Басы » Бастауыш сыныптар » Жұрнақ пен жалғау

Жұрнақ пен жалғау

3 казЕкібастұз қаласы

№25 қазақ қыздар гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Темірова Айнұр  Сенбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз құрамын анықтау, жаттығулар орындай отырып жұрнақ пен жалғауды ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық: сауатты жазу,байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отаншылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, бағалау парақтары, оқулық

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, саяхат картасы,карташалар, суреттер, ойындар.

Күтілетін нәтиже: жұрнақ пен жалғауды ажыратады

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. 1.     Кіріспе.

-Бүгін сабағымызда біз саяхатқа барамыз. Ол еліміздің бас қаласы.

-Қалай аталады?

-Астанада біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, әсем ғимараттарымен танысамыз,түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ол қалаға немен баруға болады?

( автобус, пойыз)

-Пойызбен бару үшін бізге не керек? (билет)

-Мен сендерге билетті алып қойдым. Қазір билеттеріңді алып вагондарыңа барып жайғаса беріңдер. (Оқушылар топпен отырады )

-Жолаушы азаматтар! Сіздерге сәт сапар тілеймін!

ІІ. Өткенді қайталау

-Жолымызды қысқарту үшін мен сендерге сұрақ қояйын:

-Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? (Жұрнақ пен жалғау)

-Жұрнақ деген не?

-Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді.

-Жалғау деген не?

-Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.

-Түбір деген не?

-Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейді.

-Бүгін де осы тақырыппен жұмыс істейміз.

-Сабағымыздың мақсаты қандай?

-Дәптерімізді ашып күнді жазамыз.

-Сонымен, біз Астанаға да жетіп қалдық.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-аялдама «Бәйтерек»

Оқушыларға карташа таратылады. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.

Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бірақ айдаһар  ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.

Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһардыкөріп, садақпен атып өлтіреді.

Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.

Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді. Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.

Тақтаға шыққан оқушыны өздері бағалайды.

2 — аялдама «Думан» 

-Думан деген не?

-Оның ішінде не бар?

-«Думан» ойын — сауық орталағы. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.Онда океанариум,кинотеатр, «Джунгли» аттракционы, боулинг, қонақ үйі, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.

Кестеге сәйкестендіру (интерактивті тақтамен жұмыс)

 

Балықшы, киноны, ойыншық, балалар, теңізші, мұхиттан,суық, көлшік, алаңдар, Думанды.

3-аялдама«Хан шатыр»

-Ханшатыр несімен атақты?

-Ойын-сауық орталығы, онда балалардың көңіл-күйін көтеруге барлық жағдай жасалған.Олай болса біз де  «Хан шатырда» би билеп, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Шығармашылық тапсырма: «Тиісті қосымшаны жалға»

Әр топқа түбір сөздер мен қосымшалар беріледі. Оқушылар тиісті қосымшаны жалғап, сөз құрамына талдайды.

құрылыс, үй,қала,ғимарат, қонақ        -шы, — ім,-кер, -ге, -ші

ел, дос, кәсіп, Астана,сурет         -лер, -ты, — ны,-ші, -лі

егін, комбайн, өзен, би, өнер         -ма, -қа, -тық, -ші, -шы

4-аялдама «Пирамида»

Тиісті қосымшаны қойып көшіріп жаз. (интербелсенді тақтада орындау)

Пирамида —  бейбітшілік пен келісім сарай…. Оны салған көрнек… британ… сәулет… Норман Фостер.  Пирамида… табанында опера зал… бар. Жоғары бөлігінде ғимарат… негізгі бөлме… бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселер…, мұражайлар, көрме залдар… орналасқан.

Осымен біздің саяхатымыз да аяқталды.

Кәне бірге бәріміз,

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен,

Сыныпқа кеп қонамыз.

-Бәйтеректе үлкен тілек кітабы бар, алақаныңды қойып тілек айтуға болады. Кәне, біз де өзіміздің тілегімізді білдірейік. Қазақстанымызға не тілейміз?

Әр топтан 1оқушы шығып тақтаға тілектер жазылған «алақанды»іледі.

-Осы сөздердің ішінен түбір сөзді келесі топтың оқушылары тауып берсін.

Тілектер:

Ашық аспан      денсаулық

Тыныштық       бейбітшілік

Бақыт      молшылық

Байлық     амандық

Береке      ынтымақ

Достық    ұзақ өмір

 

ІҮ. Қорытынды.

-Саяхаттан алған әсерлеріңді «смайлик» арқылы салып берсеңдер.

Рефлексия «Күн сәулелері».

Барлығымыз күннің бір сәулесіміз деп елестетейік. Бүгінгі сабақтан не білгендеріңді стикерге жазып ілейік.

Ү. Бағалау.

-Ал енді, әр оқушы өзін қалай бағалайды?

Оқушылар тақтаға шығып өз бағаларын қояды.

Мұғалім оқушыларға өз бағасын  қояды.

ҮІ. Үйге тапсырма: 305,306-жаттығу,109 бет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *