Басы » Дене шынықтыру » Жеңіл атлетика.   4х100м-ге эстафета жүгіру

Жеңіл атлетика.   4х100м-ге эстафета жүгіру

 

Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің                                                  

  дене шынықтыру пәнінің                                                              

мұғалімі Намысов Нұралы

 

 

Дене тәрбиесі сабағының 6в                                                                   

сыныбына сабақ жоспары

 

 

 

Өткізу күні: «24» қыркүйек 2012 жыл.

Сабақтың тақырыбы:   Жеңіл атлетика.   4х100м-ге эстафета жүгіру

Сабақтың мақсаты:

Өмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс-әрекетін еркін                                           меңгеру үшін қажетті білім беру.

 

Сабақтың міндеттері:

  1. Жаттығу техникасын үйрету: Оқу сабағына кіретін жаттығулар құрамына үйрету.

 

  1. Жаттығу техникасын қайталау: Мұғалімді тыңдау, жаттығуды орындау, орындау техникасын бақылау, көрген немесе естігенді                                             түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын құру, оны                                                 орындау, өз әрекетін бақылау

 

  1. Жаттығу техникасын жетілдіру: Сабақтың міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру, жаттығушылардың әрекетін бақылау,                                      қателерін түзеу, орындауын бағалау, баға қою, талдау, жүктемені                                    реттеу т.б.

 

  1. Дене қуаты қасиетін дамыту: Физиологиялық, психологиялық үрдістермен жаттығушылардың көңіл – күйлерінің жағымды дұрыс                                     дамуын бақылау

Сабақ өткізілетін жер: Спорт залы.

 

Құрал – жабдықтар:  Ысқырық

 

 

Сабақ    бөлімі

 

 

 

 

                    Мазмұны

 

Жүктеме      мөлшері

 

Әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I кіріспе бөлім 15минут

 

 

 

 

1.Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу.

 

2. Сабақ міндетін хабарлау.

 

3.Ықылас салу жаттығулары.

 

4.Орнында қозғалыста орындалатын саптық жаттығулар.

5. Жүру жаттығулары:

а) аяқтың ұшымен жүру.

ә) өкшемен жүру. т.б.

 

5.Қолды мықынға қойып жартылай отырып жүру.

 

6.Жартылай отырған қалыпта алдыға қарай екі аяқпен секіру.

 

7. Жүгіру жаттығулары:

а) оң жақ, сол жақ қырмен жүгіру. т.б.

ә) жүру тынысты қалпына келтіру жаттығулары.

б) жүріп келе жатып, орнында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

 

 

 

 

 

 

 

     1 минут

 

 

1 минут

 

30 секунд

 

1-2 минут

 

 

0.5айналым

 

 

 

 

 

 

0.5айналым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зейін қойып тыңдау.

Спорт киіміне назар аудару.

 

 

Дәл орындау.

 

Тез, нақты орындау.

 

 

Еңкеймей денені тік ұстап жүру керек.

 

Секірген кезде тұрып кетуге болмайды.

 

 

Ара- қашықтықты сақтау.

 

 

 

Еркін демалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім      25-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Эстафета таяқшасын алда жүрушінің оң қолына төменнен оң немесе сол қолымен береді. Беру үшін сызықтан тұратын 20 метр қашықтықта қабылдаушы тұратын сөрелік, беруші кесіп өткенде, қабылдаушы жүгіре бастайтын аралық (гандикаптық) және соңғы берушіден эстафета таяқшасын қабылдап алмайынша  қабылдаушының өтіп кете алмайтын шектеулі сызығында жүзеге асырылады. Міндет мынада: қабылдаушы эстафета таяқшасын беру аймағында елеулі шапшаңдыққа жеткенде ғана қабылдап алуы керек. Таяқшаны беруді үйрену үшін мынадай жаттығулар орындалады.                                   1. Орнында тұрып таяқшаны беруді үйрену. Оқушылар екі- үш лекке тұрады, бір-екіге санап, есеп жүргізеді. Артта тұрушы таяқшаны оң қолына алады. Бірінші номерлердің бәрі оң қолдарын артқа жіберіп, алақандарын жаяды. Артта тұрған оқушы белгі беріп, алда тұрған оқушының қолына таяқ – шаны ұстатады; ол өз кезегінде келесі балаға береді. Таяқша бастаушыға жеткенде барлығы бір мезгілде кері бұрылады және таяқшаны беру кері бағытта басталады.                                      2. Бұл да  сондай, тек бірақ жүріс кезінде орындалады.                      3. Бұл да сондай, тек баяу жүгіріс кезінде орындалады.       4. Оқушылар командаларға бөлінеді. Беру аймақтары сызылады. Оларда әр команда өздігінен жаттығады.                     5. Эстафеталық жүгіруден жарыс өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4- минут

 

4- минут

 

4 — минут

 

 

 

10- минут

 

Таяқшаны ортасынан ұстауға болмайды.

 

Эстафета таяқшасын лақтырып беруге болмайды.

 

Таяқшаның қолдан түсіп кетуі жарыс ережесін бұзғандық емес, алайда оны тек түсіріп алған жүгіруші ғана көтеріп алу керек.

 

Таяқшаны берген қатысушы өзінің қозғалысымен өзгелерге кедергі келтірмейтін жағдайда ғана жолдан шыға алады.

 

 

 

Эстафетаны беруге дейін таяқшаны берушінің жүгіріс шапшаңдығын баяулатуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қателіктерді жоғарыда баяндалған жаттығуларды үйрену кезінде жоюға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытыны   бөлім        5-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ағзаны қалпына келтіру босаңсыту жаттығулары. Сынып өз орнына келіп сапқа тұрып, тоқтаған кезде сапты бұзбастан алаңды айнала жүреді. Саппен жүрген кезде қолды жоғары көтеріп, дем алып төмен түсіріп дем шығару арқылы денеге түскен жүктемені біртіндеп азайтады. Алаңды айналып келген оқушылар орнына келіп тұрады.

 

2.  Сабақты қорытындылау.

 

 

 

3.Үйге тапсырма беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Залдан шуламай шығамыз.

Пән мұғалімі: Н.Намысов

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *