Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ә. Тәжібаев ауылы №214 орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі Егенұлы Шахмардан
Сыныбы: 9
Тақырыбы: Допты екі қолмен жоғарыдан беру, төменнен қабылдау
Мақсаты: а) Волейбол ойынының техникасын меңгерту.
ә)ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту
б) дене тәрбиесі сабағына қызығушылығын арттыру
Өтетін орны: спорт зал
Өтетін уақыты: 15. 11. 2017 ж
Көрнекілік құралдар: Волейбол доптары, ысқырық, секундомер.
№ | Өтетін сабақ мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
1 |
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру, сәлемдесу,мәлімдеме қабылдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Сапта тұрып орындалатын жаттығулар: оңға, солға, кері айналу, 1 қатардан 2 қатарға, 1 қатардан 3 қатарға 1 қатардан 4 қатарға сап түзеу
Саппен жүру, жүгіру арқылы орындалатын жаттығулар. 1) Екі қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру. 2) Екі қол белде, өкшемен жүру. 3) Екі қол белде, аяқтың сыртқы, ішкі қырымен жүру 4) Бір қалыпты жүгіру 5) Оң, сол қапталмен жүгіру. 6) Тізені алға көтеріп жүгіру. 7) Өкшені артқа көтеріп жүгіру. 8) Артпен жүгіру. 9) Бір қалыпты жүру. 10) Екі қол мойында, отырып жүру. 11) Екі қол мойында, әрбір адыммен секіріп жүру.
|
3
9 |
Киімдеріне көңіл бөлу
Қауіпсіздік ережесін айту. Дұрыс бұрылуын қадағалау
Жаттығуларды қатесіз жасауды қадағалау.
Жүгіру барысында денені тік көтеріп жүруін қадағалау
|
2 |
Негізгі бөлім Допты екі қолмен төменнен жоғары лақтыруды немесе бір жақ бүйірге жоғары орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды.
Қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап, 3-4 метрден допты жоғары беруді орындайды.
Әртүрлі жағдайда допты жоғары лақтырады, ойыншы допты төменнен қабылдайды. Екі қол алда алақандар біріктірліп ұсталады.
Ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен көтерілгеннен кейін жүгіріп жетіп төменнен беруді орындайды.
Ықшамдаған ережемен екіжақты волейбол ойынын өткізу |
23` |
Қимыл қозғалыс қасиеттерін дұрыс орындалуын қадағалау
Нұсқаулар жасау
Ережеге сай өтуін қадағалау |
3 |
Қорытынды бөлім Сапқа тұру сабақты қорытындылау. Бағалау Үйге тапсырма:дене жаттығуларын дайындап, қайталау
|
5` |
Жіберген қателіктерін айту
|