Басы » Шет тілдері » Ағылшын тілі пәнінен құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы /5 сынып/

Ағылшын тілі пәнінен құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы /5 сынып/

Ағылшын тілі пәнінен

құзіреттілікке бағытталған

тапсырмалар жинағы

/5 сынып/

Дайынған:  Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясының

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аримбекова Альмира Ғабитқызы.

                                         Түсінік хат
 
       Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзіреттілік тәсілді қолдану ұсынылып жүр,  білімге бағытталған мазмұнды құзіреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру  қажеттілігін көреміз. Құзіреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс – жүзінде , күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектеп үрдісінде қалыптасады. Яғни заман талабы оқушылардың бойына түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
       Сонымен қазіргі заманның талабына сай оқу үрдісінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру мақсатында бұл тапсырмалар жинағы 5 сынып оқушыларына арналады.
       Бұл жинақта стандарттан тыс логикалық, грамматикалық, лексикалық тапсырмалар, мәтінді мазмұндау, суретті логикалық тапсырмалар, диалогты  жалғастыру, құрастыру т.б. ұсынылды.
 Мақсаты:
Оқу үрдісінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыруға арналған тапсырмалар арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
—        оқушының ойлау қабілеті мен зейінін дамыту;
—        өз ойын дәлелдеуге үйрету;
—        заттарды салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;
—        шығармашылық қабілеттерін дамыту;
        Ұсынылған жинақтағы тапсырмалар оқушының коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу құзіреттіліктерін дамытады.
 
 
                    Оқушылардың білім, білік, дағдыларына
қойылатын талаптар:
 
 
—        Сөйлем құрастыру;
 
—        логикалық тапсырмаларды шеше білу;
 
—        мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру ;
 
—        сурет арқылы сөйлем  құрастыру;
 
—        диалогты аяқтау;
 
—        сөйлемдерді аудара білу, сұрақ қою;
 
—        қысқа әңгіме жазу ;

 

1 пікір

  1. It’seems very interesting,I like it.I want to use some elements, thank you.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *