Дауыс шабуылы

Сабақ тақырыбы: Дауыс шабуылы

Сабақ мақсаты:

Білімділік – дауыспен жұмыс жасауға үйрету;

Тәрбиелік – сөздердің дұрыс айтылуы нормасын, тіл байлығын таныта отырып Отанын сүюге, тілге деген құрметті қалыптастыруға тәрбиелеу;

Дамытушылық – тіл мәдениетінің қалыптасуына, өз ойын ашық айта білуге, әдемі сөйлей білуге үйрету;

Сабақ әдіс-тәсілдері: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту;

Сабақ түрі: аралас

Көрнекіліктері: жаттығулармен жұмыс, кеспелер, поэзия шумақтары, проектор.

Қолданылатын әдебиеттер: Сахна тілі (Тұранқұлова Дариға), Радио және теледидар дикторларының тіл техникасы (Әбзелбаев Мұрат).

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру:
  3. Резонатор дегеніміз не?
  4. Дауыстың тамаққа түсуі дегеніміз не?
  5. Дауыстың күңгірт шығуы неден болады?
  6. Тренингтер.

 

  • Жаңа сабақ

Дауыс шабуылы

Дыбыс шабуылын дауыстың бастамасы деп те атауға болады. Сондықтан да дауысты тәрбиелеп дамыту үшін дыбыс шабуылын дұрыстап меңгеруге тиіспіз.

Дауыс тәрбиесінде негізінен дыбыс шабуылының екі түрі қолданылады, олар: қатты және жұмсақ дыбыс шабуылдары.

Қатты дыбыс шабуылы кезінде дауыс шымылдықтары бір-бірімен тығыз қабысып, өкпеден шыққан ауа белгілі бір күшпен, жылдамдықпен оларды жарып өтеді. Мұндай шабуыл арқылы пайда болған дауыс қатты  әрі ширақ естіледі.

Жұмсақ дыбыс шабуылы кезінде дауыс шымылдықтары деммен бірге, бір мезгілде қызмет атқарып отырады. Мұндай шабуыл арқылы пайда болған дауыста жұмсақ әрі жағымды естіледі.

Дауыс тәрбиесінде негізінен жұмсақ дыбыс шабуылы қолданылады. Десек те, кейбір жағдайларда, мәселен дыбыс дауыс шымылдықтарының, сөйлеу

аппараттарының жұмысын жандандыру мақсатында қатты дыбыс шабуылы да қолдануға болады.

Дауыс ауқымдығын құрайтын төменгі, жоғары және ортаңғы деп бөлінетін дауыс регистірінің атқаратын рөлі ерекше.

Төменгі регистрде көкірек резонаторына көбірек күш түсіп, дауыстың төменгі бөлігі қаттырақ шығады.

Ортаңғы регистрде барлық резонаторларға теңдей күш түсіп, дауыстың «ортаңғы нүктесі» айқынырақ естіліп тұрады.

Өзіндік жұмыстар

1-жаттығу. Дем жұту мен шығару процесін жақсарту және дифрагманың жұмырысын арттыру.

2-жаттығу. Құрсақ іш қарын бұлшық еттерін қатайту жаттығулары.

3-жаттығу. Көкірекпен дем алуды тоқтатып, диафрагмалық дем алуға үйрету.

Іс әрекетке құрылған тыныс алу жаттығулары

  1. Шалғышы (СИ, СЭ, СА, СО, СУ, СЫ)
  2. Шаңғышы (С,Ш,Ф)

Дауыс шабуылына арналған тапсырмалар

Тік тұрып бас құлаққа жеткенше қисайтып, «ба, бо,бэ» буындарын жайлап айту, басты шалқайта айналдырып «да,до,да» буындарын айту, басты төмен салбыратып «ма,мэ,мо» буындарын баяу айту. Осы қалыптарды сақтай отырып гма-гмо-гме-гму-гми, гна-гно-гне-гну-гни 5 рет қайталағаннан кейін

Адам деген менің дағы атым бар,

Қаруым бар, тал бойымда отым бар.

Ойлайтыным бір шаңырақ қамы емес,

Жүрегімнің түкпірінде нақыл бар.

1-тапсырма (әр буынның алдында дыбыссыз жеңіл тыныстап, әрбір буынды жандандыра айту керек). Төменгі регистрде

А-дам де-ген ме-нің да-ғы а-тым-бар,

Қа-ру-ым – бар-тал-бой-ым-да-о-тым-бар.

Ой-лай-ты-ным-бір-ша-ңы-рақ-қа-мы-е-мес,

Жү-ре-гім-нің-түк-пі-рін-де-на-қыл-бар.

 

2-тапсырма (әр сөздің алдында дыбыссыз жеңіл тыныстап, әрбір буынды жандандыра айту керек). Ортаңғы регистрде

Адам-деген-менің-дағы-атым-бар,

Қаруым-бар-тал-бойымда-отым-бар.

Ойлайтыным-бір-шаңырақ-қамы-емес,

Жүрегімнің-түкпірінде-нақыл-бар.

3-тапсырма (әр жолдың алдында дыбыссыз жеңіл тыныстап, әрбір буынды жандандыра айту керек) Жоғары регистрде

Адам деген менің дағы атым бар,

Қаруым бар, тал бойымда отым бар.

Ойлайтыным бір шаңырақ қамы емес,

Жүрегімнің түкпірінде нақыл бар.

Қорытындылау: М.Жұмабаев «Күншығыс» өлеңін дауыс шабуылын байқау үшін жай темппен, жылдам темппен оқыту.

Үйге тапсырма: М.Жұмабаев «Күншығыс» өлеңін мәнерлеп оқу

Бағалау:

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *