Басы » Cыныптан тыс » «Дарабоз» сайысы

«Дарабоз» сайысы

Қарағанды облысы «Балқаш қаласы № 15 орта мектеп»КММ

 Жұманова Гүлжан Мағауияқызы

 Бастауыш сынып мұғалімі

1 сынып ұлдары арасында өткізілетін  «Дарабоз» сайысы.

Құрметті қонақтар! Мектебімізде дәстүрге айналған №2 «Дарабоз» атты этно-ұлттық сайысымызды  тамашалауға қош келіпсіздер!

Мақсатымыз: Сайыскерлер арасынан топ жарып шығар дарабозды анықтау.Мектеп табалдырығын

кеше ғана аттаған бүлдіршіндеріміз ұлтымыздың салт- дәстүрін қаншалықты меңгергенін байқау.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы,тәрбие көзін қалдырған.

Салт дәстүрін ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен ,кіші балдырған.-дей келе сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыра кетсем:

№1сайыскер 1А сынып оқушысы     Тұрлыбек Жалғас.

№2 сайыскер1Ә сынып оқушысы     Мағаз Адай.

№3 сайыскер1Б сынып оқушысы     Алпысбаев Нұрбақыт.

№4 сайыскер1В сынып оқушысы     Нығыжан Қазыбек.

№5 сайыскер1Г сынып оқушысы      Асылханов Ерқанат.

Бақ сынасар,сайыскерлерге әділ баға берер  қазылар алқасы мүшелері:

 Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.

Сайыс 5 айналымнан тұрады.

І-айналым «Сәлем сөздің анасы»  (Таныстыру)

ІІ-айналым «Ұшқыр ой» (Сұрақ-жауап)

ІІІ-айналым «Адамды адам еткен еңбек» (Үй тапсырмасы,қол өнер сайысы)

ІV-айналым «Маржан сөз» (Мақал-мәтел)

V- айналым «Жігітке жеті өнер де аз» (Өнер сайысы)

Ендеше «Дарабоз» атты этно-ұлттық  сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім:

Айналайын ,бір өзіңнен дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер ұландармен,

Сәтте келіп қалғандай танысатын.

-дей келіп сайысымыздың бірінші кезеңі бойынша «жеті атасын білмеген жетесіз»-деп дана халқымыз айтқандай дарабоздарымыз өздерін таныстырсын.

І-айналым «Сәлем сөздің анасы»  (Таныстыру)

ІІ-айналым «Ұшқыр ой» (Сұрақ-жауап)

Мұғалім:

Ей, ұландар!

Сендерге артар міндет көп.

Көтерер биік ата-салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әр бір сөзім тәлімі мол бір мектеп.- дей келе сайысымыздың  екінші «Ұшқыр ой» -айналымына сөз кезегін берейік.

Бұл сайыста әр оқушы сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

                                       1.қатысушыға:

1.Мына тұлға кім?                                 Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев.

Отаны бірдің тілегі бір ,жүрегі бір деген елбасымыздың ұран етіп ұстаған бейбітшілік заманның бақытты ұрпағымыз. Біз көреген көзді саясаткер елбасымызбен мақтанамыз!

2.Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер» деген қазақта атаулы сөз бар. Жеті атаны атап бере аласың ба?

Жауап:Ата ,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене.

3.Әр ұлттың,әр халықтың өзінің ұлттық мейрамдары бар.Қазақ халқының ұлттық мейрамы Наурыз мерекесі. Наурыз мерекесі не үшін тойланады?

Жауап: Күн мен түн теңеледі.

 4.Алдарыңда батырдың бес қаруы,қарудың біреуін таңдап сипаттама бер.

Жауап:Бес қарудың бір түрі «Найза» деп аталады.Найза түйреу қаруына жатады,сондықтан оның ұшы үшкір келеді. Найзада қалқан болады.

                                              2.қатысушыға:

1.Мына тұлға кім?                                 Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев

Мың жылда бір туар тұлға, ұлы ақын, ірі тұлғамыз.Онан асқан бұрын соңды ақын болған жоқ. Біз ұлы ақынымызбен мақтанамыз!

 

2.Өмірде үш арсыз нәрсе бар дейді. Сенің ойыңша осы 3 арсызға нелер жатады.

Жауап: тамақ,ұйқы,күлкі.

3.Қазақта жігіттің үш жұрты бар дейді. Сенің анаңның туыстары саған кім болады?

Жауап:  Анамның туыстары маған нағашы болады.

4.Жауап:Бес қарудың бір түрі «Садақ» деп аталады. Садақ ату қаруына жатады.Садақтың оғын жебе деп атайды,қабын қорамсақ деп атайды.

    3 қатысушыға:

1.Мына тұлға кім?    Ұлы отан соғысының қос жұлдызы.Батыр апаларымыз Әлия

Молдағұлова  мен Мәншүк Мәметова.

