Қыс келбеті.

Тақырыбы: Қыс келбеті.

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің көрінісін ауызша айтып, суреттер әдісі арқылы еркін сөйлеуге үйрету. Балалардың байқағыштық есте сақтау қабілетін дамыту,джиксо әдісі арқылы қол маторикасын жетілдіру, көңіл күй ахуалын тудыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Пилоттық жүйеде «галерея әдісі».

Қолданылатын материалдар: Мазмұнды суреттер, геометриалық фигуралар.

 

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

— Балалар,күн суық болсада, біздің жүрегіміз жылы.

Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрайық.

Мейірімділік жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

 

  1. Негізгі бөлім.

— Балалар мен сіздерге өлең жолын оқығым келіп тұр, мұқият тыңдап сұраққа жауап береміз.

Шанамен зырғып желетін

Коньки шаңғы тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

— Балалар:қыс мезгілі

— Жарайсыздар балалар қыс мезгілінің белгілерін білемізбе ?

— Балалар:қар жауады, аяз болып боран соғады.

Маман: Ендеше боран соққанын қимылмен көрсетеміз. (Балалар қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді.

Маман: Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын топырлатады).

Маман: Ал күн шыққанда не істейміз? (Алақай деп қолдарын көтереді)

Маман: Жарайсыздар балалар !

— Балалар біз тоңбау үшін үстімізге қандай киім киеміз? (Балалар жауаптары)

— Ендеше балалар біз жылыну үшін қимылды жаттығу орындайық.

 

СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Сарт-сарт-сарт шапалақ соғамыз

Тоңса менің аяғым

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз

Ойын «аққала».

— Балалар, қыс мезгілінде бізге қандай қонақтар келеді?

— Балалар жауабы:

Олай болса аққаланы қарсы алайық

  • Сәлеметсіздерме балалар мен сіздерді сағынып келдім бірақ жолда мені тентек балалар ұстап алып, күл талқанымды шығарды, мен сіздермен бірге болғым келеді, сіздермен бірге болу үшін мені құрастыра аласыздар ма?

Балалар жауабы:

1-тапсырма

  • Қыс мезгілінің ұнайтын жақтарын айтамыз.

2-тапсырма

-Қыс мезгілінің ұнамайтын жақтарын айтамыз.

3-тапсырма

  • Жұмбақ

Қырға сүйреп шығамын

Ойға мініп түсемін

Жарайсыңдар балалар!

 

  1. Қорытынды бөлім
  2. Геометриялық фигуралар арқылы аққаланы құрастырады.
  3. Сәйкестендіру сызығы арқылы суретпен жұмыс.

 

  1. Мадақтау, аққала сыйлығы.

Сабақ аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шанамен зырғып желетін

Коньки шаңғы тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

 

 

 

 

 

 

 

СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Сарт-сарт-сарт шапалақ соғамыз

Тоңса менің аяғым

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз

Мейірімділік жүрекпен

    Ақ пейілді тілекпен

     Амандасып алайық

    Бір жадырап қалайық.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *