Басы » Бастауыш сыныптар » М.Дулатұлы. Наурызкөже

М.Дулатұлы. Наурызкөже

 Қызылорда  облысы  Байқоңыр  қаласы

 Ю. А. Гагарин  атындағы  №8 жалпы  білім  беретін

бастауыш сынып  мұғалімі

Жалгасбаева Дина Жаксылыковна

Сабақтың тақырыбы:  М.Дулатұлы. Наурызкөже

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру, оларды саналы түсініп, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.

2. Дамытушылық: көркем сөздерді меңгерту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын молайту, ұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақ түрі: дәстүрлі.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой түйіндеу, дамыта оқыту,көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатұлы суреті, «Наурыз мерекесі» суреті, ойын.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

(Психологиялық дайындық) «Қызығушылықты ояту»

  • Балалар, күн анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз сол күн сәулесінен қуат алайық.
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Сәрсенбі.
  • Ендеше сәрсенбінің сәтті күнінде өткелі тұрған сабағымызға сәттілік тілеп, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
  • Күніміз шуақты болсын!
  • Көктем жылуын әкелсін!
  • Біліміміз толсын!
  • Бестік болсын бағамыз!
  • Жұлдыздай жарқырайық!
    • Үй тапсырмасын тексеру
    • «Самал» мәтінін мәнерлеп, жүргізіп оқу.
    • Мазмұнын айту.
    •  Автор туралы әңгімелеу
    • Қожаберген Толыбайұлы (1663-1768) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол әйгілі ғұлама, шежіреші, жырау болған. Араб, парсы тілдерін меңгерген.13 жасынан ақындыққа бет бұрған, 17 жасында ауыз әңгімелерді өлеңмен жырлаған.
      • Табиғат құбылыстарын атау
        • Найзағай, жел, жаңбыр, қар, тұман, боран, қырау,кемпірқосақ т.б.
        • Жұмбақ шешу

Шөпті жапырып,

Құмды сапырып,

Қоқысты үйіріп,

Әкеткен не шүйіріп?       ( құйын )

Шөміші жоқ,

Теңізді сапырады.

Кебісі жоқ,

Егінді жапырады.          ( дауыл )

Жерді тырнап,

Бұтаны ырғап,

Шөпті сипап,

Ұшады зырлап,

Жанын қинап,

Ұлиды зарлап.               ( боран )

  • Өткен сабақты қорытындылау. «Біз не білдік?»
  • Сұрақ-жауап
    • Әдебиет пәнінде қандай шығармалар түрімен таныстық?
    • Өлең, ертегі, аңыз, мысал, көркем шығарма т.б.
    • Мысал дегеніміз не?
    • Мысал – аң, хайуанат, заттарды кейіпкер етіп, солардың әрекеті арқылы адам бойындағы мін, кемшілікті келеке ете отырып тәрбиелейтін шығарма. Мысал өсиет, ақыл айтуға да құрылады. Бұл шығармаларды жазатын адамды мысалшы дейміз.
      • Мәтінде қандай теңеу сөздер бар?
      • Алтын кірпік, күміс сәуле, киіздей сірескен көк майса шөп.
      • Шық қай кезде болады?
      • Көктемнің жылы күндерінде таңертең күн жаңа ғана шығып келе жатқан кезде.
        • Жел дегеніміз не?
        • Жел – атмосфера қабатында қысымның бірқалыпты тарамауынан пайда болатын, кейде қатты, кейде баяу соғатын ауа ағымы.
          • Желдің қандай түрлері бар?
          • Құйын, аңызақ, баяу, боранды, бұрқасын, дауыл, салқын, самал, тентек, түтек, ызғырық, ыстық, жеңіл, ескек, қоңыр, майда, өкпек т.б.
            • Самал жел деген не?
            • Самал жел – қоңыр салқын майда жел.
            • Майда жел туралы қандай шығармада оқыдық?
            • Т.Молдағалиевтың «Көл» өлеңінде.
            • Мысалдың негізгі идеясы?
            • Әлемдегі тіршілік иесіне тек ізгілік, мейірімділік көрсету.
            • Ізгіліктің қандай шарттарын білеміз?
            • Қайырымдылық, рақымшылық, жақсылық,ізгілік.
            • Жаңа сабақ:
            • Балалар, алдымызда барлық адамзатты осы ізгілікке, жомарттыққа,  ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақыратын Наурыз мерекесі келе жатыр.
              • Ойын «Сиқырлы сандар»

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

К

А

Р

Ө

Н

Ы

У

Ж

З

Е

5

2

7

3

6

9

1

4

8

10

Н

А

У

Р

Ы

З

К

Ө

Ж

Е

Бүгін М.Дулатұлының «Наурызкөже» мәтінімен танысамыз.

  •  Автор туралы әңгімелеу
  •  Міржақып Дулатұлы – қазақша-орысша білім алған ақын. Ол Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында 1885 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген.Әуелде молдадан тіл сындырып, артынан Торғайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде бес жыл оқып білім алады. 2 жаста шешеден, 12 жаста әкеден жетім қалып, Асқар деген ағасының тәрбиесінде болады.Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділетсіздікпен жан аямай күресумен өтеді.Міржақып алдындағы ақыл-ой ағалары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсыновтарды үлгі тұтады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен де араласады.Ол өзінің көркем шығармаларымен, мақалаларымен, қоғамдық істерімен туған елінің махаббатына бөленеді. Ақынның «Оян, қазақ!», «Азамат», «Терме» атты кітаптары, «Есеп құралы» оқулығы, «Оқу құралы» атты оқу кітабы бар. «Шешенің баласын сүюі», «Жастарға», «Шәкірт», «Қазақ жерлері», «Наурыз» атты өлеңдері бар. Ақын өлеңдерінде қазақ халқан азаттыққа, теңдікке үндейді, оқуға, ғылымға тартуды, еңбекке баулуды көздейді.
    • Оқулықпен жұмыс.
    • Мәтін мазмұнымен таныстыру

Наурыз – жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Парсының Нау (жаңа), руз

(күн) деген, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан. Наурызда күн мен түн теңеседі, жаңа жыл келеді.Бұл айдың шығыс, оның ішінде қазақ елі үшін орны бөлек.Оны жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайтын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. Ол күні таңертең ертемен  ер адамдар қолдарына күрек, кетпен алып арықтарды тазалап, бұлақтардың басын ашса, ал қариялар «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп тал егеді.

Наурызкөже – Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам.Оны әр үй 7түрлі дәмнен жасап, оған қазы сияқты сыйлы мүшелер қосады. Халқымызда 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша 7қазына, 7ата, 7күн, 7қат көк, 7күлше, 7 ғалам т.б. 9 саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. 9 жолдың торабы, 9 қабат  торқа кию, бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз, 9 ай,9күн сөздері тегін шықпаған болу керек. Халқымыздың қасиет тұтатын тағы бір саны – 40. Қырықтың бірі – қыдыр, қырқынан шығару, қырқын беру т.б. Осы сандар тілімізді тұрақты сөз тіркестері түрінде пайдаланылады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады т.б.

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.(мұғалім)
  • Тізбектей оқу.
  • Іштей оқу.
  • «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны (Оқушылар дәптерге мәтіндегі негізгі ойды білдіретін бірнеше сөздер жазады)
    • Сөздерді пайдалана отырып мәтін мазмұнына талдау жасау.
    • «Көркем ой» (Наурыз мерекесіне байланысты қандай өлең естеріңе

түседі?) Сергіту сәті

Көңілімен кең дархан,

Жайылды ақ дастархан.

Наурызкөже құйылды,

Жеті түрлі дәм салған.

Балқаймақ бар, талқан, құрт,

Дәм татуда келген жұрт.

Батасын берді ақсақал:

«Молайсын» деп, «ырыс-құт»!

  • «Сен білесің бе?»
  • Басқа елдерде наурыз мерекесі қалай тойланады деп ойлайсың?
  • Үндістан, Иран, Ауған, Түрік т.б.
  • Үндістан — Үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.
  • Ауған – 7 күн 7 түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады.

Міндетті түрде жаңа киім тігіледі. Бүкіл елде жаңа жыл «Жаңа киім күні» деп аталады.

  • Иран – Наурыз күні басы (шинмен-ш) басталатын 7 түрлі затты дастарханға қояды. Әр заттың өз мағынасы бар.
  • Түрік елі – Алты күн садақ атып машықтанған соң 7-күні алтын теңге атып жарысады. Кімде-кім бірінші боп атып түсірсе, сол адамға бір күн «патша» болуға, ел билеуге ерік беріледі.
  • Наурыз мерекесі біздің жерімізде қалай тойланады? Қандай салт-дәстүрлер сақталады?
  •  Киіз үй тігіледі, ұлттық ойындар ойналады, ұлттық киімдер киеді, наурызкөже пісіріледі.
    • Қандай ұлттық ойындар ойналады?
    • Бәйге, теңге ілу, алтыбақан, ақсүйек, қыз қуу, ат жарыс, көкпар т.б.

Ұлттық ойын «Теңге ілу»

  • Ұлттық төл теңгеміз қай жылы күшіне еніп, қолданысқа түсе бастады?
  • 1993 жылы 15 қарашада
  • Наурыз күнгі салт-дәстүрлерге байланысты айтылатын мақал-мәтелдер?
  • Бір тал кессең, он тал ек.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

  • Салт-дәстүр деген не? Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
  • Қасиетті тағам дегенге қалай түсінесің? Қасиетті сөзіне мағыналас сөздерді айт.
  • Еліміздің гүлденуі үшін Наурыз мерекесі күні аулаға 20 ағаш отырғыздық. Ол ағаштартың арасы 2 метрден. Осы ағаштар неше метрге созылады?
  • Наурыз күні нелерге тыйым салынады?
    • Қорытындылау
    • Сұрақ-жауап
      • Мәтіннің негізгі идеясы қандай?
      • Ұлтымыздың салт дәстүрін қастерлей білуге үйрету.
      • Қазақтан басқа қандай елдер тойлайды?
      • Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ. Сонымен бірге өзбектер, армяндар, тәжіктер, татарларт.б.
      • Көктемде қандай мерекелер бар?
      • 8 наурыз, 22 наурыз, 1 сәуір, 12 сәуір, 1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр.
    • Топтастыру «Наурыз»
    • Наурыз тілек айту
  • Үйге тапсырма
  • Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу, «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында

шығарма жазу.

  • Бағалау, мадақтау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *