Сабақтың тақырыбы: Жібек жолы — ынтымақтастық жолы Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтары жайлы талдау,тарихи маңызы туралы түсіну, Жібек жолы бойындағы елдердің өзара мәдени байланысы жайлы деректер жинақтау,Жібек жолы діндер тоғысы болғанын дәлелдеу. Сабақтың жоспары: 1. Ой-түрткі: Жібек жолы — ынтымақтастық жолы бола алды ма? 2.Мағынаны тану: эл.оқулық, мәтінмен танысу 3.Тарих әлеміне саяхат: Жібек жолы бойындағы қалалар (картамен жұмыс) 4.Тарихи оқиға сайысы: Жібек жолының тарихы 5.Суретті сұрақтар: Жібек жолы-діндер тоғысы 6. «PEST — талдау» бойынша қортындылау 1. Ой-түрткі
«Жібек жолы –ынтымақтастық жолы» болды деп ойлайсыз ба?
2.Мағынаны тану: электронды оқулықтағы мәтінмен танысу
3.Тарих әлеміне саяхат: Жібек жолы бойындағы қалалар(картамен жұмыс)
Топтар арасындағы творчестволық жұмыс :
1.Суреттегі орта ғасырлық қаланы анықтап, картадан орнын табу
2.Қажетті ақпарат жинайды,
3.Қорытынды жасап, хабарлама дайындайды
1-Тараз, 2-Сайрам (Испиджаб), 3- Отырар
4.Тарихи оқиға сайысы: Жібек жолының тарихы Сыныпты 3 топқа бөлеміз де бір тарихи оқиғаны оқып, сол туралы мәлімет даярлауды тапсырамыз. Сосын мұғалім қай топты көрсетсе сол топ жалғастырады, оқиғаның кез-келген жерінен үзіп, келесі топқа жалғау ұсынылады. 5.Суретті Сұрақ : Жібек жолы — діндер тоғысы.Берілген суреттерге қарап, ерте дәуірде қандай діндер таралғанын әңгімелеу.Ұлы Жібек жолы діндер тоғысы болғанын дәлелдеу.
6.PEST- талдау бойынша қортындылау
Фактор | Фактор әсері
Тиімді |
Тиімсіз |
Р-саяси | Түрлі елдер арасында дипломатиялық қатынас байланыс орнады | Жібекті өндіру құпия |
Е-экономикалық | Халықаралық валюта | Жібек өндіруде Бәсекелестік болды |
S-әлеуметтік | Сауда-саттық,базар дамыды,отырықшылыққа көшті,мәдениет қалыптасты | Түрлі діндер тарады
этникалық миграция болды |
Т-технологиялық | Қалалар дамыды,алдыңғы технология жетістіктері тарады. |
7.Кері байланыс. Смаиликтермен сабақты бағалау
ұнады ұнамады түсін- бедім
[bws_related_posts]