Басы » Дене шынықтыру » Футбол ойыны.Допты алып жүру жаттығулары

Футбол ойыны.Допты алып жүру жаттығулары

Қысқа мерзімді жоспар

 

Мектеп: Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Пашенбаев Махсет Сергалиевич
Сыныбы: 6 «Ә» Қатысқан оқушы саны: Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы: Футбол ойыны.Допты алып жүру жаттығулары
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау: 6.3.4.1 — денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, қысқа қашықтыққа жүгіру дағдыларын біледі және орындайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылардың көпшілігі допты алып жүруді орындайды

Жетістік критерийлері: —        «Көшбасшылық» сөзінің мағынасын біледі.

—         Әр-түрлі жағдайларда жылдам қозғалып, тез шешім қабылдайды.

—        Қозғалмалы ойындарда көшбасшылық қасиетін көрсетеді

Тілдік мақсаттар: Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады: тактика

  • стратегия;
  • алдау қимылдары;
  • ту;
  • қорғаныс;
  • қарсы шабуыл.
Пәнаралық байланыстар: Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады.
Бастапқы білім: Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі, уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

10 мин.

Оқушыларды сапқа тұрғызу;

-Сәлемдесу;

-Оқушыларды түгелдеу;

-Спорттық киіміне көңіл бөлу.

-Оқушыларды спорт түрлерінің суреттері бойынша топқа бөлу(футбол, хоккей т.с.с.). -Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік критерийлерімен таныстыру.

— Саптық жаттығулар;

Оңға,солға,артқа бұрылулар

— Жүру жаттығулары;

Қолды белге қойып аяқтың ұшымен,ішіменісыртымен,өкшемен жүру

Жартылай және толық отырып жүру

— Жүгіру жаттығулары;

Қолды алға созып тізені көтере жүгіру

Оң және сол жақ иықтап жүгіру

Алақанды артқа қойып,өкшені тигізе жүгіру

— Жалпы дамыту жаттығулары;

— Бір орнында орындалатын жаттығулар.

Сапқа тұрып, қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

 

Сабақтың мақсатымен танысып, жүру бағытындағы жаттығуларды орындайды.

«Бас бармақ» әдісімен бағалау Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.
 

 

 

Сабақтың ортасы

25 мин.

 

Қауіпсіздік ережесін түсіндіру

Ойынның жалпы мазмұны – допты аяқпен теуіп алып жүру. Допты аяқпен теуіп алып жүру аяқтың үстімен және ұшымен тебу арқылы орындалады. Допты аяқтың ұшымен теуіп алып жүруге әдістенген ойыншы қарсыласын оңай- ақ алдап кете береді.Допты аяқтың ішкі жағымен теуіп алып жүру мүмкін емес. Аяқтың ішкі жағымен допты тоқтатады және әріптесіне теуіп береді. Футбол ойнау әдістерін жақсы меңгерген ойыншы ғана аяқтың сыртқы жағымен допты тура алып жүре алады және әріптесіне де бере алады. Ойын кезінде ретіне қарай әріптесіне допты өкшемен теуіп беруге де болады.

Допты алып жүру әдістері:

1.Аяқтың сыртымен алып жүру. Бұл әдіс допты жоғары жылдамдықпен алып жүруде қолданылады.

2.Допты екі аяқтың ішкі жағымен алып жүру. Бұл әдіс жиі қолданылатын әдіс. Себебі допты екі аяқпен алып жүру қарсыласты алдауға мүмкіндік мол.

Жалпы дамыту жаттығуларын дамыта отырып дененің шыдамдылығын жетілдіреді . Ойынның жалпы ережелерін түсінеді.

Допты алып жүру әдістерін меңгереді.

Тиісті жаттығуларды орындайды.

 

«Жетістік баспалдағы» әдісі Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, жалаушалар, фишкалар мен конустар

 

Сабақтың  соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау:

Тыныс алу жаттығулары.

Сапқа тұрғызу.Сабақты қорытындылау

Жеңіл атлетика бойынша алған білімдерін тақтада жазылған сөзге стикерге жазып жапсырады

Оқушылар бір-бірінің орындаған жаттығуларын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалай алады. Оқушылар сабақта түсінбеген жаттығуларын, мұғалімге қоятын сұрақтары және сабақтан әсерлерін стикерге жазып кері байланыс тақтасына жапсырып кетеді. Сабақ топ бойынша бағаланады.

«Басбармақ» әдісі Маркерлер, фломастерлер, стикерлер

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *