Басы » Физика » Электр кернеуі.Вольтметр.Электр тізбегі.

Электр кернеуі.Вольтметр.Электр тізбегі.

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№2 орта мектеп
Жоғары санатты,І (озық) деңгейлі физика пәні мұғалімі
Отегенова Ақсырға Кенжеғали қызы

Сабақтың тақырыбы: Электр кернеуі.Вольтметр.Электр тізбегі.
Белсенді оқытудың мақсаты:Электр кернеуі туралы мәліметтер берумен ,оның физикалық мағынасын ашу және оны өлшейтін құрал вольтметрдің құрылысын таныстыру.
Негізгі дереккөздер:  Интертақта,компьютер, оқулық, вольтметр,бағалау бетшелері.
Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері:топтық жұмыс,Жигсо стратегиясы,диалогты оқыту,АКТ.

Күтілетін нәтиже:кернеу туралы оның белгіленуін, өлшем бірлігін,өрнегін, оны өлшейтін аспап вольтметрдің құрылысын,электр тізбегіне параллель жалғанатынын және электр тізбегі бөліктерін білетін болады.
Сабақтың жүрісі:
І.а).Топтық жұмыстың ережесін оқушылардың өздеріне айтқызып тақтада жазылып қойылады: уақытқа бағыну,мұқият бір-біріңді тыңдау,басқаның пікірін бағалау,ашық еркін тақырыпқа байланысты ойыңды айту.(2мин)
Ә).Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу(үйге берілген тапсырма негізінде дайындалған карточкалар мен топқа бөлінеді яғни карточкаларда «Ток күші .Амперметр»тақырыбына байланысты мәліметтер жазылады).Бұл карточкалар оқушыларға таратып беріледі,содан кейін үй тапсырмасын дұрыс дайындалып келген оқушылар шапшаңдатып өздерінің қай топқа қатысты екендерін біледі және сол топқа жинақталып отырады.Мысал үшін:№1 топ-«Ампер» тобына (негізгі ток күшінің бірлігі,француз физигі,1Кл/1с,адам ағзасына қауіпті)мәліметтер жазылған карточкалар жинақталады.
№2 топ «Амперметр» тобына (ток күшін өлшейтін құрал,шкаласында «А»әріп қойылған құрал,шартты белгісі дөңгелек ішінде «А»қойылған,ток күші өлшенетін құралмен тізбектеп қосылады) мәліметтер жазылған карточкалар жинақталады.
№3 топ «Ток күші» тобына(формуласы I=q/t қатынасымен сипатталады,өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы,үлестік және еселік өлшем бірліктері миллиампер,микроампер және килоампер болатын шама,электр тогын өлшеу және салыстыру үшін енгізілген шама) мәліметтер жазылған карточкалар жинақталады.Топқа бөлініп болғаннан кейін әр бір топ өздерінің топ атауларының мағынасын қорытындылап ойын жинақтап бір-бір оқушыдан сөйлейді(4 мин).Әрбір топтың топбасшылары ,бағалау бетшесіне топқа бөлінуден бастап бағалауды орындайды.Үй тапсырмасы бойынша топқа бөліне алмағанда немесе қателесіп басқа топта отырып қалса,сол оқушыға бірінші тапсырма бойынша (-) қойылады.Ал дұрыс тауып топта жиналған оқушыларға (+) қойылады.Топ атауларына дұрыс сәйкес келетін жазбасы интер тақтада көрсетіледі,соған қарай дұрыс-бұрысын анықтай алады.Бағалау бетшесі қосымша бетте.
Мұндай топқа бөлу әдісімен біріншіден үй тапсырмасын тексересің,екіншіден оқушыларды топқа бөлесің,үшіншіден оқушылардың қызығушылығын оятасың.
ІІ.Мағынаны ашу.
1). Оқулықпен жұмыс-түгел тақырыпты әр бір топтағы төрт оқушыға бөліп беріледі(1-ші оқушы бірінші тақырыпшаны,2-ші екінші тақырыпшаны,3-ші оқушы үшінші тақырыпшаны,4-ші оқушы төртінші тақырыпшаны),берілген (3 мин) уақытта оқып шығады.
2).Топта талдау.Оқып болғаннан кейін барлық топтағы №1 оқушылар бір топқа,№2 оқушылар бір топқа,№3 оқушылар бір топқа,№4 оқушылар бір топқа жиналады және оқығандарын бір-біріне айтып талдайды(3 мин).
3).Жаңа топта талдау.Талдап болғаннан кейін бастапқы топтағы орындарына барып ,топта қайта талдайды(3 мин).
4).Кестемен жұмыс.Тақырыпты талдап болғаннан кейін тақырыптың физикалық мағынасы ашылатындай кестені толтыру тапсырылады(10 мин)
№ Физикалық шама Белгі
ленуі Форму
ласы Өлшем бірлігі Жалғау
өлшем бірліктері анықтамасы
1 Электр кернеуі U U=A/q В мВ,мкВ,
кВ,МВ, Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда,электр өрісінің атқаратын жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.
2 Электр тогының жұмысы А A=qU Дж мДж,мкДж,
кДж,МДж Токты тудыратын электр өрісінің жұмысы токтың жұмысы деп аталады.
3 Электр мөлшері немесе заряд q q =A/U Кл нКл,мКл,
мкКл Денелердің немесе бөлшектердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуын сипаттайтын физикалық шама.
Берілген уақытта кестені бірінші ,дұрыс толтырған топ тапсырма бойынша өз ойларын айтады.Әр бір топтан бір оқушы қысқа да нұсқа нақты сөйлейді
(2 мин).
5).Вольтметр арқылы жұмыс.Топқа вольтметр таратылып беріледі және оның қандай бөліктерден тұратынын,шкаласындағы әр бір бөлік құнын және электр тізбегіне қалай қосу керектігін анықтау тапсырылады(4мин)
ІІІ.Ой толғау.Қыздыру шамы,ток көзі, амперметр,вольтметр,кілттен тұратын электр тізбегінің сызбанұсқасын сызу тапсырылады(3 мин).Ойын жеткізу үшін (5 мин) уақыт беріледі.
ІV.Бағалау.(5 мин)Топбасшылары өз тобындағы оқушылардың бүгінгі сабақтағы алған бағаларын айтып береді(мұнда неліктен?,неге ?3,4,5 )деген бағаларды алғандығын дәлелдеп шынайы,нақты бір бірін бағалайтын болады.

V.Үйге тапсырма.§.37 .Қосымша тапсырма үйдегі немесе мектептегі физика кабинетіндегі электр тізбегін және ток көзінің неше вольт екендігін анықтап, сызбанұсқасын сызып келу(1 мин).
Бағалау бетшесі.
№ Оқушы
ның
аты-жөні Үй тапсырмасы бойынша топқа бөлу Оқулықпен жұмыс Топта талдау Жаңа топта талдау Кестемен жұмыс Вольтметр арқылы жұмыс Қорытынды баға.
1
2
3
4

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *