Басы » NIO.KZ » Колледждердегі лицензиялау жүйесі өзгереді
Суретті ЖИ сызды

Колледждердегі лицензиялау жүйесі өзгереді

Егер бұрын лицензиялар тек жеке біліктіліктерге байланысты беріліп келсе, енді олар мамандықтар бойынша беріле бастайды. Бұл өзгеріс колледждерге экономиканың жаңа талаптарына жылдам бейімделуге, еңбек нарығының сұраныстарына тез әрекет етуге және мамандарды даярлау аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Бұдан былай колледждер лицензиясы бар мамандықтар шеңберінде жаңа біліктіліктерді енгізу үшін күрделі бюрократиялық процестерден өтпейді. Оларға тек материалдық-техникалық базасы мен оқытушылар құрамының тиісті екенін дәлелдеу жеткілікті болады. Сонымен қатар, модульдік оқу бағдарламалары арқылы студенттер бір мамандық аясында бірнеше дағдыны игере алады, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді», – деп түсіндірді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.

Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өңірлік бөлімдері колледждермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ресми сайттарда тиісті мәліметтер жарияланып, лицензияларды қайта рәсімдеу кестесі дайындалды. Бұл жұмыстарды 2025 жылдың 1 наурызына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Колледждер қазірден бастап жаңа мамандықтарға лицензия алуға немесе қолданыстағы лицензияларын жаңартуға өтініш бере алады. Бұл процесте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен мерзімдері бұрынғыдай сақталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *