Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы білім беретін №14 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы»
Мақсаты:
- Оқушыларды арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесі қосындысының формуласымен таныстырып, осы формуланы қолдану арқылы оқушыларды есептер шығара білуге үйрету.
- Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік туғызу, алған білімдерін мысалдармен бекітіп, қорытынды жасауға және ізденушілік пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін одан әрі дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, ішінара ізденушілік,
репродуктивті, «ой қозғау»
Сабақтың көрнекілігі: мультипроектор, слайд, нақыл сөздер, формулалар,
ҰБТ есептері
Сабақтың барысы
- I. Ұйымдас тыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Психологиялық дайындық.
Қазақ халқы қонақжай халық. Үйімізге қонақ келсе, төрге шығарып, жылы-жұмсағымызды ұсынып, жайлаймыз. Ендеше біз де бүгінгі сабақта қолымыздан келгенше ерекше белсенділік танытып, қала мектептерінен келген қонақтарға өз сый құрметімізді тарту етейік.
б) Шығу парағын /кері байланыс/ оқушыларға тарату
- II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасының шығару жолы слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар өз жұмыстарын тексереді.
№173
a3=25, a10= -3 болатын арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
Шешуі. a3=25, a10= -3 және a3=a1+2d, a10=a1+9d болғандықтан, келесі теңдеулер жүйесін аламыз:
Осыдан 7d= -3-25 немесе d= -4 аламыз. Онда a1=33 екенін анықтаймыз
Жауабы: a1=33,. d= -4
№177
ә) 30 саны -25;-19;… арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
Шешуі.
Берілгені бойынша a1= -25, a2= -19 және a2=a1+d болғандықтан, -19=-25+d, бұдан d=6. Ендеше an=a1+(n-1)d формуласынан 30 =- -25+(n-1)*6, 30 = -25+6n-6, 30 = —31+6n, 6n =61, n = ;: n€N
n саны арифметикалық прогрессияның мүшесі бола алмайды.
№184
ә) б) сандар тізбегінің арифметикалық прогрессия болатынын немесе болмайтынын анықтап, a1 мен d-ны анықтаңдар.
Шешуі.
d=а2 –а1, d=4– , d= .
d=а3 –а2, d= , d= .
d=а4 –а3, d= ., d= .
Арифметикалық прогрессия болады.
Жауабы: , d= .
III. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру
«Ой қозғау»
1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымда;
2. Арифметикалық прогресcияның айырымы дегеніміз не?
3. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жаз.
/Өткен тақырыпты қысқаша қорытындылау/
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
Сабақтың айдары:
«Адамзат үшін ХХI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде»
/Елбасымыздың оқушыларға Жолдауынан/ Н.Ә. Назарбаев.
Алғашқы жүз натурал сандардың қосындысы берілсін.
1+2+3+…+98+99+100
Бұл қосындыны қалай есептеуге болады? Ойланып көрейік.
Бұл қосындыны барлық сандарды біртіндеп қосу арқылы табуға болғанымен, көп уақытты алады. Сондықтан қосындыны табудың қысқа жолын іздестіру қажет. Ол үшін 1-ден 100-ге дейінгінатурал сандар қосындысын өсу және кему ретімен жазайық:
10+99+98+…+3+2+1
Бұл жазудан бірінің астына бірі жазылған сандардың қосындысы өзара тең екенін көруге болады:
1+100=2+99=3+98=…=98+3=99+2=100+1
Кез-келген сандар жұбының қосындысы 101-ге тең, ал жұптар саны 100-ді береді.
Сондықтан келесі есептеуді орындауға болады:
1+2+3+…+98+99+100=(101*100):2=5050
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын шығару үшін осы жолды қолданайық. Ол қосындыны Sn деп белгілейміз, яғни:
Sn =a1+a2 +a3 +…+an (1)
(1) теңдіктің оң жағындағы қосылғыштардың ретін кері ауыстырып жазсақ, одан Sn мәні өзгермейді. Демек Sn үшін
Sn =an+an-1+an-2 +…+a3+a2 +a1 (2)
Енді (1) және ( 2) теңдіктерді мүшелеп қоссақ, онда
2Sn=( a1+an)+(a2 +an-1)+(a3+an-2)+…+ (an-2+a3)+(an-1 +a2)+(an+a1)
Ендеше 2Sn=( a1+an)* n, осыдан
Sn= (3)
(2) арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы туралы теореманы дәлелдедік.
Теорема. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің
қосындысы шеткі мүшелерінің қосындысының жартысын
барлық мүшелер санына көбейткенге тең болады.
Егер арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын пайдалансақ, онда арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Sn= (4) болатынын үйден өз беттеріңше дәлелдейсіңдер.
Бұл формуламен a1, d, S белгілі болған жағдайда, прогрессия мүшесінің санын оңай табуға болады.
