бастауыш сынып мұғалімі
Адилова Еркем Алдонғарқызы
Сабақ мақсаты: оқушыларға өз жұртын біліп, ата-ананы, қарияларды қадірлеп, күте білуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, сызбалар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Тақырыпты ребус арқылы ашу.
Сабақ барысы:
Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Сұрақтар:
-Өз жұрты дегенді қалай түсінесіңдер?
-Міне ұл бала, ал мына атаулар оған кім болады, түсіңдеріңдер.
Қазақта қандас туыстық тек еркек тарапынан ғана жүреді.
Қандас туыстыққа байланысты атаулар: өз елі бойынша – баба, ана, әке, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере. Әрбір шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі – ата-анасы мен әжесі. Қазақ ежелден ата-ананы, қарияларды қадірлеп, күте білген.
Мал бағу, егін өсіру, аң аулау әке міндеті болса, үй ішіндегі жұмысты әйел басқарған.
Сұрақтар:
-Нағашы жұрты дегенді қалай түсінесіңдер?
Міне ұл баланың шешесі, ал мына атаулар, ұлға кім болады түсіндіріңдер.
Жігіттің екінші жұрты – шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.
Топпен жұмыс.
1 топ тапсырмасы:
7 атаны атаңдар.
I-ата
II – әке
III – бала
IV – немере
V – шөбере
VI – немене
VII – шөпшек
2 топ тапсырмасы:
Ата-баба тәрбиесі жөнінде мақал-мәтелдер жазу
Ата – балаға сыншы
Атадан ұл туса игі
Атажолын қуса игі
Аталы ел – баталы ел
Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю
2 топ тапсырмасы:
Үштің атасын атаңдар:
1- Жол атасы-тұяқ
2- Сөз атасы-құлақ
3- Су атасы –бұлақ
Қорытынды.
Сұрақтар:
- Жігіттің неше жұрты бар ?
- Өз жұртына байланысты туыстық атауларын білесің бе ?
- Шешесі жағынан туысатын жұртын қалай атайды ?
- Туыстық атауларды білу не үшін қажет ?
- Өз туыстарың жайлы айта аласың ба ?