Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жаттығулар арқылы меңгерту, Қазақстан календарындағы мереке күндерімен таныстыру.
ә) тәрбиелік: топтасып жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың адамгершілік қасиетін, көзқарасы мен сенімін қалыптастыру, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
б) дамытушылық: оқушыларды оқыту кезінде танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, тілін, жадысын, қиялын дамыту, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабақ
Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекі, техникалық құралдарды қолдану, әңгімелеу, салыстыру, құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, электронды оқулық,суреттер
Сабақтың формасы: топтық, ұжымдық, жеке
Сабаққа пайдаланылған оқыту технологиялары: дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек-сызба технологиялары, блум таксономиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақты өлеңмен бастау
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызын мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім .
ІІ. Кіріспе бөлім Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу. Әр топқа ат қою
- Тұрлаулы мүше
- Тұрлаусыз мүше
- Жалаң және жайылма
Топ басшыларын оқушылар таңдайды. Топ басшылары топ мүшелерін бағалап отырады.Бүгінгі сабақтың ерекшелігіне мән беру.
Бағалау критерийі
Бағалау критерийі
- 1-тапсырма: «Кім көп біледі?»
- 2-тапсырма: Жайылма сөйлемдерді жаз
- 3-тапсырма: «Бір мақалдан – 4 мақал»
- 4-тапсырма: «Ойлы бала озар»
- 5-тапсырма: Оқулықпен жұмыс 95-бет, 118-жаттығу
- 6-тапсырма: Симатикалық карта
Ұпайлар:
1 – ұпай — түсіндірмей орындаса;
2 – ұпай — түсіндіре отырып орындаса;
3 – ұпай — толық мазмұнын ашып, талдаса;
Қорытынды баға:
0 – 7 ұпай — «3»
8 – 14 ұпай – «4»
15 – 18 ұпай — «5»
Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін «Саяхат сабақ» жасаймыз. Саяхат кезінде бірнеше ауылдарға барамыз, бірақ әр ауылдың өз тапсырмасы бар. Сол тапсырмаларды орындау арқылы келесі ауылға барамыз. Саяхат кезінде сендердің толық жауап берулерің және көркем жазуларың талап етіледі. Саяхатқа шықпас бұрын өткенді еске түсірейік.
- Білім ауылы «Кім көп біледі?» (ережелерге байланысты сұрақ-жауап алу)
- Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
- Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
- Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
- Жалаң сөйлем деген не?
- Жайылма сөйлем деген не?
- Негізгі бөлім Жаңа ауыл «Қайталау- білім анасы»
Дәптермен жұмыс Дәптерімді ашамын,
Көлбеу етіп қоямын.
Қолға қалам аламын,
Көркем етіп жазамын. — Күн ретін жазу. Көркем жазу. Оо орындық
Сөздік диктант: Омарташы,ойыншық, орамал, оймақ, орман, оқулық.
Кітаптан Білгішбекпен Негештің сөздерін оқу. (Білу)
І-Mektep электронды оқулығын тыңдау. Түсіну (слайд№10)
Оқулықпен жұмыс: Жайылма сөйлемдерді жаз.
І – топ: Гүріл алыстан естілді.
ІІ – топ: Балықшылар көлге жақындады.
ІІІ – топ: Жарыс залда өтті.
* Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қойып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.
- Өнер ауылы «Бір мақалдан – 4 мақал»
1-топқа «бұлақ »,
2-топқа «оқу»,
3-топқа «білім», деген сөздер таратылып беріледі. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, мақал құрастырады, жалаң немесе жайылма сөйлем екенін айтады. Содан соң осы 3 сөзді біріктіріп 1мақал құрастыруы тиіс. Жауабы: «Оқу – білім – бұлағы»
Сергіту сәті:
- Төрт түлік мал ауылы «Ойлы бала озар»
Ребусты дұрыс шешіп, сөйлем мүшелеріне талдау.
- Көкпекті ауылы. «Ауылым алтын бесігім»
Оқулықпен жұмыс: * 95-бет, 118-жаттығу.
* Сөйлемдерді көшіріп жаз.
* Сөйлем мүшелеріне талда.
- Қонақ кәде ауылы. Сематикалық карта.
Тапсырмалар | Жаңбыр жауды. | Балапан | Қойлар өрістен қайтты. | Биледі | Мектептен | Дария | Гүл өсті | Қар жапалақтап жауды. | Оқыды |
Бастауыш | |||||||||
Баяндауыш | |||||||||
Жалаң сөйлем | |||||||||
Жайылма сөйлем | |||||||||
Тұрлаусыз мүше |
Қорытынды: «Ойыңды ортаға сал»
- Бүгін біз сабақта не өттік?
- Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
- Жайылма сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
- Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы неде?
Бекіту: «Бес саусақ» әдісі:
- Базарлық ауылы: Үйге тапсырма:
«Өте жақсы» Өткен тақырып бойынша сөз жұмбақ құрастыру
«Жақсы» Жалаң және жайылма сөйлемге байланыс- тырып ребус құрау
«Осы бағама қанағаттанам» 94-бет,117 – жаттығу
Бағалау: Топ басшысы қойған балдарымен бағалау.
- Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? (бас бармақ арқылы бағалау)
Сабақ аяқталды.
[bws_related_posts]