Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Жалпы білім беретін №9 орта мектебінің
I санатты,
бастауыш сынып мұғалімі
Рахимбаева Гульсара Силановна
Тақырыбы: Диктант оны талдау жасау.
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. .
ІІ Мақсат қою кезеңі:
Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.
Диктант жазуға дайынбыз ба?
Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық:
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлем неден басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?
Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
Күз
Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Олар қысқа әртүрлі дайындалады. Біреулері қысқы азықтарын жинайды. Енді біреулері денелеріне май жинап, қыс бойы ұзак ұйқыға кетеді.
(59 сөз)
Тапсырма.
1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.
2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
3. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІҮ Үйге тапсырма: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау.
Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.