Алматы қаласы Әуезов ауданы
№72 жалпы білім беретін мектептің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Едилова Алтынай Төлеқызы
«Тәуелсіз елдің үлгілі отбасы-2016» атты сайыстың сценариі
«Өнегелі отбасынан – үлгілі ұрпақ өседі», — дегендей қоғамды тану сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдарды танудан басталмақ. Ал, адамды танудың жолы – ол өмір сүрген отбасы, ошақ қасы оған қандай тәрбие берді, соған көңіл аударамыз. Яғни, ізгі адам өнегелі, ізгі отбасының – жемісі.
Адам миллиондаған жасушалардан құралатыны сияқты, мемлекетте миллиондаған отбасылардан құралады. Егер де жасуша-клеткасы сау адам – тыныш-бейбіт, ауырып-сырқамай өмір сүретіні сияқты, отбасылары тәлімді мемлекет ешқандай бүлік-тартысқа ұрынбай, бейбіт түрде өмір сүреді. Ондай елде, қорқыныш, үрей аз болады.
Бақытты отбасын құру екі-ақ адамның қолынан келеді. Бірі – отағасы да, екіншісі – отанасы. Яғни, үйдің – ері мен әйелі. Олүшінбұлекітұлғаныңболмысыбүтін болу керек. Яғни, екеуі де иманды, парасатты, отбасылықөмірдімемлекеттіңнегізідепқарайтын, әріісінеадал, күнделіктітірлігінехарамзатқолданбайтын, көршініңхақысынаұқыпты, ағайын-туғанғақайырымды, бір-бірінебауырмал, жәрдемшілдігіменерекшеленуікерек.
Бойына имани болмыс, адами тәрбие толық сіңбеген жарткеш бала, Абай атамыз айтқандай, «не өзі адам боп жарытпайды, не саған жақсылық көрсетпейді…». Ол, ол ма, тәрбиесі кем жартыкеш бала, көршінің баласын бүлдіреді, ол, екінші көршінің баласын өзгертеді, сөйтіп, бір жартыкештің кесірінен күллі ауыл өзгереді.
Айталық бұрынғылар: «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол, қызың өсе қызы жақсымен көрші бол» деп бекер айтпаған. Осы сөздің өзі-ақ мемлекет ұстанымының негізі. Олай болса,мен сіздерге мектебіміздің үздік отбасыларымен өткізілген «Тәуелсіз елдің үлгілі отбасы-2013» атты сайыстың сценариін үлгі ретінде ұсынамын.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз көктемнің алғашқы мерекесімен
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
1-жүргізуші:Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да көктемнің алғашқы мерекесі8-наурыз халықаралық әйелдер күні келіп қалды.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де отбасындағы аналарға арналады.
Мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Тәуелсіз елдің үлгілі отбасы-2013» атты сайысына қош келдіңіздер.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!- деп, бүгінгі байқауымызға қатысатын отбасыларды қарсы алайық!
1 — ші отбасымыз Ринатовтар отбасы
2 — ші отбасымыз Кәрібаевтар отбасы
3 — ші отбасымыз Өміржановалар отбасы
4 — ші отбасымыз Оңлановтар отбасы
5- ші отбасымыз Сейтқамза отбасы
2-жүргізуші: Бүгін мереке баршаңызды және сайысқа қатысушы отбасы аналарын шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз. Бұл сайыста әрбір отбасылар өз өнерін және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
Сіздерден өскен балалар.Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар, – дей келе сайысымызды ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Білім беру ісінің үздігі Дүйсебаева Айман Мәмбетәліқызына беріледі.
1-жүргізуші
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
«Үлгілі отбасы» деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал отбасыларға тек сәттілік тілейікші!
2-жүргізуші:
Алдымен сайыскер отбасыларымыздың бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
1.Сариева Гүлзира Молдабайқызы – мектеп директоры
- Оразымбетов Бақытбек Әлдибайұлы – музыка пәні мұғалімі
- Закирова Сания Хабдулманатқызы — оқу ісі жөніндегі орынбасары
2-жүргізуші: Енді, баршаңызды сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1-жүргізуші:
Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, – дей келе сайысымыздың алғашқы шарты «Сәлемдесу ата-салттың дәстүрі» таныстыру бөліміне кезек береміз.Отбасыларды ретімен шақыру.
1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.
2-жүргізуші:Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын,сырын көруге
Көкірегінде болсын көз,- деп Абай атамыз айтқандай
Келесі 2 – бөлім. «Білімдіге дүние жарық» /сұраққа жауап беру/ деп аталады. Бұл бөлімде әр отбасына 2-сұрақтан беріледі. Ал отбасы мүшелері бірігіп жауап береді. 1-сұрақ ұлағат сөздердің тәрбиелік мағынасын түсіндіру, 2-сұрақ салт-дәстүр жайында болмақ. (сұрақтарғаұяшықты таңдау арқылыжауап береді).
1-жүргізуші:
Қазақ халқы өнегелі ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,
Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.
Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,
Өнерлерін көрсетеді сіздерге,- 3-сайысымыз «Өнер сайысы» күй, ән,би, көркем сөз оқу/
Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. «Өнер алды – қызыл тіл»деп түсінген ата-бабаларымыз «от ауыз, орақ тілді» шешендердің өсиет сөздерін, мақал-мәтелдерді қосып сөйлеуді ұрпақ тәрбиесінің құралы еткен. Олай болса, 4-сайысымыз «Тіл өнері» сайысына кезек береміз. Бұл сайысымыз да билет алу арқылы жүргізіледі. Әр билетте 3 мақалдан берілген, мақалдың сыңарын табу керек.
2-жүргізуші: Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып, — дегендей үй тапсырмасына кезек берейік.
5-ші сайысымыз «Ас- адамның арқауы» үй тапсырмасы: / қызы 1 ұлттық тағам түрімен таныстырады/
1-жүргізуші:Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағыриза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2-жүргізуші:6-сайысымыз: «Болашағымыз білімді жастардың қолында» балаларға тапсырма беріледі, аналарына мерекелік құттықтау тілек айтады.
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, — деп бүгінгі
сайысымызда өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші:Қорытынды сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. Жеңімпаз отбасы мектеп директорының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Бас жүлдені»
Өміржановалар отбасы жеңіп алды,марапаттау сәті
[bws_related_posts]