Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Жалпы білім беретін №9 орта мектебі
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна
Бастауыш сынып мұғалімі
Математика.
Сабақтың тақырыбы:
Санды өрнек және әріпті өрнек.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру.Әріпті теңдіктерді құру,оқу және жазуымен таныстыру,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту,есеп шығару білігін тиянақтау.
Тәрбиелілік:Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар .
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
№ 1. 5+2 10-5 3-2 4+4
өрнектер
а+2
2+2 10-а әріпті
10-2 санды с+5 өнектер
7-5 өрнектер а-0
10-0
Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз.
10-а;
а=2 болғанда 10-2=8
№ 2.Санды өрнектерді оқы.Мәндерін тап:
4+2=6 8+2=10 3+3=6 5+3=8
7-2=5 9-2=7 7-3=4 9-3=6
IV.Сергіту сәті.
Көк аспанға қараймын,
Кеткен құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
V. Оқушылардың білімін бекіту.
№3.Әріпті өрнектерді оқы:
а-3
а=3 болғанда 3-3=0
a=4болғанда 4-3=1
a=5 болғанда 5-3=2
VI.Ө.ж.
10-а
a=3 болғанда 10-3=7
a=4болғанда 10-4=6
a=5болғанда 10-5=5
№4.Қайсысы есеп?Есепті шығар:
5 пен 2 сандарының қосындысының мәні неге тең?
5+2
-Есептің бөліктерін атаңдар?
Шарты-?
Сұрағы-?
Шешуі-?
Жауабы-?
Аулада 5тауық және одан 2-еуі артық балапан жүр.Аулада неше балапан жүр?
Тауық-5
Балапан-?,одан 2-еуі артық
Шешуі:5+2=7(балапан)
Жауабы:аулада 7 балапан жүр.
VII.Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
№5.Қай үйде тұрады?
№6.
3+2 3+а 4=4
-Қандай өрнектер?
VIII. Сабақты қорытындылау.
— Біз не істеуді үйрендік?
ІХ.Бағалау.Мадақтау.