Байқоныр қаласы
Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы
білім беретін №14 орта мектеп
Бекпанова Бағила
Оқытушы шеберлігі
ХХI ғасыр білім мен ғылым ғасыры болғандықтан білім беру жүйесін жетілдіру талабы оқушыдан шығармашылық белсенділік, инновациялық, жаңа өзгерістерге дайын болуды талап етуде. Оқытушы бар қабілеті мен қарым-қасиетін оқу мақсатын орындауға жұмсай алатын, тіл заңдылықтары үйренуде оқытудың формалары мен тиімдіәдіс-тәсілдерін таңдай алатын, өз қызметін сапалы білімімен, шығармашылықпен ұдайыжетілдіріп отыратын жан. Сонымен оқытушыларды қамтитын бірінші деңгейдегі шеберліктері:
- Репродуктивтілік: оқытушы материалды жақсы білу шарт, педагогика ғылымының барлық сласының тарихи кезеңдерін, оның дамуының басты ұстанымдары мен идеяларын меңгерген тұлға.
- Бейімделуші педагог нақтылы жағдайды есепке ала отырып оқу үрдісін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай мақсатты жүзеге асыру үшін оқытушыға мынадай білімдерді терең білуі қажет:
а) жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психологияны;
б) педагогиканың теориясы мен технологиясын;
в) дидактика әдістемесінің тарихы жайлы білімі терең болуы қажет;
Педагог оқытудың моделін көрсете алады және жүйелі түрде талдама жасап шығаруға мүмкіндігі бар. Білімнің ерекше саласының бірі – педагогикалық диагностика – әр түрлі педагогикалық құбылыстарды терең сезіну процесі және олардың белгілі бір кезеңдерінде қажетті жағдайда жүзеге асыруының негізгі сипаттамасы болады. Білім беру жүйесінде технологиялардың әрқайсысы тілді меңгеруде өзара орын ала келіп, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтас қолдану арқылы, әрбір технология тілді меңгертудің түпкі нәтижесіне қызмет ететін, соған қолайлы жағдай туғызатын оқытудың өзара сабақтас жүйесі деп қараған жөн.
Оқытушыны дайындауда ұйымдастырушылық, мазмұндылық және технологиялық аспектілері де есепке алынады. Бұдан шығатын қорытынды, болашақ оқытушы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі қалыптасу кезінде педагогқа тән машықты толығымен меңгеруітиіс. Ойға жақсы сақтап қалу оңайға түспейді, сол үшін де өз бетінше кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіріп отыруымен бірге, білімін де көтеріп отыруға дағдылануы тиіс. Оқытушының қалыптасуына зейінділгі есте сақтау қабілетінің зейінділігі, мықтылығы, жылдам датерең ойлылығы саналы да белсенді түрде өз бетінше тынымсыз жұмыс жүргізгенде ғана қол жеткізеді. Орта оқу орындарында білім беру мәселелеріне талдау жасағанда көңіл аударатын мәселелердің бірі оқытушының инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздерін қалыптастыру болып табылады. Инновациялық іс-әрекетінің тууына әсер ететін механизімі мен жағдайын сөз етер болсақ, бұл механизм жұмыс істейді, сол уақытта, егер кездесетін оқытушының психологиялық кездегілерді жеңе білсе, кәсіптік талаптарды шешу барыснда жеке тұлға бұрыннан жеке тұлға бұрыннан қалыптасқан жүйеден шығып, іс-әрекетті басқашажүзеге асыруды жаңа, тың өзіндік пікірінің болуы да есептеледі. Әрине, бұл айтуға оңай, шын мәнінде педагогикалық шеберлік көп ізденіс пен тәжірибеге байланысты қалыптасады. Педагог шәкірттерінің алдындағы өзінің инновациялық қызметіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонда ғана ол сапалы білім беру үрдісінің шыңына шығады. Қорыта келгенде, оқытушы мектептің оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану атты ашық сабақтарға, біліктілігін көтеретін арнайы семинарларға қатысып тұру шарт.
[bws_related_posts]