Басы » Бастауыш сыныптар » Ю дыбысы мен әрпі

Ю дыбысы мен әрпі

Қарағанды облысы, Балқаш  қаласы

Жалпы білім беретін №9 орта мектебі

      Бастауыш сынып мұғалімі:

      Салимбаева  Сауле Какитаевна

      1 сынып  Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Ю дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап,мәнерлеп оқи білуге ,мазмұнын түсіне білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын  дамыту.

3. Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

 Сабақтың көрнекілігі:

Ю ю әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

— Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру  үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыс  2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

 

— Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

— Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

— Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.

— Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

— Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.

-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын  құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз   құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем  неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

—Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?

-Зат есімнің неше түрі бар?

— Зат есімнің 2 түрі бар.

-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.

-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.

-Көпше түрінің  сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.

-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.

-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.

-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ю дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-Ю дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің  аяғында)

— Ю дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ю әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Жер-су,кісі аттары қалай жазылады?

ә)оқулықпен жұмыс.96,97-беттер.

 «Сұр қоян», «Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау.

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

Ұя        баян           ояу         сия        мая

Ұят       қоян         бояу        қия        жая

Оят       шаян        баяу         мия       сая

а  ю     қо  ю     құ  ю   сү  ю     е    се   ю    а за  ю

о  ю      қи ю     тү   ю   кү  ю    үл   ке   ю   кө бе ю

Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Екі  буынды сөздерді оқу.

*Үш  буынды сөздерді оқу.

ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты  санаймын,

Үшбұрыш  болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в)  Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:Қою,түю,құю,көбею..

V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс.

«Жарыс» мәтінімен жұмыс .

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқу.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Автор сөзін тауып оқу.

*Лепті сөйлемді тауып оқу.

*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Бес сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Алты сөзден тұратын сөйлемді оқу.

2.Сұрақ-жауап:

-Мәтінде нелер туралы айтылады ?

-Қасқыр аңдарға не деді?

-Аңдар қалай  тұрды?

-Нелер жарыса жөнелді?

-Аю ненің ұясын бұзып кетті?

-Аралар не істеді??

-Ол неліктен тез жүгірді?

-Аю қалай жүгірді?

-Аю мәреге нешінші болып келді?

VІІІ.Сергіту сәті. 

Аспанға  қарап  ай  көрдім,

Төменге  қарап  жер  көрдім.

Оңға,  солға  бұрылып,

Егеменді  ел  көрдім!

ІХ.Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3.Әдемі жазу минуты.

Қию

6.Дыбыстық талдау.

Қию—қи-ю,2 буын,4дыбыс,3әріп,2 дауысты дыбыс,1 дауыссыз дыбыс.

қ-дауыссыз,қатаң дыбыс.

и-дауысты,жіңішке дыбыс.

 

и-дауысты,жіңішке дыбыс.

 

ю

 

у-дауыссыз,үнді дыбыс.

 

Х.Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

4.Сөздік диктант.

Ою,аю,түю,сүю,күю.

ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-К қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:98-бетті оқу.  «Жарыс» мәтінін  оқу,жаттау,жазу.Сөздерді дәптерге  көшіріп ,буынға бөліп жазу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *