І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеру.
І нұсқа
І деңгей
1. Жаратылыстану ғылымы нені зерттейді, қандай пәндермен тығыз байланысты?
2. Экватор, меридиан, параллель, географиялық полюстер ұғымдарына анықтама бер. Экватордың ұзындықтарын атап, параллельдердің ұзындығының полюстерге қарай неліктен кемитіндігінің себебін ата.
ІІ деңгей
1. Жердің өз білігінен айналуының қандай географиялық мәні бар. Жер өз білігінен айналмаса, Жерде қандай табиғат жағдайы болар еді. Өз ойыңды айтып, оны дәлелде.
2. Берлин қаласының географиялық координатасын анықтап, Алматы мен астана қаласына дейінгі қанша қашықтықта жатқанын анықта.
ІІІ деңгей
Жер бетін картаға түсіргенде бұрмалану болады, ал глобуста бұрмалану болмайды, оның себебін атап, өз ойыңды дәлелдеп көр.
ІІ нұсқа
І деңгей
1. Жаратылыстану сөзі қандай сөздерден құралған?
2. Глобус, тәжірибе, эксперимент, көкжиек, масштаб, карта ұғымдарына анықтама бер. Сандық, атаулық, сызықтық масштабқа мысалдар келтір.
ІІ деңгей
1. Жердің Күнді айналуының қандай географиялық мәні бар. Қалай ойлайсың егер де Жер Күнді айналмаса жерде қандай табиғат орнаған болар еді, өз ойыңды айтып, дәлелде.
2. Карта бойынша мына нысандардың қай жартышарда орналасқанын анықтаңдар: Қарағанды, Африка, Оңтүстік Америка. Осылардың қайсысы қандай жартышарларда жатыр.
ІІІ деңгей
Жер бетін картаға түсіргенде бұрмалану болады, ал глобуста бұрмалану болмайды, оның себебін атап, өз ойыңды дәлелдеп көр.
Бағалау критерилері:
- І деңгейдің сұрақтарына толық және ІІ деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана ІІІ деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана ІІ деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
- І және ІІ деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, ІІІ деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана ІІІ деңгейді және І деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
- І, ІІ, ІІІ деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
География 7 класс
І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеру.
І нұсқа
І деңгей
1. Географиялық карталардың мазмұнына қарай қандай түрлерге бөлінеді, оларға мысал келтір.
2. Табиғат кешені дегеніміз не? Жер бетінде табиғат кешендерінің көп болуы неліктен?
ІІ деңгей
1. Экваторлық және тропиктік климат белдеулеріне салыстырмалы түрде сипаттама беріп, бұл климаттық белдеулердегі ерекшеліктердің жердегі қысым белдеулеріне тәуелділігін түсіндір.
2. Мұхиттық ағыстардың пайда болу себебі неде, олардың материктің табиғатына, климатының қалыптасуына тигізетін әсерін айқында.
ІІІ деңгей
Табиғат кешендерінің адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеруінің алдын алу үшін қандай шаралар қолданар едің, өз болжамыңды ұсын, оның тиімділігін дәлелде.
ІІ нұсқа
І деңгей
1. Географиялық карталарды масштабына қарай қандай түрлерге бөлеміз, оларға мысал келтір.
2. Жер бедері дегеніміз не? Олардың алуан түрлі болуының негізгі себебі неде?
ІІ деңгей
1. Тұрақты желдер және олардың пайда болу себептерін анықтап, желдердің қысым белдеулерге тәуелділігін түсіндір.
2. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүзілік мұхиттың атмосфера және материктермен өзара әрекеттесуін түсіндір.
ІІІ деңгей
Мұхиттың болашағы, мұхит суларын қорғау, қазіргі заманға сай зерттеу тәсілдері қаншалықты тиімді, қаншалықты нәтижелі жүргізілуде. Өз қорытыныңды жасап, оны дәлелдеп көр.
Бағалау критерилері:
- І деңгейдің сұрақтарына толық және ІІ деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана ІІІ деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана ІІ деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
- І және ІІ деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, ІІІ деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана ІІІ деңгейді және І деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
- І, ІІ, ІІІ деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
География 8 класс
І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеру.
І нұсқа
І деңгей
1. Қазақстанның физикалық-географиялық орны, шекарасы.
2. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан жерінің зерттелуі.
ІІ деңгей
1. Ұлы Жібек жолының маңызы неде? Салпы сипаттама бер.
2. Қазақстанның жер бедерін, оның геологиялық, тектоникалық құрылысымен салыстыра отырып сипаттама бер.
ІІІ деңгей
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалардың ірі кен орындарын атап, олардың тау жыныстарымен байланысын түсіндіріп, оны дәлелдеп көр.
ІІ нұсқа
І деңгей
1. Қазақстанның дүниежүзіндегі алатын орны.
2. Қазақстан жері туралы ертедегі зерттеулер.
ІІ деңгей
1. Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін анықтап, жер бедерін ірі табиғи аудандарға бөл.
2. Жердің геологиялық даму таихы қандай уақыт бірліктеріне бөлінеді?
ІІІ деңгей
Қазақстан жерінде қай жерде тау жасалу процесі әлі де жүруде, оның себебі неде? Осы тау жасалу жүріп жатқан жерлерде сейсмикалық белдеудің болуын немен түсіндіресің? Өз болжамыңды дәлелде.