Сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Неге кейбір оқушыларға мектеп бағдарламасын игеру оңай, мектептегі сайыстың барлығын жеңіп алады. Ал, кейбір оқушыларға орта деңгейлі тапсырмаларды орындай алмай қиналып жатады.
Бұл мәселені кей психологтар баланың мотивациялық деңгейінің әр түрлілігінен көреді.
Пәнге қалай назар аударуды жақсартамыз
Сізе қажет
Балаңыздың дамуына деген талпынысын қолдау
Психолог кеңесі
Дайындық үшін бос уақыт табу
Инструкция
1.Балаңыз оқуда белгілі бір жетістікке жету үшін оны үнемі ынталандырып отыру керек.
Біріншіден балалар жоғары деңгейлі жетістікке жетістікке жеткісі келеді. Өйткені олар жоғары эмоциялық стимулға ие. Мотивация сырттан және іштен болу мүмкін. Сіз ата-ана сыртқы мотивацияның көзі болуыңыз керек. Тек солай ғана баланы сабаққа деген мотивациясын оята аласыз.
Балаңызды сабаққа көбірек ынталандырсаңыз ғана (қысым көрсету, ұырсу арқылы емес), оның ішкі ынталануыда пайда болып оның сабаққа деген ынтасы, өзіне деген сенімі артады. Мәселен бірінші сынып оқушысы үшін ата-ананың пікірі құнды. Соныдықтан отбасы мүшелері балаға білім алудың маңызы мен құндылығын түсіндру абзал. Бала үшін білім алу алдымен міндеткерлік, жазалау, уақыт өткізу, көңіл көтеру емес, керісінше жаңа мүмкіндіктер кілті, кәсіби, тұлға ретінде өсудің мүмкіндігі екенін ұғындыру керек.
2. Көп ата-ананың бір қателігі баласының бағасын күзету. Баға білім алудың мақсаты болып қалыптасқан ата-ананың баласында да білімге деген осындай қарым-қатынас қалыптасады. Осындай жағдайда білім алуда мынадай схема қалыптасады. Баға алдым ұмыттым. Біраз уақыт алған баға құнды болады, бірақ алған білім деңгейі төмендей түседі. Өз кезегінде бұл жағдай түсініспеушілікке әкеледі. Осындай жағдайды болдырмау үшін білімге бақылау жасау керек.
Балағызбен алдында өткен қызық тақырыптарды талқылаңыз, қосымша ақпаратпен бөлісңіз. Бұл әрекет балаңызды сабаққа деген қызығушылығымен қатар, білім алуға деген ынтасын арттырады.
3.Білім алу процесі көтерулі мен құлдыраудан тұрады. Сіз балаңызға туындаған қиындықтан шығудың жолын үйретуіңіз керек. Әйтпесе ол оқуға деген қызығушылығын жоғалтады. Балаңыз ол жалғыз емес, оған әрдайым көмекке келетін адамдардың бар екенін сезінуі тиісті.
4. Қиын жағдайда әр қашан қолдап-қолпаштап отыруыңыз керек.
Оқушыға ол үшін қиын пәндіә меңгеруде әрекет етуінің алгоритмін құруға көмектесіңіз. Қолдау сезіміңізге оқушы міндетті түрде талпыныспен жауап беретін болады.
Мынаны білген жөн сыныпта әр оқушыға жеке-жеке мотивация бере алу мүмкіндігі аз. Уақыт тапшы, оқушы көп. Сонымен бірге педагог мамандардың қызықпаушылығы. Алдыңыздағы оқушы жақсы оқу үшін обьективті сын айту, оларға мотивация беру ең бастысы сіздерден болу керек екенін ұмытпау абзыл.
Аударған: Айбек Қуандық
[bws_related_posts]