1+мысал. 1; 3,5; … арифметикалық прогрессияның алғашқы жиырма мүшесінің қосындысын табайық. a1= 1, a2=3,5, онда d=2,5-ке тең. Прогрессияның 20-шы мүшесін табайық. Ол үшін арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қолданамыз, сонда
a20=1+2,5*(20-1)=1+2,5*19=48,5
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын анықтайтын формуланы 20-шы мүше үшін жазсақ, шыққан формулаға a1, a20 және n-нің мәндерін қойып, іздеп отырған қосындыны табамыз:
S20=
Жауабы: 495
2-мысал.
Егер арифметикалық прогрессияның төртінші мүшесі 38-ге, оныншы мүшесі 68-ге тең болса, онда арифметикалық прогрессияның алғашқы қырық бір мүшесінің қосындысын табыңдар.
Шешуі. Берілгені бойынша .a4=38, a10=68 және a4=a1+3d, a10=a1+9d болғандықтан, келесі теңдеулер жүйесін аламыз:
Осыдан 6d=30 немесе d=5 аламыз. Онда a1=23 екенін анықтаймыз Енді n=41 екенін ескеріп, (4) формула бойынша алғашқы қырық бір мүшесінің қосындысын есептейміз. Сонда
S41=
Жауабы: 5043.
3-мысал.
Егер арифметикалық прогрессияда а1= 10, d= -1,5 және Sn= -200 болса, онда n және an –ді есептейік.
Шешуі. Есептің шарты бойынша бірінші мүшесі, айырымы және алғашқы n мүшесінің қосындысы белгілі болғандықтан, (4) формуланы пайдаланамыз. Сонда
немесе немесе
3n2-43n-800=0 шығады. Квадрат теңдеуді шешсек екі түбірі бар:
n=25-ті аламыз. Табылған n-нің мәндеріне сәйкес an мәндерін
an=a1+(n-1)d формулаларын қолданып есептейміз. Сонда
a25=10+(25-1)*(-1,5), бұдан a25= -26
Жауабы: n=25; a25= -26
V. Жаңа сабақты бекіту.
/Оқулықпен жұмыс/
№185
103;101;… онда арифметикалық прогрессияның алғашқы
ә) жүз үш мүшесінің қосындысын табыңдар.
Шешуі.
Бер: {an }–арифметикалық прогрессия
a1=103, a2=101
S103=?
a1=103, a2=101, онда d= -2-ге тең. Прогрессияның 103-ші мүшесін табайық. Ол үшін арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қолданамыз, сонда
а103=103-2*(103-1)=103-2*102=103-204=-101
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын анықтайтын формуланы 103-ші мүше үшін жазсақ, шыққан формулаға a1, a103 және n-нің мәндерін қойып, іздеп отырған қосындыны табамыз:
S103=
Жауабы: 103
№186
a) Егер a1=7 ; d=4; n=13 болса, онда n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын табыңдар.
Шешуі.
Бер: {an }–арифметикалық прогрессия
a1=7, d=4, n=13
n=? S103=?
an=a1+(n-1)d, an=7+(13-1)*4=55, S13=
Жауабы: n=55, Sn=403
№187.
a) a1=10, d=4, an=50 берілген, n-ді және Sn –ді табыңдар
Шешуі.
Бер: {an }–арифметикалық прогрессия
a1=10, d=4, an=50
n=? S103=?
an=a1+(n-1)d, 50=10+(т-1)*4, n=11, S11=
Жауабы: n=11, Sn=330
№190
a) 4; 8;… арифметикалық прогрессияның қосындысы 112-ге тең болатындай неше мүшесін алу керек?
Шешуі.
Бер: {an }–арифметикалық прогрессия
a1=4, a2=8, Sn=112
n=?
d=8-4=4, an=a1+(n-1)d, 112=4+(n-1)*4, an=4n, Sn= ;
S15= ; a15=a1+=14d; a15=; 2+14*3=44;
S15= ;
Жауабы: : a15=44; S15= 345
ҰБТ есептері (2013 жыл)
0013 нұсқа
№21
Арифметикалық прогрессияның үшінші мен сегізінші мүшелерінің қосындысы 14-ке тең, ал төртінші мүшесі жетінші мүшесінен 6-ға артық. Прогрессияның екінші мен тоғызыншы мүшелерінің қосындысын табыңыз.
Бер: — арифметикалық прогрессия
Шешуі:
А)17 В)14 С)16 D)18 E)15
Жауабы: В
- VI. Сабақты қорытындылау
Формуланы қалпына келтірейік:
S10= ; Sx= ; S50= Sx=
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған күнді немесе сағатты босқа өтті деп сана »
Ян Амос Каменский
VII. Үйге тапсырма
- §11 №185/а/, №186 /ә,б/, №187 /ә/, №190 /ә/, №191 /ә/
Sn= формуласын дәлелдеу
Шығу парағын /кері байланыс/ мұғалімге тапсыру
VIII. Бағалау
[bws_related_posts]