«Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» атты әскери- патриоттық
іс шара бағдарламасы
Мерекелік шараның мақсаты мен міндеті:
— Оқушылардың АӘД пәніне деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген махаббатын ояту, еліміздің патриоты болуға үндеу.
Мерекелік шараның ашылу салтанаты.
Бөлімшелерді сапқа тұрғызу. Дайындығын тексеру,қонақтарды күтіп алу.
1-бөлім: Әскери патриоттық клуб жетекшісінің мектеп директорына баянат жасайды.
«Директор мырза! мектеп оқушыларынан құралған «Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшелері әскери ант қабылдауға сапқа тұрғызылды, Мергендер әскери- патриоттық клуб жетекшісі__________________________________________
Амандасу. «Сәлеметсіздер ме! «Жас мергендер» деп амандасады,
оқушылар «Сәлеметсіз бе! директор мырза» деп барлығы бір дауыспен амандасады.
Құттықтау сөз.
«Мергендер» әскери патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсіммен» құттықтаймын! Оқушылар қосылып бір дауыспен «УРА , УРА , УРА» деп созыңқы дауыспен үш рет айтады.
Тудың енгізілуі.
Әскери патриоттық клуб жетекшісі:
«Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшелері түзел, тік тұр!
Ортаға мемлекеттік туымыз енгізілсін!
І жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Мемлекеттік ән ұран орындалсын
Қ.Р-ның әнұраны.
Ән ұран орындалады.
Әнұран ойналып болған кезде «Мергендер» ӘПК жетекшісі: «ЕРКІН ТҰР» деп пәрменін береді. Оқушылар оң немесе сол аяқтарын босатып саптық жарғы тәртібін сақтап тұрады.
ІІ жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Қарулы Күштеріміздің құрылуына 25 жыл,Семей қаласы № 21 жалпы орта білім беретін мектебімізге 25 жыл толуына арналған, «Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» атты әскери- патриоттық іс шараға қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшесі қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
ІІ жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін шақырылған қонақтар,ұстаздар және оқушылар «Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшесіне қабылдау рәсімінде куә болып отырсыздар.
І жүргізуші:
«Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!»атты әскери-патриоттық іс шараға арналған салтанатты жиынымызға құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:
Қалалық Қорғаныс істер жөніндегі басқармасынан келген қонағымыз___________________
Таджик ауған соғысы ардагерлері: __________________________________
Қарулы Күштер ардагері:__________________________________________________
Қалалық білім бөлімінің әдіскері:_________________________________________________
«Балалар мен жастардыңшығармашылық сарайы»әскери патриоттық тәрбие беру жөніндегі бастығы: ______________________________________________________________
ІІжүргізуші:
Тәуелсіз Отанын қорғау әр жас ұланның борышы. Уақыт өте келе заман талабына сай ер — жігіттердің көзқарастары өзгергенімен, ең маңызды Отан қорғаушы, әскери борышын батылдықпен орындау құндылығы еш өзгермейді.
2-бөлім: Құттықтау сөзі: Мектеп директоры ________________________ мырзаға беріледі
І жүргізуші:
Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен.
Думанды ауыл, саялы қалаларда,
Сыйласып бір- бірімен күні өткен дей отыра сөз кезегі келген қонақтарымызда
____________________________________________________________________________
Ән орындалады.
Қонақтарымыздың құрметіне _____сынып оқушысы _____________________ орындауында
_________________________әні
ІІжүргізуші:
Құрметті қонақтар,оқушылар және ұстаздар !
«Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!» атты әскери- патриоттық іс шара бағдарламасын таныстыру үшін:
3-бөлім:
Сөз кезегі: «Мергендер» әскери- патриоттық клуб жетекшісі____________________ беріледі
Клуб мақсаты, клуб міндеттері, іске асыру жолдары ,бағдарламамен таныстыру.
«Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшелері түзел, тік тұр!
Бөлімше командирлері бүгінгі «Мергендер» әскери патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсімі дайындықтары туралы баянат тапсыруға дайындал.
