Абдуллаева Салтанат
Арал қаласы
№2 облыстық арнаулы санаториялық
мектеп-интернат, тарих пәнінің мұғалімі
Ежелгі Қазақстан тарихы 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: §13 Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон мәселесі мен көшпелілердің баспанасы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Көшпелілер өмірімен таныстыра отырып, оқушыларды салыстыра білуге, баға беруге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбилік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін арттыру, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тіл,Әдебиет, математика, география
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: ой-қозғау, сұрақ-жауап, иллюстрациялап түсіндіру.
Көрнекілігі: карта, слайд, үлестірмелер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй жұмысын сұрау
«Жұмбақ сандық»
1Қола дәуірінде адамдар қоланы табиғаттан қалай алған?
2.Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қандай болды?
3.Петроглиф дегеніміз не?
4.Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерден табылды?
5.Абыздар кімдер, олар немен айналысқан?
6.Жеке меншік қалыптасқан кезең?
7.Андрондықтар құдайлар қайда жүреді деп сенген?
8.Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіші табылған жер
9.Археологтар ертедегі адамдар өмір сүрген кезеңдерді қандай дәуірлерге бөлді, не себепті?
10.Ерте темір дәуірінің уақыт аралығын анықта
11.Темір дәуірінде қандай тайпалық одақтар пайда бола бастады?
12.Темір дәуірінде адамдар темірді қалай өндірген?
13.Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептері?
14.Тебіндеп жайылатын малдарды ата?
15.Адамдар түйелерді не үшін пайдаланған?
16.Ат әбзелдерін ата
17.Көшпелілер неліктен арбамен көшу әдісінен бас тартты?
18.Көшпелілер мен егіншілер арасында қандай байланыс болған?
19Көшпелілер қандай малдарды баққан?
20.Көшпелілер өздері баққан малдарынан қандай өнімдер алған?
21.Ертедегі темір өндірудің ең қарапайым тәсілі?
22.Қазақстанның ежелгі тұрғындары егіншіліктен бірте-бірте мал шаруашылығына көшті?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Жайлау
А)Саяхат жолы: Көктеу Күзеу
Қыстау
Б)Көшпелілердің баспанасы
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
1.Балалар көшпелілер елі қандай екен, қандай ерекшелігі бар екен?
2.Қазіргі кезде сендер тұратын аймақта малдың қандай түрлері өсіріледі?
3.Сендер қазіргі кезде көшпелі өмір сүресіңдер ма?
4.Киіз үйдің құрылысын сыз. Қандай геометриялық фигуралар шықты?
.
5.Неліктен елтаңбада шаңырақ бейнеленген?
6. Тарихи диктант
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза
…………….. тұрмыс қалыптасты.Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань таула-
рында, Жетісудың таулы аймақтарында …………………………….. мал шаруашылығы қалыптасты.Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарында ……………………. шаруашылық дамыды.
7. «Көшпелілер» сөзжұмбағы
1.Көшпелілердің күзгі қонысы? (күзеу)
2.Көктемгі қоныс? (көктеу)
3.Кйіз үйдің бөлігі? (шаңырақ)
4.Киіз үйдің ортасында не орналасты? (пеш)
5.Киіз үйдің негізгі бөлігі? (кереге)
6.Жазғы қоныс? (жайлау)
7.Көшпелілердің баспанасы (киіз үй)
8.Көшпелілер көлік ретінде асыраған мал? (жылқы)
9.Көшпелілер көкен кезде жүгін артқан жануар? (түйе)
10.Малды күзеу? (қырқым)
8.Сабақты қорытындылау
Балалар біз көшпелілердің жылдың төрт мезгілінде: жазда-жайлауға, көктемде-көктеуге, күзде-күзеуге, қыста-қыстауға көшетінін білдік, олай болса қазір біздің елімізде өркениетті елдер қатарына қосылу үшін үш тілді меңгеру талабы қойылып отыр, сондықтан біз төрт мезгілді орысша, ағылшынша айтып көрейік.
Жаз – лето – summer
Күз – осень — autumn
Қыс- зима — winter
Көктем – весна – spring
Сонымен балалар көшпелілердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы екенін білдік және ата-бабаларымыз жайлаған ұлан-байтақ жерінде, еліміз тәуелсіз, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жарайсыңдар балалар олай болса біздің бүгінгі саяхатымыз аяқталды, көшпелілер елін ұмытпай, есте сақтаймыз.
V.Оқушыларды бағалау
VI.Үй жұмысы: §13 оқып, көшпелілер өмірі туралы қосымша дерек іздеу