Басы » Cыныптан тыс » Физикалық шоу (сыныптан тыс жұмыс)

Физикалық шоу (сыныптан тыс жұмыс)

АрдакМұханова Ардақ Қуандыққызы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№4орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:  Физикалық шоу (сыныптан тыс жұмыс)

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

Дамытушылық:Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады,қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар, қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.

Тәрбиелік:Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

       Сабақтың түрі: Топтық сайыс

  Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,  сызу, информатика ,   музыка.

  Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта.

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар! «Физикалық шоу » сайысына қош келдіңіздер!Сайыстың мақсаты сіздердің физика пәніне қызығушылықтарыңызды арттыру, білімдеріңді байқау-бақылау, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде 7-8 сыныптар арасында өтеді.Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. 7 «Ә» сыныбынан құралған ««Қайсар»»  тобы, 8 «Ә» сыныбынан құралған «Қайтпас»  тобы.      

Сұраққа жауап беріп айтысайық

Сауалды іліп алып тартысайық

Бәрін айтпа бірін айт алдыменен

Жобасымен сайыстың танысайық

І. Таныстыру

ІІ.Сырлы сауалдар

ІІІ. «1001 мақал, 101 жұмбақ»

ІV. «Байқап қал»

V. «Қатесін тап»

VІ. «Ғажайып  қоржын»

Жүргізуші: Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-дей келіп сайыскерлердің білімі мен

өнеріне баға беретін әділ қазылар  алқасымен танысып өтейік:

1.Жанаева Жазық-математика пәнінің мұғалімі

2.Бақтыбаева Набат- математика пәнінің мұғалімі

3.Қанатова Бибінұр-информатика пәнінің мұғалімі

І. Таныстыру

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге

және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға

берейік. . Ең жоғарғы ұпай — 5.

 Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Шығып жүрген жақсы аты,

«Қайсар» тобын ортаға

Шақырайық халайық.

 «Қайсар» тобы өз топтарымен таныстырады, ұрандарын айтады.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«Қайтпас»  тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

««Қайтпас»  » тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

ІІ.Сырлы сауалдар

Жүргізуші: Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың екінші бағыты

бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.Ұпай саны-30

  1. 1.               Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

Жауабы: Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.

  1. 2.               Су неліктен отты өшіреді?

Жауабы: Ыстық нәрсеге жанасқан су, одан көп жылу мөлшерін алады да, буға айналады.Бу тез көлемде жайылады.Бу ауаны ығыстырып шығарады. Ал ауасыз жану болмайды

3.Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебі неде?

Жауабы: сырты шырыш қабағы үйкеліс азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады.

     4. Таспен жүргенде неге аяқтарың ауырсынады?

    Жауабы:Табанның таспен тиісу ауданы аз болғандықтан, табанға қысым көп

түседі.

5.Шайнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?

Жауабы:Жылу алмасуды сақтайды

    6. Теңіз суы 0- та неге қатпайды?

Жауабы: Тұзды судың қату температурасы 0- тан төмен

ІІІ. «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Тақтада торкөздерді таңдай отырып, сұрақтарға жауап береміз.

 

5 5 5
15 1001 мақал,

101 жұмбақ

15
10 10 10

 

 

 

5 – мақал

Тау мен тасты су бұзады,

Адамзатты сөз бұзады. (заттың агрегаттық күйі)

5-жұмбақ

Көкке қараған,жұлдыз санаған (телескоп)

5-бейнесұрақ

Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)

10-базарлық

Базарлықты алу үшін көріністі қойып көрсетеміз.

Аңызда айтылғандай, Сиракуз патшасы Гиеронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма? Деген сұраққа жауап таба алмай, көп күн әуреленген Архимед бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген екен дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.

10-жұмбақ

Ағасы кетсе,інісі келеді. (Ай мен күн)

10 – мақал

Шапқан озар,жатиқан қалар (Жылдамдық)

15-мақал

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді       (диффузия)

15-жұмбақ

Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

15-бейнесұрақ

Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек)

ІV. «Байқап қал»

Мұнда топ басшыларына суреттер көрсетіледі, суретті тобына ыммен түсіндіруі керек. Топ мүшелері теріс айналып отырады.Ұпай саны -10 ұпай

  «Қайсар» тобына: Күн, телескоп, ток, таразы, радио, қырау, жылдамдық.

 «Қайтпас» тобына: Жұлдыз, динамометр, бұлт, су, сағат, термометр, күш

V. «Қатесін тап»

1.Жаздың ашық күнінде балалар саяхатқа аттанды. Олар ыстықты сезінбеу үшін қара киім киді. Алдымен олар өзеннің құмды жағалауымен жүрді. Жүру оңайға соқты. Әрі қарай саяхатшылар көгалға түсіп, тездетіп жүрулеріне тура келді.

Жауабы: Балалар ыстықтамау үшін ақ киім кию керек.Құммен жүргенде үйкеліс күшінің әсері болатындықтан, жүру қиынға соғады.

2. Кешкілік балалар өзен жағасына орналасты. Кешке қарай жарық болды. Суға түсіп шыққаннан кейін балалар жылуды сезінді. Өзеннің түбінде тас жатты. Тасты көтеру балаларға қиындық туғызғандықтан оны үш бала көтеріп, әрең дегенде жағаға шығарды.

Жауабы:Кешке қарай қараңғы болады, суға түскен балалар тоңады, Судың ішінде Архимед күші әсер ететіндіктен, тасты көтеру оңай борлуы керек.

VІ. «Ғажайып  қоржын»

«Қайсар» тобына:

Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш (жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады)

«Қайтпас» тобына:

Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші:Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңды бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

Физикалық шоуымыз тәмамдалды.

Осымен біздің кешіміз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *