Басы » Алғашқы әскери дайындық » Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру

Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру

Ашық сабақтың тақырыбы: Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу

тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беруге жаттықтыру,меңгерту,  үйрету.

Дамытушылық: Саптық тұрыс,сапқа тұр!,сәлемдесу пәрмендерін орындау дағдыларын дамытуды жалғастыру

Тәрбиелік: Отанды,жерін елін қорғауға деген патриоттық сезімін аттыруға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау туралы біледі.
  2. Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін үйрене алады.
  3. Саптық дайындық не үшін қажеттігін сезіне алады.
  4. Уақыты: 45 минут.
  5. Өткізілетін орны: Мектептің спорт залы,саптық алаң
  6. Өткізілетін күні: 22.04.2017 ж
  7. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,ҚР ҚК саптық жарғысы,саптық дайындық бойынша слайдтар,“Саптық дайындық” оқу видеофильмі
  8. Оқыту әдісі: Әңгімелеу,көрсету,практикалық жұмыс,жаттығу,сұрақ қою.
  9. Сабақтың барысы:
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

30 сек.

Тағылым: Тыңдағанға ғибарат,іздегенге ғылым

Өсиет: Оқушым,саған айтамын өсиетін дананың,білімдіні таны да сонынан ер қарағым

Адамдық ар: Жүрегінен бастау алатын ізгілік бұлағы,мұғалімнің оқушыға қоятын сұрағы.

Ұйымдастыру кезеңі.

2.30 минут

—          Взвод командирінің баяндауын қабылдау;

—          Оқушылармен сәлемдесу;

—          Оқушылардың  сырт көрінісін тексеру;

—          Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

—          АӘД пәні сабағы кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесі туралы бұйрық

Үй тапсырмасын  тексеру кезеңі.

8 минут

Саптық элементтері туралы слайд арқылы сұрақтарға жауап беру 1-2-3 ші бөлімше, 18 сұрақ, әр бөлімшеден 3- оқушыдан  жазбаша түрінде жауап береді.
  Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті Күтілетін нәтиже
Білу

5 минут

Оқушыларға саптық дайындық бойынша үшінші фильмді көрсету Бөлімшелер бойынша мұқият тыңдап ,өз ойларына сақтайды,іс жүзінде жаттығу жасайды. Ойлау белсенділігі артады,бүгінгі жаңа тақырыпқа өз ойларын қосады
Түсіну

5 минут

Электронды оқулықтан саптық дайындық бойынша ақпарат беру

 

Оқушылар саптық дайындық бойынша   ақпаратты  мұқият тыңдап ,жұмыс дәптерлеріне жазады Оқушылар тақырыптың мазмұнын білу керек,сондықтан ізденеді,бір бірімен ынтымақтаса отырып,саптық дайындыққа қызушылығын білдіреді
Қолдану

 

10 минут

Оқушыларға бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу

тəсілдерін орындайды,

8-санау бойынша жаттығуларын

үйрету

 

Оқушылар бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу

тəсілдерін орындайды, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру

пәрмендерді орындайды

Мақсатқа жету үшін өз бойындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады,

жинақтайды,

ұмтылады

Ой қозғау

Әр бөлімшеге

3 минуттан

9 минут

 1-бөлімше

бір орында   сəлемдесу

тəсілдерін  туралы жауап береді

2-бөлімше

Қозғалыс кезінде сəлемдесу

тəсілдерін  туралы жауап береді

3- бөлімше

Саптық дайындық оқушыларға қандай әсер етеді,неге үйретіп, шыңдап, нығайтады.

Оқушылар  кітап бойынша бір орында сәлемдесу,пәрмендері туралы айтады

 

 

Ол  кітап бойынша жұмыс жүргізеді,саптық орындалуы,пәрмендер туралы .

 

Кітап бойынша жұмыс жүргізеді

Бөлімше талқылауға салады,ізденеді,өзгелерді тыңдай отырып,өз білімін толықтырады,мағынасын түсінеді.
Жинақтау

1 минут

        —толық түсіндім

       — орташа түсіндім

— түсінбедім

Бөлімшелер сабақтағы білімдеріне талдау жасайды,Өзін өз бағалайды.

 

 

 

Ойлану арқылы алған білімдерін саралайды
Қорытындылау

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға сұрақтар қою

Сабақтың қортындысын шығару

а)  Орында тұрғанда және қозғалыста баскиімді киіп,баскиімсіз әскери сәлемдесуді беру туралы айтыңыздар?

Оқушыларды бағалау

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарғы жетістікке жеткен оқушы саптық дайындық туралы ойларын қағаз бетіне түсіреді.
Рефлексия

0.5 минут

Сабақтан алған әсерлерін оқушылар көңіл күйді білдіретін смайликтер іледі/ бөлімше командирлері арқылы
Үй тапсырмасы:

0.5минут

 202 бет §3

 

Оқушылар өз бетінше саптық сәлемдесу жаттығуларын жасайды.  

АӘД пәні оқытушы ұйымдастырушы:                              Б.Құрманов

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *