Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Күні: Сыныбы: 7-сынып
Тақырыбы: Модельдеу практикалық жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша түсінгендерін практикамен ұштастыра отырып, компьютерде еркін жұмыс жасауға үйрету.
Түрі: Практикалық сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, плакат, стикер, фломастерлер, т.б.
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
- Үй тапсырмасын сұрау
- Сабақ барысымен таныстыру
- Бағалау
- Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың барысы
Мұғалім сөзі: оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болады, өйткені бүгін біз кемемен саяхатқа шығамыз. Саяхат барысынды біз аралдарға тоқтап, тапсырмаларын орындаймыз. Сапарларыңыз сәтті өтсін!
Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық, ол үшін барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберіне тұрып бір — бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Тренинг « шаттық шеңберіне тұрады ».
Оқушыларға бағалау парағын тарату.
Оқушының аты-жөні | «Еске түсір» аралы | «Модельдеу» аралы | «Тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру» аралы | «Компьютерлік тәжірибе» аралы | «Кесте» арал
|
«соңғы арал». | Бағасы |
І бөлім. Кіріспе
І аялдама. «Еске түсір» аралы
Столдын үстіне билеттер жатады Оқушыларға үйге берілген тапсырманы еске түсіріп билет арқылы жауап береді «Модель», «модельдеу» т.с.с.
Тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар.
- Модельдердің барлығы неше түрге бөлінеді?(екі үлкен классқа бөлінеді 1 материалдық(заттық),2 ақпараттық)
- Материалдық модель дегеніміз не?(кішірейтілген немесе үлкейтілген сыртқы көрінісі(макет))
- Ақпараттық модель дегеніміз не?(нысанның қандай да бір тілде сипатталуы)
- Ақпараттық модельдер неше түрге бөлінеді?(5 түрге бөлінеді:сөзбен сипаттау,кесте,сұлба,граф,сызба)
- Сөзбен сипаттау дегеніміз не? (Мысалы:Дәптер:дәптердің неше бет екені немесе торкөзді және ұзын жол екені,қай пәнге арналғаны.)
- Граф сипаттау әдісі қандай?(сызбалармен—————және . нүкте арқылы графикалық нысан)
ІІ аялдама.. «Модельдеу» аралы.
А-деңгейі. І тәжірибелік жұмыс жасау бөлімі
Оқушыларды жұптастырып модель жасау беріледі 7 мин ішінде оқушылар макет жасап үлгеруі керек.
ІІІ аялдама. « Тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру» аралы
ІІ бөлімі
Оқушылар жасаған макеттерін қорғап шығады.не жасады? Қандай құралдар пайдаланды?
І V аялдама. « Компьютерлік тәжірибе» аралы
В- деңгейі. ІІІ кезең. «Paint» графикалық редакторында жасаған макеттерінің сызбасын сызып шығарады.
V арал. «Кесте » арал
С- деңгейі. Дәптер нысанының ақпараттық моделі
Беттер саны | Беттің түрі | Арналған пәні |
12 | Тор көз | Математика |
48 | Ұзын жол | Қазақ тілі |
VI арал. «соңғы арал».
1.Программалау тілінің мүмкіндіктерін қолданып, құттықтау хат модельін жасандар.
2.Сөйлемдегі сөздер арасындағы байланыс сұлбасы- үйретуші модельін құрастырыңдар.
3.Графикалық редактордың көмегімен отырғыш сұлбасын дайындаңдар.
- Графикалық редактордың көмегімен қуыршақтың сарафан үлгісін дайындаңдар.
Қорыта келе оқушылар саяхаттан алған әсерлерін жазбаша түрде стикерге жазып тақтадағы кемеге жапсырады.
Бағалау
Үйге тапсырма
[bws_related_posts]