Басы » Tәрбие сағаттары » Отбасы – өмір аясы (Презентация)

Отбасы – өмір аясы (Презентация)

Тақырыбы: « Отбасы – өмір аясы»

Мақсаты:

«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту,  оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;

Міндеттері:

а) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы

тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты,

дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

 

Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, ойындар
Көрнекілігі: Мақал — мәтелдер, нақыл сөздер,слайдтар көрсету, суреттер

 

Барысы:

I. а) Ұйымдастыру кезеңі

    б) Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі — күй тыңдауға шақырамын.

II. Ойланайық, пікірлесейік
«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
• «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
• Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?

Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

III. Жаңа ақпарат.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

IV. Шығармашылық жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

б) Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.

1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт — береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
с) Сергіту сәті. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет — ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер — кішіге ақылшы, кішіге — көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата — анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 — бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

д).«Бақытты отбасы модулін» салу.

Ән: «Жан аға» Сарсенова Лаураның орындауында

 

 V.Қорытынды. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер.

Өз отбасымызды қорғай білейік! ата-анамызды аялай білейік! құрмет көрсете білейік!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *