№32 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жолдасбаева Баян Исаинқызы
Сабақтың тақырыбы: Килограмм
Сабақтың мақсаты:
— массаның өлшем бірлігі ретінде «килограмм» түсінігін қалыптастыру;
— оқушылардың есептеу қабілеттерін шыңдап, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
— оқушыларды тиянақтылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, санау материалдары
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Бізге қонаққа кімдер келген?
Дара мен Боти келіпті.
— Дара кім?
— Саяхатшы
— Бүгін Дара бізді өзімен бірге саяхатқа шақырып жатыр екен. Саяхатқа шығамыз ба?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, саяхатқа шықпас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.
2-4 оқушыға оқыту.
30+20=50 90дм-50дм=40дм 60+20=80 100дм-60дм=40дм
60-30=30 20дм+40дм=60дм 70-30=40 10дм+90дм=100дм
3.Ауызша есептеу. Енді саяхатқа шығуға дайындалайық. Барғанда қарнымыз ашпас үшін тамақ салып алайық. Не алсақ екен?
— Нан алайық.
— 1 бөлке нанның жалпы массасы 1кг. 3 нан алсақ неше кг нан алдық? 3 кг.
Балалар, тағы көкөністер мен жемістер алайық.
Қызанақтан 1-2-3… нешеу алайық?
— Килограммен алайық — 2кг.
Алма-2кг
Алмұрт -3кг
Қияр -2кг Барлығы неше кг көкөністермен жемістер алдық?
2кг+3кг+2кг+3кг=10кг.
Балалар, бағанадан бері біз көкөністермен жемістерді қандай өлшем бірліктермен өлшеп жатырмыз?
Жаңа сабақ.
— «Килограмм»
— Ендеше, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: килограмм
— Мақсатымыз килограмм ұғымын түсіну.
— Бұл сөзді естігендерің бар ма?
— Әрине, күнделікті естиміз.
— Олай болса, оқулықтағы №1 есепке назар аударайық.
— Суретке қараңдар екі қораптың массасы бірдей деп айтуға бола ма?
— Жоқ. Себебі ол жәшіктерді өлшеу үшін бізге не керек?
— Таразы
— Таразының әр түрі болады.(интерактивті тақтадан суреттерін көрсету)
— Ал мына суреттегі қораптар туралы не айтуға болады? Қораптың массасы әртүрлі. Қай қораптың массасы артық?
— Масса әртүрлі өлшемдермен өлшенеді. Олардың бірі- килограмм.
— Балалар, бізге жолды көрсететін не керек?
Карта.
— Картаны алып, бүгінгі жүретін жолымызды анықтайық. Бүгін біз Дарамен бірге құпия сандыққа жетіп, не жасырынғанын білуіміз керек.
— Ол үшін спорт алаңынан, өзеннен, орманнан, көгалдан өтіп, сандыққа жетеміз.
— Бүгін біздің жолымызда қиындықтар көп болуы мүмкін, сондықтан спорт алаңында денемізді шынықтыру үшін жаттығу жасайық.
Спорт алаңы суреті.
Сергіту сәті.
Қолыңды соз алға, денеңді бүк жазба,
Көтеріліп қайтадан қолыңды қой жанға.
Көтеріп оң қолды, иілеміз солға,
Көтеріп сол қолды иілеміз оңға.
Өзен суреті
Өзеннен өтуіміз керек. Ол үшін оқулықтағы №3 есепті тақтаға шығарайық. Кім тақтаға шығады? 2 оқушы шығарады.
Тары-2кг
Күріш- ?. 5 кг артық
Шешуі: 2кг+5кг=7кг
Жауабы: Гүлжан 7 кг күріш сатып алды.
Кері есеп.
Гүлжан -7 кг күріш
Тары- ? 5 кг кем
Шешуі: 7кг-5кг=2кг
Жауабы: Гүлжан – 2кг тары сатып алды.
Өзеннен өттік.
Енді орманға келдік. Орманда нелер болады?Аңдар. Осы аңдар бізді байқап қалмас үшін №2 есепті қатесіз3 оқушы тақтаға қалғанымыз орнымызда шығарайық.
Көгал суреті.
Көгалда көбелектер билеп жүріп қатарларын бұзып алыпты. Біз қателерін табайық. Ол үшін логикалық тапсырмаларды орындайық.Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4кг, ал бір аяғымен тұрғандағы салмағы неше килограмм?
Сандық суреті.
Міне, балалар, сандыққа да келіп жеттік.Сандықты ашу керек қой. Ол үшін сандықтың кілті қағаз қапшықтың массасын анықтасақ ашылады екен.
Құпия сандық ашылды. Сандықта жұлдызшалар жасырынған екен.
Бағалау.
Жұлдызшаның өзі 5 деген бағаны білдіреді. Менде сендерді сабаққа жақсы қатысқандарың үшін бағалаймын.
Қорытынды. Дара мен Ботиға рахмет айтып, шығарып салайық.
Үйге тапсырма. №4.172 бет.