2.« Ою ойғанның ойы ұшқыр» деген мақал бар.Осы өрнектерге қарап халқымыздың ойы,қиялы ұшқыр болғанын білеміз. Өзің қандай ою-өрнек түрлерін білесің?

Жауап: Тұмарша,Қошқар мүйіз, балта, Ботакөз, Бес таңба.

3.Халқымызда елін білегінің күшімен ,найзаның ұшымен қорғаған батырларымыз көп болған.Ерасыл деп азан шақырып қойған есімін, ақ боз атқа мініп жауға жалғыз шапқаннан халқы Дарабоз деп атаған батырдың есімі кім еді?

Жауап: Қабанбай.

Жауап:Бес қарудың бұл түрі «Мылтық» деп аталады.Мылтық ату құралы.

                                                   4.қатысушыға:

1.Мына тұлға кім?                                 Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

2.

 

Төрт түлік мал пірлерін ата.              Қамбарата,Шопаната,Сексеката,Ойсылқара,Зеңгібаба.

3.

Атағы әлемге әйгілі қазақ                Қажымұқан Мұңайтпасов

палуаны кім?

4.Жауап:Бес қарудың бір түрі  «Қылыш»  деп аталады. Оның ұшы мен сабы болады. Қылыштың қабын қынап деп атайды.

                                                      5.қатысушыға:

1.Мына тұлғаларымыз  кім?                           Біздің тарихи тұлғаларымыз. Төле би,Қазбек би.Әитеке би.

Қазақ бойында Жиреншенің шешендігін, Сырымның тапқырлығын,Махамбеттің ақындығы,Бауыржанның ұлтжандылығын,Төле би,Қазыбек,Әйтеке билердің шыншылдығын бойымызға сіңірген ұрпақпыз.Біз билерімізбен мақтанамыз!

 

2.Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып кел жатқан мәдени мұраларымыздың бірі ұлттық ойындар.Қандай ұлттық ойын атауларын білесің?

Жауап:  Қыз қуу,теңге алу, тоғызқұмалақ, ақ сүйек,асық ату.

3.   Қазақтың ұлттық аспабы.                             Домбыра.

Жауап:Бес қарудың бірі «Айбалта» Айбалта шабу қаруына жатады. Айбалтаның сабы мен басы болады.

 

Сайысымыздың ІІІ айналымы «Адамды адам еткен еңбек.»

«Әке-көрген оқ жонар,

Ана –көрген тон пішер»-деп дана халқымыз бекерге айтпаған.Дарабоздарымыз үйден отбасы мүшелерімен бірлесе  дайындап әкелген қолөнер бұйымдары көрсетіп, қысқаша сипаттама береді.

1. Қамшы өру.

2. Домбыра.

3. Киіз үй.

4. Ұршық.

5. Келі-келсап.

Сайысымыздың төртінші кезеңі: «Сөздің көркі мақал.»-дейді халық.

Ең мәдениетті,нағыз қазақ сөзін мақалмен өрлеп сөйлейтіні баршаға аян. Енді дарабоздарымыздың сөз сараптауларын сарапқа салайық.

Мен мақалдың басын бастаймын,сендер жалғастыруларың қажет.

1мақал: Кісі елінде сұлтан болғанша,                         Отан-қуат,

Өз еліңде ұлтан бол.                                Отбасы-шуақ.                                    

2 мақал: Жау жоқта батыр көп,                                Отансыз адам,

Дау жоқта ақыл көп.                               Ормансыз бұлбұл.

3 мақал: Батыр туса ел ырысы,                                Отан елдің анасы

Жаңбыр жауса жер ырысы.                         Ел-ердің анасы.

 

4 мақал: Елің-панаң,                                                    Ер елінде,

               Жерің-анаң.                                                 Гүл жерінде.

5 мақал. Ер татулығы                                                       Жауға жалынба,

                Ел татулығы.                                                   Досқа тарылма.

V- айналым «Жігітке жеті өнер де аз».

Өнер- асыл тас,

Қозғағанда тапжылмайтын.

Өнер қызыл жүрек,

Соққанда оны жан тыңдайтын.

Ешқашан жерге шашылмайтын,-дей келе дарабоздарымыздың өнерлерін тамашалайық.

1. Қаражорға биі

2. «Балапан» әні

3. Қағаздан бүктеу жұмысы.

4. «Ұландар» әні

5. Би Вальс

Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін саралап болғанша ортада «Сыбызғы саз сырнай» әнін

Даярлық тобы оқушысының орындауында қабыл алыңыздар.

Сөз кезегі қазылар алқасында:

 

Өмірге талаптанған,

Өршіл- ой армансыңдар

Қияға қанаттанып,

Алысқа самғайсыңдар.

 

Осымен «Дарабоз» атты этно-ұлттық сайысымыз  өз мәресіне келіп жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *