Басы » Жаратылыстану » Ауа толы айнала

Ауа толы айнала

 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері   Мектеп: КМЛ №5
Күні: 17.11.17   Мұғалімнің аты-жөні : Амангельдиева Ш.Х
Сынып: 2 «А»

Пән:  Жаратылыстану

 

  Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:

 
Сабақ тақырыбы:  Ауа толы айнала  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.3.4 жердегі ауаның қабаты және негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:  Оқушыларға ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы жайында мағұлмат алады

Оқушылардың басым бөлігі: Тірі ағзаларға ауа керек екенін біледі

Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже  Оқушыларға жалпы табиғаттың адам үшін маңызы шексіз екенін түсіндіру және жаратылыстанушы ғалымдармен таныстыру
Бағалау  критерилері Ауа туралы түсініктерін  қалыптастырады.

Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын зерттейді

Тілдік мақсат
Оқушылар «ауа -атмосфера, «ауа, «табиғаттың маңыздылығы  қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.
Құндылықтарды дарыту Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Алдыңғы меңгерілген білім

 

Мөлдір денелер және материалдар
 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі.

 

-Адам әрекеттері ауаны ластайды.

 

 

 

—           Балалар менің қолымдағы қандай зат?

—          Шар?

—          Дұрыс. Оны кім маған үрлеп береді?

(Бір оқушыны ортаға шығарып үрлету)

—          Не байқадыңдар? Бастапқы шармен қазіргі шарда қандай өзгешелік бар?

—          Бастапқы шар кішкентай болған. Ал мына шар үлкен.

—          Неліктен бұл үлкен болды?

—          Себебі біз оның ішіне ауа үрледік.

—          Тамаша. Оның ішін біз ауамен толтырды. Өздерің де сезген шығарсыңдар, сонымен бүгінгі біздің сабағымыз не жайында болмақ?

—          Ауа

—          Дұрыс айтасыңдар. Демек осы сабақта не біліп, не үйрену керекпіз деп ойлайсыздар?

—          Ауа, ауаның маңызы. Оның алатын орны.

—          Дұрыс айтасыздар.  Ал  бүгін бізге өзге ғаламшардан қонақ келмекші. Ол сіздерге өз ғаламшарларыңыз туралы толық ақпарат жазып жіберулеріңізді сұрайды. Демек біздің ауамыз оған қалай әсер ететінін ол алдын ала біліп дайындалуы тиіс екен. Сондықтан мен сіздерді «Әуе шарымен » саяхаттап  ауаның қыр сырын зерттеп келуге шақырамын. Сіздер саяхатқа дайынсыздар ма?

—          Ия

—          Біз саяхатқа аттанбас бұрын ауа туралы не білетінімізді, не білгіміз келетінін алды ала жоспарлап алайық. Ол үшін мына ББҮ кестесін толтырайық.

 

Білемін Білгім келеді  Үйрендім

 

—          Кестемізді толтырып болсақ  әуе шарына рұқсатнама алайық. Сіздерге өзге ғаламшар иесі мынандай тапсырма беріпті.               ( 1 слайд. ) Суреттен не аңғардың? Біздің бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар?

—          Бұл жерде табиғат көрінісі. Ал өсімдіктер ауаны тазартады.

ВИДЕО КӨРСЕТУ . АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ ТУРАЛЫ.

—          Өте жақсы. Олай болса саяхатымызға аттанайық.

Саяхатымыздың бірінші кезеңі «Кім тапқыр?» деп аталады. Яғни алдарыңыздағы құрал-жабдықтармен зертханалық жұмыс жасайсыздар.

1-топ.

Үшке бөлінген шырақты жағады. Біріншісінің үстіне стакан төңкереді. Ал екіншісіне банка төңкереді. Ал үшіншісін ашық қалдырады.

2-топ.

Ауамен толтырылған екі шарды екі жаққа іліп қою және екіншісін жару.  Суды түтікшемен үрлеу.

Күтілетін нәтиже: ауада салмақ бар. Яғни ауа судан жеңіл.

3-топ.

Ішінде кәмпиті бар жылтыр мөшекке ауа толтыру.

Күтілетін нәтиже: ауа түссіз, мөлдір.

 

4-топ

Бос стаканды иіскеп көру. Және лимон салынған стаканды иіскеп көреді. Суы бар ыдысқа бутылканы қсу. Ішінен ауа шариктері шығады.

Нәтиже: ауада иіс жоқ. Ауа барлық  бос кеңістікте орналасқан.

«Сыйлық»  кезеңі.

—          Сиқыр. Сендерге өзге ғаламшар иесі ризашылығын білдіріп сиқырлы қорапша ұсынып отыр. Қане ашып көрейік онда не бар екен. Ішінен стакан шығады. Стаканда не бар деп ойлайсыздар бізге көрінбей тұрған?

—          Ауа?

—          — Қане онда дәлелдеп көрейік. Стаканды суы ыдысқа төңкереміз. Су ішіне толық кірмейді. Себебі бос кеңістіктің бәрінде ауа бар.

—          Мен сіздерге өзім бір сиқыр көрсеткім келіп тұр. Стаканға су құйып бетін қағазбен жабамыз да оны төңкереміз. Қағаз жерге құламайды. Себебі сыртқы атмосфералық қысым басым. Оны ұстап тұр.

Ал балалар ауа туралы осы жинаған мәліметтерімізбен сабағызға қайта оралайық. Бар жиған мәліметтерімізді қағаз бетіне түсіріп өзге ғаламшар иесіне жіберейік. Біздің жердің ауасының  ғажайыбын білсін.

Тапсырма:

1-топ

Ауаның қасиеттерін жаз (кесте толтыру)

Ауаның түсі
Ауаның  исі
Ауаның көлемі
Ауаның  дәмі

 

2-топ

Ауаның ластану себептері неде?

 

3- топ

Ауаны қалай тазартамыз?

Сурет салу.

4 топ

 

??????????????????????????????

Жақсы. Олай болса бүгін сабақтан алған мәләметтермізді, білгендерімізді қағаз бетіне түсірейік. ББҮ кестесін аяқтау.

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?

— Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді бағалайық.

Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Смайликтерді әуе шарына жабыстырады. Бүгінгі сабақта бәрі түсінікті болса әуе шарының үстіне, жартылай түсінікті болса ортасына, мүлде түсінбеген оқушылар әуе шарының түбіне жабыстырады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Таратпа материалдармен жұмыс. Смайликтер. Бас бармақ көтеру әдәсі.

—          Ауаның қандай қасиеттерін байқадың?

—           Ауаны қалай қорғауға болады?

Қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.

Зертханалық жұмыстарда абай болу.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *