Басы » Cыныптан тыс » Кеңестер

Кеңестер

Оқу үрдісі  мектеп — оқушы — ата-ана үшітіг бірлескенде ғанна сәтті болмақ. Оқушы мен ата-анаға мектеп тарапынан кеңестер.

«Мектепке барар жол»

 

1.    Үнемі бір жолмен бар. Үйреншікті жол қауіпсіз. Бейтаныс жолда сен күтпеген оқиғалар болуы мүмкін.
 
2.    Жолдағы қауіпті жерлерді біліп ал. Сол жерде сені қауіп күтетінін естен шығарма және одан шығар бір амалын біліп жүр.
 
3.    Мұқият бол! Жол серігіңмен, достарыңмен қызу әңгімеде қауіпті жерді естен шығарма.
 
4.    Қауіп – қатерге немқұрайлы қарама. Көзсіз батылдық жасама. Нағыз батылдық игі істерде көрінеді. Сақтық қорқақтық емес. Бұл ең алдымен қажетті қасиет.
 
5.    Жолда жүру ережесін қатаң сақта. Өз әрекетіңмен көшеде өзіңнің және өзгенің өміріне қауіп төндірме.
 
6.    Жол белгілеріне қатаң бағын және мұқият орында.
 
7.    Жол көліктері белгілерін анықтап ал. Бұрылуға белгі берсе, ол тіке жүреді немесе тоқтайды деп ойлама.
 
8.    Көшені қиып өтуде асықпа, жан – жағыңа қарап ал, қауіпті жағдайдың жоқтығын анықтап, содан соң өт.
 
9.    Өзіңе қолайлы болсада, көшеден өтуге тиым салынған жерден өтпе.
 
10.  Жүргіншілер жүретін жолдан бір қадам да шықпа. Бұл өте қауіпті! Егер жаяу жүргінші жүретін жол болмаса, көше қозғалысына қарсы жол шетімен жүр. Сен өзіңе қарсы келе жатқан көлікті көріп жүруің қажет.
 

 

Ата – аналарға кеңес

 

                                                «Бала туғанда ақ қағаздай болып

                                                 туады, оның үстіне шимайды

                                                қалай салсаң, қағаз бетіне солай      

                                                түседі, бала тәрбиесі сол сияқты,

                                                өзің қалай тәрбиелесең, солай

                                               тәрбиеленеді»   

                                                                     Жан-Жак Руссо

  • Балалар өмір сүруді күнделікті өмірден үйренеді.
  • Баланы әр уақытта сынап -міней беруге болмайды, онда бала жек көруді үйренеді.
  • Бала жауласқан ортада өмір сүрсе, ызақорлықты үйренеді.
  • Баланы мазақтап күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі.
  • Баланың бетін қайтара бермеу керек, кінәлілік сезімі басым болады.
  • Балаларды шыдамдылыққа тәрбиелесек, ол басқаларды да түсіне біледі.
  • Баланы мақтай білсек, ол кеңпейілділікті үйренеді.
  • Шындыққа тәрбиелесек, әділеттілікті біліп өседі.
  • Баланы қолдауды білсек, ол өзін-өзі бағалай білетін болады.
  • Бала қауіпсіз ортада өссе, адамға сенімділігі артады.
  • Бала өзін түсінетін, аялайтын ортада өмір сүрсе, ол болашақта өмірден барлық жақсылықты бойына жинай өседі.

 

Ата-ананың балаға деген көңіл күйі үй тапсырмасын орындау барысында көп әсерін тигізеді. Сондықтан мынандай кеңестерді есте ұстаған жөн:

  • Сабаққа дайындалғанда баланың көңілін алаңдатпаңыз;
  • Үйде сабаққа дайындалуға ештеңе бөгет болмайтын орны болуы керек;
  • Баланың күн режимін қадағалап, көп күш түспеуін бақылаңыз;
  • Уақытымен тамақтануын қадағалаңыз: балық, ірімшік, жаңғақ т.б. тағамдар мидың жұмысын жақсартатын есіңізде болсын!
  • Кешкі ұйқысын балаңыздың ұйқысы қанып,, дем алуы керек.

Сабаққа күнделікті тиянақты жайындал;

  • Сабаққа кешігуге болмайды;
  • Сабаққа қажетті құрал жабдықтарың түгел болсын!(сызғыш, қалам, қарындаш, өшіргіш)
  • Сабақ басталғаннан соң ешкіммен сөйлесуге, ештеңе сұрауға болмайды;
  • Берілген тапсырманы көз жүгіртіп қарап шығып, мазмұнымен таныс;
  • Сұрақтың мағынасын түсіну үшін оны аяғына дейін оқып шық;
  • Жауаптарды тексеруге уақыт қалдыр;
  • Таза, сауатты жаз.

 

«Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал»

 1. Өзіңіз оқыған кітабыңыздан керемет цитата тауып айтып, оны балаңыздан да талап етіңіз.

2. Кейбір жазушы немесе ақынның өмірінен қызықты оқиғалар айтып беріңіз.

3. Сіз егер үйге кітапты толтырып қойып, балам енді оқымасқа шарасы жоқ десеңіз, қателесесіз. Тек бірге оқығанда ғана ол оқырман бола алады.

4. Егер сіздің балаңыз көркем фильмді көруді ұнатса, онымен әңгімелесіп, бұл кинолардың барлығы ең таңдаулы шығармалардан алынған тек қана үзінді екенін түсіндіресіз де, егер кітабын оқыса, мүлде басқа болатынына көз жеткізесіз.

5. Кітап оқыса, сөздік қорының молаятынына және ой-өрісінің дамитынына мысалдар келтіресіз.

 

Құрметті әріптестер сіздердің тараптарыңыздан алып қосаралар болса, пікір ретінде жазуларыңызды сұраймыз.

1 пікір

  1. Тамаша айтылған кеңестер екен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *