Сабақтың тақырыбы: Абай мен Пушкин.
Мақсаты: а) оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру. ә) оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту. б)ұлы ақынның мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Дегенде дүние шіркін өтер, кетер,
Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер?
Қадір тұт, бір – біріңе құрмет көрсет,
Тірлікте сыйластыққа бар ма жетер?
Атам қазақ: «жақсы сөз – жарым ырыс» деген, олай болса, балалар, шеңбер бойымен бір – бірімізге жылы лебіз білдіріп, сабағымызды бастасақ.
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту:
Гонимы вешними лучами,
С окрестных гор уже снега
Сбежали мутными ручьями
На потоплённые луга. Кімнің шығармасы? Тақырыбы.
(Гонимы вешними лучами…) А.С.Пушкин.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Абай мен Пушкин» («Евгений Онегин» романы, «Онегин сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Онегин сөзі», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Татьяна сөзі», «Ленский сөзінен», «Онегиннің өлердегі сөзі»)
Ортақ сұрақ: Абай мен Пушкин өмірі мен шығармашылығы.
Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің (1799 — 1837) ардақты есімі қазақ даласына ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Абай аудармалары арқылы кең тараған.Жай тарап қойған жоқ, ән болып шырқалды. Бұл табысу атақты «Евгений Онегин» романынан басталды. 1887 жылдан аударма саласымен тікелей айналысқан Абай бір – екі жылдың ішінде орыс әдебиетінен 27 – ге дейін аударма жасаған.1889 жылға дейін Орта Азия елдерінде Пушкиннің «Онегині» тек Әзірбайжанда аударылса, содан кейін осы жылы Абай аударған.
Пушкинде көп хаттар жоқ екені белгілі. Хат өлең арнау өлеңнің бір түрі. Қазақ өмірінде өлеңмен хат жазысу ертеден орын алған. Абай Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасын таныстырмақ болғанда, оның түйінді жерлерін бірнеше хат өлеңдері арқылы жеткізеді. Мысалы, «Татьянаның Онегинге жазған хаты, Онегиннің Татьянаға жазған хаты», т.б.
Жалпы роман туралы қысқаша мазмұнын түсіндіру.
Абай аудармасында үш кейіпкер бар. Олар – Онегин, Татьяна және бұл екеуінен төменірек дәрежеде тұратын – Ленский. Абай романды толық аудармаған, бірақ Онегин мен Татьянаның образын толық ашып шыққан.
«Татьянаның хаты» түпнұсқада – 68 жол, 1889 жыл Абай тудырған нұсқада – 76 жол. Қазақ даласында ән боп тарады.
Кезекті оқушыларға беремін. Абай аудармаларын жатқа оқиды.
Шығармашылық тапсырмалар.
- «Сұрақ меннен, жауап сізден»
- Қазіргі заманмен байланысы бар ма? Салыстыр
- Егер Татьянаның орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңіздер?
- «Кейіпкерге хат» (3 үздік хатты талқылау)
- Топтастыру. Оқушылар берілген суреттерді орналастыру арқылы білімдерін жазады.
Маршруттық карта:
А.С.Пушкин 1833 жылы қыркүйек – қазан айларында Петербургтен Орынбор мен Оралға келіп, Жайық пен Еділ аралығын аралап, қазақ жігіттерінң Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқаннын білумен қатар, қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанын дәптеріне жазып алады.
Сабақтың тұлғасы | Сабақтың сандары | Сабақтың тақырыбы |
Онегин, Татьяна, Ленскиий |
Қорытындылау:
«Саты» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Есімде қалған 3 факт
2 қызықты мәлімет
1 сұрақ
«Татьянаның хаты» әнімен аяқтау.
[bws_related_posts]