Кіріспе
Павлодар облысы аса ірі өзен болып табылатын Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. 1938 жылы қаңтар айында құрылған.Облыс орталығы – Павлодар қаласы.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Омбымен, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Табиғи және мәдени-тарихи қорлары, Павлодар облысының географиялық қолайлы жерде орналасуы экономикалық, балалар мен жасөсіпірімдерді емдеу және сауықтыру, ғибадат ету, өзен туризмін дамытуда әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңінен ашады.
Облыста 92 турфирма, 82 турагенттік және 10 туроператорлар ресми түрде тіркелген. 60 орналастыру объектілері жұмыс істейді.
Павлодар облысының табиғи ескерткіштеріне:
- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы;
- Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорығы;
- «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты;
- «Қаз қайтуы» республикалық табиғи палеонтологиялық ескерткіші;
- «Ертіс өзенінің жайылмасы» мемлекеттік табиғи қорығы жатады.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Баянауыл өңірі – климаттық-курорттық елді мекен, онда 1985 жылы Баянауыл табиғи саябағы құрылды. Басты мақтанышы оның табиғаты болып табылады.
Ұлттық саябақтың жалпы ауданы 68452,8 га құрайды, соның ішінде 12927 га орманды болып келеді. Ұлттық саябақ аймағы үш филиалға бөлінеді: Баянауыл – 19028 га, Жасыбай – 22094 га, Далба – 8596 га.
Баянауылдың өсімдіктер дүниесі тамырлы өсімдіктердің 474 түрін қамтиды. Осы өңірде барлық бореалды реликтің 51 түрі табылды.
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі
1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданыныңа умағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау»қаумалы қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.
Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.
- Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,
- Жасыбайорманшылығы — 22 904 га,
- Далба орманшылығы — 8 596 га.
- Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га
Гусиный перелет табиғат ескерткіші
«Гусиный перелет» неоген кезеңінің бай жануарлар әлемінің Палеонтологиялық орнының ашылуы (25 — 2 млн. жыл) Павлодар Ертіс өңіріне бұрынғы Кеңес Үкіметінің палеозоологтарын Павлодар Ертіс өңіріне әкелді. Өкінішке орай, барлық табылған палеомәлімет ғалымдармен әкетілетін болды, себебі біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болған жоқ, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттеліп, сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми мекеме болған жоқ.
«Қаз қайтуы» табиғи ескерткіші
Ескерткіш Павлодар облысында, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстігінде, темір жол көпірінен 500 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ескерткіш 1928 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орловпен ашылғаннан кейін, бұл жерде 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазбалар жүргізілген.
Шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын
Баянауыл — бұл шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын. Тау жартастары мен жоталары өсімдіктің көптілігімен және бірі біріне ұқсамайтындығымен таң қалдырады. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді. Туристік сүрлеумен жүріп, осы өлкенің қарттарымен танысып, сөйлескеннен кейін Сіз Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі жері туралы ойыңызды кеңейтесіз
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі
Қара суық пен Жаңажол елді мекендерінің арасында Ескерткіш орын бар — Ескелді төбесі бар, орыс тіліне аударғандағы мағынасы иесі келді — хозяин пришел деген мағынаны білдіреді. Осы жерде өз өмірінің соңғы үш жылын қазақтың ұлы баласы, ақын, ағартушы, фольклор жинаушы Мәһшүр Жүсіп Көпеев өткізген. Бұл жердегі дөңде оның кесенесі орналасқан
Көпеевтің есімі елде тек ақын, фольклорист, тарихшы, этнограф, философ ретінде ғана аян емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш
Ақынға ескерткіш қоладан, тұғыры қызыл және қара граниттен дайындалған. Ескерткіш қарағайдың жанында тұрған ақынның қола бейнесін береді. С. Торайгыров жастарға тән ақын-лирик және сапалы – қиялшы бейнесінде берілген. Трагизм элементтері тұғырдың шешімдерін толықтырады – қызыл және сұр граниттердің тоғысуы, пирамида түріндегі екі үлкен емес архитектуралық формалар.
Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты
Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің архитектуралық ғимараты көркемдігі және айбындылығымен таң қалдырады. Қаланың бас мешіті қаланың барлық жақтарынан жақсы көрінеді. Шаңырақ түріндегі көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралар мен зор баспалдақтар – жаңа мешітті ерекшелендіреді.
Благовещенск кафедралы соборы
1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады
Шалдай қарағайлы тоғайы
Шалдай қарағайлы тоғайы – Ертіс Павлодар өңірінің басты көз тартарлық жерлерінің бірі. Планетарлық ауқымдағы табиғат ескерткіші – ғарыштан түсірілген фотосуреттерде олар Обь пен Ертіс атты қос өзеннің арасында жіңішке және ұзын (жүздеген шақырымға созылған) қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек – Семейге өте жақын, екіншісі ауқымдырақ – Ертіс деп аталады – Павлодар облысында.
Павлодар облысының геологиялық объектілері
Облыс аумағында республикалық және халықаралық мәндегі мемлекеттік табиғи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құнды болып табылады, және ерекше табиғи қорғалатын табиғи территория санатына енген. Республикалық мәндегі объектілерге: Драверта үңгірі, Құмыра үңгірі Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулибұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері шатқалдары, Рахай және үшсала шатқалдары.
Мемлекеттік табиғи қорық – Қызылтау
Мемлекеттік табиғи қорық — Қызылтау – Баянауыл ауданының Оңтүстік-батысында Сарыарқаның Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы көлемі 60000 га. Сирек кездесетін жануарлар түрлері мен олардың мекен ету жерлерін жүзеге асыру және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аудандастыру жүйесіндегі жағдай – шөлейтті ландшафты аймақ.
Павлодар облысы халықаралық курорт дәрежесіне сай келе алатын аймақтардың көптігімен ерекшеленеді. Тұзды Маралды көлінің сазы мен шипалы суы көптеген ауруларды емдей алады
Зоологиялық қаумал — Ертіс жағалауы
«Ертіс жағалауы» мемлекеттік зоологиялық қаумалы сол жақ жағалаудың 1-ден 10-12 км-ге дейінгі жерін, ал оң жақ жағалаудың 4-тен 6 км-ге дейінгі жерін алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 маусымынан №877 «Мемлекеттік қорықшалар мен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері туралы» қаулысымен «Ертіс жағалауы» қаумалы (кешенді) бекітілді. Ертіс жағалауы Павлодар облысының территориясында, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде орналасқан.
Қорытыныды
Қорта айтатын болсам қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы — Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи Палеонтологиялық ескерткіш бар. Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.
[bws_related_posts]