Ант қабылдау рәсімі келесі жоспар бойынша өткіземіз:
1-бөлімшеден бастаймыз
Бөлімше командирі өз бөлімшесінің жанында әскери- патриоттық клубтың анттың мәтінін дауыстап оқиды, бөлімше соңында созып «ант етеміз,ант етеміз,ант етеміз» деп ант қабылдау рәсімін аяқтайды.Осылай соңғы бөлімше ант қабылдағанша қайталанады.
1- бөлімше ант қабылдау іс шарасына кіріс!
Әскери ант қабылдағаны туралы баяндама
Директор мырза! «Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшелері әскери ант қабылдады
Әскери клуб жетекшісі: _______________________________________
Құттықтаулар
Сіздерге еліміздің патриоты болуға, оқуда озат болып өсулеріңді тілеймін. Дендерің сау болсын. «Мергендер» әскери- патриоттық клубының толыққанды мүшесі болуларыңмен, құттықтаймын.
Оқушылар: қосылып бір дауыспен «УРА , УРА , УРА» деп созыңқы дауыспен үш рет айтады.
ІІ жүргізуші:
Жас ұландар болашағы елімнің
Тәуелсіздік туын көкке шырқаған
Тұрар алдында азаматтық борышы
Күн көзінде мақтанып нұр шашқан
Көркем сөз.
Арнайы өлең жырларын дайындаған екен,
Орындайтын ______сынып оқушысы_____________________________
І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Біз «Мәңгілік ел» Ұландарымыз!»деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа деп«Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшелері қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды 4-ші бөлім бастаймыз
4-бөлім:«Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» атты әскери-спорттық жарыс
ІІ жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Жарысқа аттанайық бәріміз!
І. жүргізуші: Ал, енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
__________________________________________________________________________
ІІ. жүргізуші:
Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз!.
І. жүргізуші:
Оқушылар жетекшілерімен қосылып,
отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткендер.
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен, келіңдер!
ІІ. жүргізуші: Ортаға әр сыныптан 5 оқушы құралған, сайысқа түскелі тұрған бөлімшелерімізді таныстырамыз:
8 «а»сыныбы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Әскер» бөлімшесі
8«ә» сыныбыТалғат Бигельдинов атындағы «Сұңқар»бөлімшесі
8«б» сыныбыНүркен Әбдіров атындағы «Қайсар»бөлімшесі
9 «а» сыныбыҚасым Қайсенов атындағы «Сарбаз»бөлімшесі
9 «ә» сыныбыҚайрат Рыскулбеков атындағы «Қыран»бөлімшесі
10 «ә» сыныбыБауыржан Момышұлы атындағы «Батыр»бөлімшесі
6бөлімше,ойын алаңына барып орналасады.
І. жүргізуші:
Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, ұстаздар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Бүгінгі «Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!»
атты спорттық ойынымызды бастайық.
Сөз кезегі: «Мергендер» әскери клуб жетекшісі ______________________________ беріледі
1-Кезең: Таныстыру
ІІ. жүргізуші:
Өз бақтарын сынағалы тұрған әр бөлімше өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
1-бөлімшеден бастаймыз
Әділ – қазылардың шешімі
Сонымен, кезекті әділ — қазылардың шешіміне берсек.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан — байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз — дей келе барлықтарыңызға рахметімізді айтамыз. Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін,алғысымыз шексіз.
«Мергендер» әскери- патриоттық клуб мүшелерінің және келген қонақтар мен ұстаздардың құрметіне ән__________________орындайтын _____сынып оқушысы___________________
5-бөлім:Марапаттау
І. жүргізуші:
Бүгін менің мектебімде думанды күн
Тойлаймыз мектебіміздің 25 жылдығын.
Жер шарына дауыстап ұран айтам.
Тыңда дүние,бар ғалам,бар адамзат- деп
І-II жүргізуші: Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!
[bws_related_posts]