронемашиналарға, танкіге, ЖҰМ жарықшақты қол гранаталарын лақтыруға болмайды? (Иә, жоқ)
- Ф-1 жарықшақты қол гранатасының радиусының тірі күшті жою қашықтығы 200 м. (Иә, жоқ)
Жауабы: 1 жоқ, 2. Жоқ, 3. Жоқ, 4. Иә, 5. иә
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу, гранаталардың арналуын, құрылысын біліп келу.
[bws_related_posts]