Пән: Музыка
Сынып: 1
Сабақ: 1
Бейне түсіндірме
Бөлім: Өзім туралы
Тақырып: Дыбыс. Шулы және музыкалық дыбыстар
Оқу мақсаты:
1.1.1.2 Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату
1.1.1.1 Есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану
Метапәндік дағдылар: сыни және креативті ойлау
Ұзақтығы: 04.37 мин.
Уақыт | Спикер мәтіні
|
Қолданылатын видео, слайд, презентация, жазба |
00:00-
00:10
|
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дыбыс. Шулы және музыкалық дыбыстар» | слайд 1 |
00:10-
00:22
|
Бүгін сен:
● дыбыстардың қандай болатынын, шулы және музыкалық дыбыстар туралы білесің; ● шулы және музыкалық дыбыстарды ажыратып, есту арқылы таныс дыбыстарыңды анықтап үйренесің. |
слайд 2
|
00:22-
04:22
|
— Тыңдашы, не естіп тұрсың? Біз әр секунд сайын сан алуан дыбыс естиміз. Ол дыбыстарды тіршілік иелері мен жансыз заттар шығарады. Дыбысты қолмен ұстап, қалтаға салу немесе көзбен көру мүмкін емес. Бірақ ол әрдайым біздің айналамызда естіледі. Адаманың сөйлегені, құстардың ән салуы, күннің күркіреуі, музыка және барлық біз еститін құбылыс дыбысқа жатады. | слайд 3
|
— Қалада сен автомобиль моторының гүрілі, автобустың дабылы, тақаның тықылы сияқты техникалық дыбыстарды естисің.
— Ауылда үй құстары мен жануарларының дыбыстарын, трактордың гүрілін естисің.
— Ал орманда жапырақтың сыбдыры, бұлақтың сыңғыры, құстардың ән салған дыбысы естіледі.
|
слайд 5
Қала шуының дыбысын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1J_Ffjhcsry-UoZZOyXOmTDb3ihPMy3oJ/view
Ауыл дыбысын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1MH8VSd_I66st-SjhgZzLn46EqtKW3nua/view?usp=sharing
Орман дыбыстарын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1-iYP71nCiin5PoaFCvEp-wsbkxBY5urJ/view
|
|
— Бізді қоршаған заттың бәрі дыбыс шығарады. Біз оларды шулы дыбыстар деп атаймыз. Шулы дыбысты есту үшін айналамызда болып жатқан құбылыстарға назар салып, тыңдау қажет. Шулы дыбыстар нотаға айналып, қағазға түсірілмейді, бірақ кейбір шулы дыбыстар музыкалық аспаптармен ойналады. | слайд 7
|
|
— Ең ерекше, мәнерлі дыбыстар – музыкалық дыбыстар. Олар адамның қиялынан керемет оқиға тудырып, сезімі мен ойын жеткізе алады. Музыкалық дыбыстар қысқа және ұзақ, жылдам және баяу, жоғары және төмен, мұңды және көңілді бола алады. Ол дыбыстарды нотамен жазып, би қимылдарымен көрсетіп, ән салып, аспапта ойнай аламыз. | слайд 9
|
|
— Музыкалық аспаптардың көмегімен әртүрлі музыкалық, музыкалық емес шулы дыбыстар шығаруға болады. Сен кейбір шулы дыбыстарды музыкалық аспаптарда шығаруға болатынын білесің. | слайд 11
|
|
— Музыкалық аспаптар бірнеше топтарға бөлінеді: үрмелі, ішекті, клавишті, ұрмалы аспаптар.
— Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Ойланып көрші. — Музыкалық аспаптар бір-бірінен орындау тәсіліне қарай ерекшеленеді. |
слайд 13
|
|
— Үрмелі аспаптардың дыбысы үрлеу арқылы шығады. Флейта аспабының үнін тыңда.
— Қазақ халық аспабы сазсырнайдың үні флейтаға ұқсайды. Сазсырнай деген атау «саздан жасалған үрмелі аспап» мағынасын білдіреді.
— Ішекті аспаптардан дыбыс ішектерді шерту арқылы шығады. Ал қобыз бен скрипка аспаптарынан дыбыс ысқышпен тарту арқылы шығарылады.
— Домбыра мен балайлака аспаптарының дыбысы ішектерін саусақтармен шерту арқылы шығады.
— Клавишті аспаптардың үні саусақпен клавишті басуқанда естіледі. Фортепиано аспабының дыбысын естген шығарсың деп ойлаймын.
— Барлық музыкалық аспаптан бұрын пайда болған ең көнесі – ұрмалы аспаптар. Ұрмалы аспаптардың дыбысы қатты болып келеді. Ұрмалы аспаптың дыбысы оны таяқшамен немесе қолмен соғу арқылы, бір-біріне тигізу және сілку арқылы шығады.
— Берілген дыбыстарды тыңдап, олардың қай дыбыс түріне жататынын анықта.
|
слайд 14
Флейта аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1Mdfq3H0FVlMeLdYQciDWfa2LWyhg-iwi/view?usp=sharing Сазсырнай аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1dU_eRQ_sJVLOIKiS5EjCFdao6NeBHP4T/view?usp=sharing Қобыз аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1MQxin2pPvlTh32xOiJxacNvMp0jrnW0S/view?usp=sharing
Балалайыка аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/192moQRErZoaSFbx6U-6W9okeMOgUqXmb/view?usp=sharing
Бубен аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1Q3aJBUlTafGbe6l81NaqtSGLq01t1BJL/view?usp=sharing
Балға дыбысын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1wKWKVGEggW8vh695QFNEghrZvj4IV8MA/view?usp=sharing Адам дауысының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/10nAMjA24xdJiKN-17aUfzYPrK79AST8h/view?usp=sharing Автомобиль дыбысын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1H0uyzI_pK4OSHF4lUNGZM1_lXFY43bLE/view?usp=sharing Өзен дыбысын қою Ссылка: https://drive.google.com/file/d/1Xm06x-fK21_uPMlWgbY5MTEcevi8gfLr/view?usp=sharing Гитара аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/16i34hLQiKfpDV7qmV7nzdmlM0etRWpK-/view?usp=sharing Домбыра аспабының аудиосын қою Сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1mLqxBqwl7uk5BCwaf6Fz6rELl5mdMoow/view?usp=sharing |
|
04.22-04.37 | Бүгін сен:
● дыбыстардың түрлерін, шулы және музыкалық дыбыстардың айырмашылықтарын білдің; ● түрлі табиғат дыбыстарын және музыкалық аспаптарды тыңдадың. |
слайд 16 |