Аманкелді ауданы
Қарасу ауылы
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Садықов Аслан Ғабдылғамитұлы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика
Сабақтың мақсаты:
А)Әр түрлі биіктіктегі арыс жасалатын жаттығуларды жетілдіру.
Ә)Акрабатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.
Б)Күштілік ептілік икемділік қасеиттерін дамыту.
Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Әр түрлі биіктіктегі арыс, гимнастикалық
төсеніш, гимнастикалық скамейка, бөрене,
гимнастикалық қабырға.
Сабақтың әдісі: Жаппай, топпен.
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Әдістемелік нұсқаулар |
І Дайындық бөлім |
15 мин |
|
|
1 | Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары | 2 мин
|
Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау. |
2 | Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
Алға жүру: 1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру 2.Қол белде өкшемен жүру. 3.Қол желкеде жартылай отыр жүру. 4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру. |
2 мин |
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау. Жоғары секіру. |
3 | Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:
1.Жеңіл жүгіріс 2.Тізені алға көтеріп жүгіру. 3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. 4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру. 6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру. |
3 мин |
Ара-қашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу. Аяқты алақанға жеткізу. Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру. |
4 | Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу. | ||
5 | Жалпы дамыту жаттығулары | 8 мин | |
1 | БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.
2.БҚ 3.Екінші аяқпенен де осылай жасау. |
4-6 рет |
Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау. |
2 | БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді. 2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау. |
6-8 рет |
Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау. |
3 | БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.
1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею 2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу. |
6-8 рет | Аяқты бүкпеу керек. |
4 | БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю. 2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау. |
8-10 рет |
Қолдарын жібермеуін қадағалау. |
5 | БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.
1.Жартылай отыру. 2.БҚ келу. |
10-12 рет |
Арқаларын түзу болу керек.
|
6 | БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу. 2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау. |
10-12 рет |
Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.
|
7 | БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.
1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды. 2.БҚ 3-4 Оң аяқпен де осылай жасау. |
6-8 рет | Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау. |
8 | БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.
1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды. 2.БҚ 3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю. 4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды. |
6-8 рет |
Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау. |
9 | БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.
1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады. 2.БҚ 3.Қайталау. |
6-8 рет | Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау. |
ІІ Негізгі бөлім |
25 мин | ||
6 | Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.
1.Гимнастикалық скамейкадан секіру; 2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау. 3.Ағаш аттан аттау 4.Гимнастикалық төсеніште артқа домалау. 5.Тепе-теңдік сақтап жүру. 6.Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу. Жаттығуларын жасату. 7.Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу. |
7 мин |
Оқушылардың тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау |
І топ Әртүрлі биіктіктегі арыста 1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну. 2.Шалқаю 3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.
4.Қарлығаш жасау.
5.Бұрыш жасап
6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру. |
18 мин |
Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау. |
|
ІІ топ Акробатикалық жаттығулар 1.Алға домалау 2.Көпір жасау. 3.Артқа домалау 4.Жауырынға тұру. 5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою. 6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру. |
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау. | ||
ІІІ топ Тепе-теңдік жаттығуларын 1.Қарлығаш жасау. 2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру. 3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу. 4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру. |
Сыныптасының көмегімен жасау. | ||
ІІІ Қорытынды бөлім |
5 мин | ||
7 | Оқушыларды сапқа тұрғызып. Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу. |