Сабақтың тақырыбы:
«Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіру арқылы өз туған өлкелеріне деген патриоттық сезімін дамыту, «киелі жерлер» деген ұғымның мәнісін талдай отырып, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлермен таныстыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер суреттері, видеоролик, слайдшоулар, туған жер туралы ән.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу)
І топ «Қазына»
ІІ топ «Мұрағат»
ІІІ топ «Жәдігер»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, 2017 жылы 12-сәуірде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама әрбір қазақстандықтың алдағы уақыттағы жоспарын айқындап берген құнды бағдарлама болып табылады. Бағдарлама 6 бағыттан тұрады. Осы бағыттар мен бағдарламада қойылған міндеттерді жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың парызы болып табылады. Себебі, заманға сай жаңғыру міндеті барлық мемлекеттің алдында тұр.
«Туған жер» бағдарламасының мәні:
- Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Мәдениет пен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу;
- Ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу;
- Жас ұрпаққа өз туған өлкелеріндегі аңыз-әңгімелер мен біртуар перзенттерін таныстыру;
- Азаматтарды туған жеріне қамқорлық жасауға тарту;
- Патриотизмнің нағыз өзегі;
- Туған жердің киелі мекендерін ұлт жадында орнықтыру;
ІІ «Туған жер» әні
ІІІ «Киелі жер» дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылар өз ойларын білдіреді)
ІҮ «Оңтүстіктегі киелі жерлер» (суреттер сөйлейді)
Ү Видеоролик «Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер»
ҮІ «Қазыналы, киелі – Оңтүстігім!» (шағын эссе жазу)
ҮІІ Слайдшоу жарысы
ҮІІІ Қорытынды
[bws_related_posts]