Пән: Математика
Күні:10.10.2017 ж |
№62 мектеп-лицей | ||||
Сынып: 2 «Ә» | Мұғалімнің аты-жөні: Абилдаева А | ||||
Қатысқандар саны:24 Қатыспағандар саны: 0 | |||||
Сабақтың тақырыбы | 100 көлемінде ауызша қосу және азайту | ||||
Оқу мақсаты | 2.1.2.6.Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту. | ||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар үшін:
Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу жəне азайтуды орындайды. Бірқатар оқушылар үшін: Ережені түсіндіру: бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады. Кейбір оқушылар үшін: Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу жəне азайтуды жылдам орындайды. |
||||
Бағалау критерийлері | Екі таңбалы сандарды оқиды және жазады.
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді. |
||||
Тілдік мақсат | Оқушылар үшін: ережені түсіндіру, яғни бірліктерді бірліктерге қосады,бірліктерден бірліктерді азайтады. Ондықтарды ондықтарға қосады,ондықтардан ондықтарды азайтады.
Пəндік лексика мен терминология: бір таңбалы сан, екі таңбалы сан,қосу кестесі, ондық, бірліктер, қосу жəне азайтудың компоненттері, қосу мен азайтудың байланысы. |
||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыс | Сергіту сәтін өткізіп, дене шынықтыру пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||
Алдыңғы білімдер | Түзу және кері ретпен бірліктермен, ондықтармен, екіліктер мен санайды; біртаңбалы, екі таңбалы сандарды қосу мен алуды орындай біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар | |||
Сабақтың басы
|
Оқушыларды сандар арқылы топтаймын.
Яғни, 5,14,100 сандарын қима қағазды тарату арқылы топтастыру Ойын: Оқушыларға кімнің орындығының артында қызыл қағаз болса, сол оқушы тақтаға шықсын деп 9 оқушыны тақтаға шығарамын.Әр топтан 3 оқушыдан шығады. 1-топқа -12 ; 2-топқа – 14; 3 — топқа — 18; сандарының құрамын әр топ өздері табады. Оқушыларды бағалау (Смайлик арқылы) |
Ресурстар:
Сандар қатары
Смайлик |
|||
Сабақтың ортасы
|
Мақсат қою (проблемалық жағдаят).
Өрнектер көрсету: 35+3, 38–3, 40+34, 74–40 • Неше таңбалы сандар? • Разрядқа жікте • Разрядқа жіктей отырып, амалдар таңбасы арқылы атау.
Мұғалім түсіндірмесі: 35+3= 30 + (5 + 3) = 38
30 5 Ортақ ереже шығарылады: Бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерді бірліктерден азайтады. Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады. 1-тапсырма: (Жұптық жұмыс) «Қарлы кесек» арқылы оқушыларға есептеуді ұсыну: Өрнекті жұптаса отырып орындау. Келесі топ мүшесіне «Қарлы кесек» арқылы лақтыру. «Қарлы кесекті» алған оқушы разрядқа жіктеу арқылы оқу. 14+2 35+20 17+2 16-2 24-2 98-20 Оқушыларды бағалау. (Бармақ белгісі) Сергіту сәті. «От шашу» 2-тапсырма. (Жеке жұмыс) Жаңаны қолдану. Оқулықтағы №4 есепті шығару кезінде өтілген тəсілді қолданады. Есептерге талдау жасау а) Оқушылар аналарына тəтті тоқаш пісіруге көмектесті. Əлия 23 тоқаш, ал Сырым одан 5 тоқаш артық пісірді. Сырым қанша тоқаш пісірді? ə) Оқушылар 38 тəтті тоқаш пісірді. Анасы 40 тоқаш пісірді.Оқушылар анасына қарағанда неше тоқаш кем пісірді? б) Оқушылар 25 тоқаш пісірді. Анасы 45 тоқаш пісірді. Анасы оқушыларға қарағанда неше тоқаш артық пісірді? Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі: Дескриптор Есепті оқи аламын; есептің шешуін анықтаймын; өрнек жазып, жауабын айтамын. |
слайд
Өрнектер жазылған кеспе қағаздар, А4
Кеспе қағаздар, бояу қалам,А4 |
|||
Сабақтың соңы | Рефлексия. |
Кеспе қағаздар, бояу қалам |
|||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қиналатын оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Санауға қиналған оқушыларға сандық сәулені қолдануды ұсыну. | Мадақтау айту, комментарий беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. | Белсенді тақтаны шектеулі уақыт ғана пайдалану. | |||
Ілмек100 көлемінде ауызша қосу және азайту ҚМЖ
Біздің математика сабағына қатысқым келнді сіздер жақмы миды дамытасыздар