Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Физика-информатика пәнінің мұғалім: Мухатова Ләйлә Шалабаевна
Сабақтың тақырыбы: | Жиым(массив) туралы түсінік | ||
мақсаттары: | 1. Кестелік шамалар, алгоритмдегі кестелік шамаларды Паскалда программалау жолы мен әдісдері туралы түсінік қалыптастыру. ARRAY опреторы арқылы программалауды үйрену, пысықтау.
2. Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орныдау. 3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтау. |
||
көрнекілігі: | Проектор, компьютер,Паскаль редакторы – Паскал АВС, кестедегі оң элементтердің қосындысы алгоритмінің блок-схемасы, | ||
түрі: | Лекция, компьютерде машықтану сабағы. | ||
І | Ұйымдастыру.
(2 мин) |
Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. | |
ІІ | Жаңа сабақ
(15 мин) |
Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:
Натурал сандар тізімі 1,2,3,…,N жазылуы N[1..N] Нақты сандар 2, 3.5, -7,11, 0, 91, 0, 9, -75, 0,…,0.005 NC[1..N] Оқу орындары мектеп, лицей, колледж, университет,…, магистратура ok[1..n] Бұл мысалдарда тізімде кілең біртекті элементтер жазылған. Асты сызылған сөздер тізбектік атауларын береді. Атауды латын әріптер тізбегімен де көрсетуге болады. Сонымен, Жиым деп белгілі атауы бар, біртекті элементтерден тұратын кестені айтады. мұндағы nc[i] –жиым элементі, і – жиым элементерінің реттік нөмірі.Мысалы: nc[3] =>3.5, nc[4..6] =>{0, 91, -75} Кестенің екі түрі бар: Сызытық кесте – элементтері бірінен кейін-бірі (жол бойында) немесе бір-бірінің астына (баған бойына) орналасады. (математикадағы прогрессиялар, оқушылар тізімі…) Тік төртбұрышты кесте– элементтері баған мен жолдың қилысында ұяшықтарда орналасады. (көбейту кестесі, сабақ кестесі…) Біз әзірге сызықтық кесте элементтерін программалап үйренеміз. Паскал тіліндегі жиымдар. Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді …) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны). Бірөлшемді жиымды Паскалда былай жазады: : array [1..n] of <элемент типі> Мұндағы: — жиым (кесте) атауы, 1 алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі, <элемент типі>-integer, real немесе strihg…болатын элемент типі, array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскалдың қызметші сөзі. |
|
ІІІ
|
Сынып жұмысы
(10 мин) |
Есеп. 10 элементтен тұратын нақты сандардың жиымы берілген. (Кестеге қараңдар). Осы кестеде қанша оң сан бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.
Жетелу: 7 оң санба теріс сан ба?, -9 оң санба теріс сан ба?, 5,5 оң санба теріс сан ба?, х оң санба теріс сан ба? (осы жерде оқушылар ойланып қалады…) Математикалық модель. 1. Не белгілі? элемент нөмірі белігілі і- бүтін сан, кесте белгілі nc[1..10] — типі нақты. 2. Не істеу керек? Оң сандар санын табу s — бүтін сан. 3. Қалай есептейміз? Алдымен кесте элементтерін for операторы көмегімен енгіземіз. Тағы да сол оператор көмегімен барлық элементтердің оң екендігін тексереміз. Сонымен i=1 … 10 дейін өзгереді кесте элементтерін енгіземіз Тағыда i=1 … 10 дейін өзгереді, әр жолы егер nc[i]>0 болса s мәнін 1-ге арттырып оштырамыз. Нәтижені экранға шығарамыз. Сонда Pascal ABC-тегі программамыз былай болып шығады. program keste01_54; var nc:array[1..50] of real; i,s:integer; begin s:=0; write(‘арасын бөліп 10 нақты сан енгіз ‘); for i:=1 to 10 do read(nc[i]); for i:=1 to 10 do if nc[i]>0 then s:=s+1; writeln; writeln(‘Кестеде ‘,s,’ оң сан бар’); end. |
|
IV |
Сабақты бекіту
(10 мин) |
Тапсырмаларды дәптерге орындаңдар;
Жоғарыдағы программаны жиымдағы №1. теріс элементтердің санын шығаратындай; №2. 0-дерді санап шығатындай; №3. оң сандардың қосындысын есептейтіндей; №4. теріс сандардың қосындысын есептейтіндей етіп өзгертіңіз |
|
V | Үйге тапсырма
3 мин |
§5.3 оқу: |