Басы » Tәрбие сағаттары »  Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

 Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Тақырыбы:  Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Тәрбие сағатында қолданылатын оқу құралдары: Қанатты сөздер жазылған плакаттар, ішіне қырық тілек жазылған түрлі-түсті қырық шар, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру.

Құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!.

Сабақтың барысы:  

1-жүргізуші. Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші. «Сәлем-сөз анасы»  демекші, армысыздар ағайын!

1-жүргізуші. «Бір күн таныстыққа қырық күн сәлем» деген, біз осы қай жерде тұрмыз?

2-жүргізуші. «Мектеп-ғылым патшасы» емес пе, біз

1-жүргізуші. «Миуалы ағашқа барлығы да қарайды» дегендей, бұл ауданымыздағы тұңғыш темір жол мамандарын дайындайтын екен ғой.

2-жүргізуші. «Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы». Ендеше бұл оқу ордасын ертеңгі болашақ – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің құттыхана мешіті десе де болады.

1-жүргізуші. «Жас келсе – іске » демекші, талантты жас ұстаздар көрінеді. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген сөз бекер айтылмаған – ау, сірә.

2-жүргізуші. «Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, ақылсыз басшың болса, елдің соңы боларсың» дегендей, лицей басшылығына ел дән риза.

1-жүргізуші. Біз осы мақал – мәтелдер сайысында тұрған жоқпыз ба?!

2-жүргізуші. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демей ме, қара қылды қақ жарған Әйтеке би, Төле би, Қазбек билердің ұрпағы емеспіз бе?

1-жүргізуші. «Атаңнан қалған теберік, сақтау орны тым берік» . Ендеше ұлы баларымыздың өсиет сөздерімен егемен ел болғалы сусындап келе жатырмыз – ау шамасы.

2-жүргізуші. Сен білесің бе, қазақта «Сөздің көркі – мақал » деген ұғым бар.

1-жүргізуші. Білемін. Ал сен білесің бе, мақал – мәтелдердің қай – қайсысын алсақ та, замана қиындықтарын танытарлық құдірет бар.

2-жүргізуші. Мақал – мәтел, ақыл – нақыл сияқты аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен, кейбір мақал – мәтелдердің шығу тарихы жайлы аңыздар аз емес.

1-жүргізуші. Демек, мақал – мәтел, ақыл – нақыл аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс – ау.

2-жүргізуші. Мына сұраққа жауап берші: дүниеде өтелмейтін неше парыз бар?

1-жүргізуші. Білемін. Үш парыз. Олар:1) ата – ана алдындағы; 2) ұстаз алдындағы; 3)көрші алдындағы парыз.

2-жүргізуші: Сары үрпек балапандай жапырласып,

Алғаш біз мектеп кірдік есік ашып

Күлімдеп өзің сонда қарсы алғансың,

Еппенен әр жүректің кілтін басып

Жылынған қызғалдақтай күн көзіне,

Жаутаңдап қарайтын ек біз өзіңе

Ержетіп біз де сондай болсақ  дедік

Еліктеп қимылыңа, мінезіңе

Сонда да қажымадың, қамықпадың,

Сонда да мәпелеуден жалықпадың

Күнде ойлап келешегін әр бөбектің

Арманның қанатында қалықтадың.

1-жүргізуші:Ақкөңіл ізгі қамқоршым,

Ақылшым,асыл,ұстазым!

Ашып тұр Отан құшағын,

Алғыспен оны құшамын.

Ұстазым, маған, сене бер,

Биікке талмай ұшамын.

Бар баланың сенгені өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын, ұстазым, жемісіңіз

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз

Оқушы:Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл — фараби, Омар Хаям, Абай да.

( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылды
Л — лайықты
І — іскер
М — маман

Оқушы. Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

Оқушы: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Оқушы: Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Оқушы:  Ұстаздар, жан, анамдай аялаған,
Көлеңкелі бәйтерек саялаған.
Айналдық, мейрімді жүрегіңнен,
Шәкірттерден өз бақытын аямағанІ

Оқушы:  Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
2-жүргізуші: Ұстаз — өз уақытын аямаған,

Өзгенің бақытын аялаған,

Ұстаз – деген күн нұрымен пара – пар.

Жүрегінен мейірім, шуақ таралар.

Шәкіртімен мадақталып, мақталып

Тек шәкіртпен биіктерге бара алар.

1-жүргізуші:Мұғалім – ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың,

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас балалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылды еңбегіңді

Ақылшым, тәрбиешім сен ғой ұстаз!

2-жүргізуші: «Ұстаз – ұлылық, шәкірт – мәңгілік» Ұстаз! Осы бір сөз әрбір жас өріннің көңіліне ыстық. Олай болса мұғалім, ең жауапты міндет орында. Ол адамды қалыптастыратын мәңгі нұрдың егесі. Сондықтан да мұғалім – мектептегі басты зор тұлға.

1-жүргізуші: Әр шәкірттің сезімі бір, әні бір,

Шаттық пенен қайғы, мұңға жаны бір.

Балғын шәкірт жүрегінен жол тапқан,

Ұстаз бенен мейірімнің мәні бір.

2-жүргізуші: «А» әрпін алғаш рет үйреткен

Оқушысын еркелеткен, билеткен

Білім менен тәрбиенің ордасы

Мектебіме бас иемін ізетпен

Мектеп – ана қанатымды шыңдадың

Сырын аштың сыр сандықтай шыңдардың

Дәл сол үшін әлі саған қарыздар

Оқып жүрген ұлдарың мен қыздарың.

1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің алтындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.

Соңы.

2-жүргізуші:Сырымды менің бес саусақтай біледі,

Бір мен үшін бөлек жаны, жүрегі.

Ұстаздан асқан қамқоршы жанды көргем жоқ,

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.

1-жүргізуші: «Білімді бол, оқы, үйрен», -деп  өсірді,

Жақсылыққа баулып та жүр не түрлі.

Бала үшін бәйек болған күн – түні,

Құрметтейік, «Ұстаз» деген есімді.

2-жүргізуші:Жарқылдап тойға келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар.

Қол жетпес арманды іске асырғандар.

Ұстаздар асыл жандар, асыл жандар!

1-жүргізуші: Өміріне серік еткен үмітті,

Еңбегімен еліне ол сүйікті.

Өзгелердің бақыты үшін  тер төгіп,

Өзгелерге тілеп жүрер биікті.

Бірге:

Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшін

Кешірімді мінездеріңіз үшін

Мазасыз күндеріңіз үшін

Біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін

Қашанда қарыздармыз.

Мұғалімдер қауымы!
Қадірменді ұстаздар осымен сіздерге арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Мерекелеріңіз мерейлі, абыройларыңыз жоғары болсын, қадірлі ұстаздар

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *