Құрметті редакция алқасы! Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, жаңа бағдарлама негізінде өтілген сабағымның жоспарын сіздерге жолдап отырмын. Әріптестеріме көмегі тиіп қалар деген ойдамын.
Рахмет!
Тақырыбы: Тәуелсіздік алған күн.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы :2 сынып
Минапова Кулайм-бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, №229 «Абызтөбе» орта мектебі
Пәні: Әдебиеттік оқу | Мектеп: №229 «Абызтөбе» орта мектебі | |||
Күні: 15.12.2017ж | Мұғалімнің есімі: Минапова К | |||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы: | Тәуелсіздік алған күн | |||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 2.1.5.1. Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу
|
|||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Мәтінді дұрыс, түсініп,шапшаң мәнерлеп оқиды. | |||
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айтады. | ||||
Кейбір оқушылар: Мәтіндегі мәліметтерді нақты жағдаятпен байланыстырады . | ||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Өлеңді шапшаң мәнерлеп оқиды,түсінгенін жеткізе біледі. | |||
Пәнге бағытталған лексика және терминдер:Тәуелсіздік, он алтыншы желтоқсан,тәуелсіздік тұғыры | ||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
—16- желтоқсан қандай күн? -Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? — Неге16- желтоқсан тәуелсіздік күні деп аталады?т.б |
||||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет
|
Дереккөздер | ||
Сабақтың басы
3-5 мин
|
Қызығушылықты ояту:
Шаттық шеңберге тұру. Көк аспанда Күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін. Көк аспанда Күн күлсін, Жерге ұдайы нұр құйсын Көк аспанда Күн күлсін, Ұл қолында ту жүрсін. Қыз қолында гүл жүрсін, Көк аспанда Күн күлсін, Бірге жүрсін бүлдіршін
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы топқа бөліну: 1-топ: Астана 2-топ: Алматы 3-топ: Бәйтерек Әр топ өзінің суреттері туралы айтады. Үй тапсырмасын сұрау.Эссе жазу «Өз үйім,өлең төсегім»
|
Ту,гүл
Суреттер
Дәптер |
||
Сабақтың ортасы
25-30 мин
|
Мағынаны ажырату
Миға шабуыл “Тәуелсіздік” сөзжұмбағын шешу 1.Рәміз. 2.Қазақтың ханы. 3.Жыл басы. 4.Киелі сан. 5.Бұрынғы астана. 6.Ресей халқы. 7.Алып жануар. 8.Қасиетті ай. 9.Мұз айдыны. 10.Жыртқыш құс. 11.Қазақстан қаласы «Болжау» әдісі.Сөзжұмбақтың жауабына сәйкес тақырып болжанады.Сабақ тәуелсіздік туралы болмақшы «Тәуелсіздік» кластерін құрастыру Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақтың оқу мақсаты Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу Күтілетін нәтиже: Мәтінді дұрыс, түсініп,шапшаң мәнерлеп оқиды. Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айтады. Мәтіндегі мәліметтерді нақты жағдаятпен байланыстырады. Оқушылармен бірлесе отырып,жетістік критерийін анықтау Оқылым 16 желтоқсан-Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады? Бұл күні қандай мереке аталып өтеді? Сызбаға сүйеніп, автор туралы әңгімеле. Тұманбай Молдағалиев • Алматы облысында туған • Ақын • “Жаңа дәптер”, “Көктем таңы”т.б өлең жинақтары бар «Кинометафора» әдісі 1.«Желтоқсан желі» атты бейнебаян көрсету. Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің бастауы болғандығын байланыстыра әңгімелеу Тыңдалым 2. «Тәуелсіздік тұғыры» мәтінін тыңдату. Топтық жұмыс(Тақырыптар бойынша постер дайындайды) 1-топ: Менің Отаным 2-топ: Туған жерім 3-топ: Тәуелсіз елім Жетістік критерийі: Тақырыптың ашылуы Жұмыстың көркемділігі Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сергіту сәті: Ән: Көк тудың желбірегені
Жұптық жұмыс Шумақты толықтыр Отан- ——- , достарым, Көңілге мұны——— ——— деп өсіп жас жаның, Оны ардақтап,——— ( сүйе біл!,осы, түйе біл!, Отан Жетістік критерийі: Тірек сөздерді орынды қолданады Бағалау:Смайликтермен бағалайды Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау Оқу мақсаты :Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу Бағалау критерийі: •Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады Дескриптор: Білім алушы — мәтіннен тірек сөздерді жазып алады; — суреттерге сүйеніп, туған жер туралы ойын айтады. |
Сөзжұмбақ
Тәуелсіздік монументінің суреті
Тәуелсіздікті бейнелейтін суреттер
Слайд
Оқулық
Ақынның портреті
«Желтоқсан желі» бейнебаян
Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік» ескерткіші суреті
Постер
Бағалау түрі
Оқушылар санына қарай жалаушалар
Таратпа қағаздар
Смайликтер
ҚБ тапсырмалары
|
Сабақтың соңы
3-5 мин
|
Үйге тапсырма:1. Мәтінді түсініп оқу.
2.Қазақстанның тәуелсіздігі туралы мәліметтер жинау Кері байланыс: ауызша Рефлексия: «Өзін-өзі бағалау» парағын толтырады
|
Рефлексия парағы |