Өмір шексіз керуен
Мақсаты:
— «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
-өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы ұғым беру;
-өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу,
— өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне жиналып, ән тыңдайды.Барі бірге қосылып «Ғажайып» әнін айтады.
Халқымыздың рухани әлемдегі өзіндік орны бар. Абай атамыз,Т.Айбгергенов,Қ.Мырза-Әлі, Ш.Сариев сынды қаламгерлердің өмір туралы өлеңдерінен үзінділер берілген.Оқушыларға осы өлеңдерді оқыта отырып, өмірдің өзгермелі,қиын да күрделі екендігі айтылады.Күреске толы,адамдық құндылықтарды ту етіп қана оған жол табарлық терең сырылы әлем екенін аңғарту керек.
Сабақта мынадай тапсырма беріледі: берілген ой-толғаулармен танысып,өмір туралы өз түйгеніңізді ортаға салыңыз.
Жаңа ақпарат
Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді.Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз,ешкімге білдірмей өтіп жатады.Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса енді біреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрыпөз жолын таба алмай жатады.Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайберді атамыз:
Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Санадаламыз
Бейнетіміз көп болып.
Кейде тасқа,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп,-дейді.
Осы ақпарат негізінде «Менің өмірлік қағидам» атты кесте жасатуға болады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларағ С.Мұратбековтің «Отау үй» атты шығармасынан үзінді оқытады.Оқушылар мәтінің мазмұнымен танымып , өмір туралы ой толғайды.
• Кейіпкерлердің сұрағына қалай жауап берер едің?
• «Өмір», «өмір сүру» деген ұғымдарды өзің қалай түсінесің?
Әңгімелесу
Тақырып бойынша 2-сабақты осы әңгімелесуден бастауға болады. Жаңа ұғымдарға назар аударып,қабылдауға оқушыларды даярлау мақсатында төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасады.
• Өмір, өмір сүру туралы алғаш рет қашан ойландың?
• Адам өзінің күнделікті іс-әрекетіне есеп беруі керек пе?Неліктен?
• Өз өміріңді өзгерткің келе ме, ол үшін не істер едің?
• Адам өмірінің мәні уақыт өткен соң өзгеруі мүмкін бе,ол неге байланысты?
Түйіндеме
Адам өміріндегі «Уақыт» категориясының мәні туралы түйіндеме оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Ә.Қайдар
Мәнінмен жұмыс
Уақыт адам өмірінен тыс үнемі жылжитын құбылыс екені жұрттың барлығына мәлім.Күнделікті өмірде оны бітпестей, өтпестей көретін, мән бермей, есіл уақытты текке өткізетін жандар да аз емес.Уақыттын қаталдығы қайта айналып келмейтінінде, қайырылмас, қатал төрешілдігінде.Осы реттегі жайларды ескере келіп, уақытты пайдалану туралы ұрпаққа ой салу үшін,осы үдеріске тереңірек үңілудіру мақсатында М.Мақатаевтың өлеңін оқып, ішкі астарына ой жіберту керек. Әсіресе, түнді таңның әкететіндей адам өмірден өтеді. Тірлік түбі – өлім, ол ақиқат. Адам өлді дегенмен, артына із қалдырса, оның өлмегені.Аспанға ақын жазамын деген ұғым осыны аңғартады.
• Уақыттың адам өміріне ықпалы қандай?
• «Өмірден өтпеңдер» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өз өміріңді қалай өткізер едіңіздер?
Дәйексөз
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Жеңген адам мін-мінезін өзінің,
Танытады өз қайратын,өз үнін.
Ж.Молдағалиев
Түйіндеме
Оқушылар түйіндемемен танысу арқылы өмірдің өзінен сыйға тартқан әрбір күнін мәнді де мағыналы өткізудің маңызын түсінеді.
Бүгінгі істі ертенге қалдырма
Е.Сағынбаев
Өкінішке орай , осы дерт көптеген адамдардың бойында бар. Әрқашан «шаршап отырмын», «уақытым жоқ», «қаражат керек» ,«ауа-райы қолайсыз» деген сылтаулары дайын тұрады. Ең қиыны , ертенгі күніміз де айна қатесіз бүгінімізді қайталайды.
Шығыста : «Адам бір күнін қалай өткізсе , бүкіл өмірі де солай өтеді, » — деген мақал бар.
Алайда , әр істі кейінге қалдыра отырып, біз өз өмірімізді кері қарай жылжытамыз.
Уақыт алға қаша береді, ұстатпайды.Ал өміріміз күнбе- күн артта қала береді. Бізге қажеттісі – өмірімізді пайымдап ,түсіну бір сәтке болса да, уақытты тоқтату. Бірақ ол мүмкін емес қой.
Шығармашылық жұмыс
Осы мақсатта оқушылар орыстың ұлы педагогі В.А. Сухомлинскийдің«Ұлыма хат» атты еңбегінен алынған үзіндіні басшылыққа ала отырып , «Менің бір күнім» тақырыбында эссе жазады.
«Ертең» — өмірдің аса қауіпті жауы. Бүшін істелетін ,тіпті оның кішкене бір бөлшегін де ертеңге қалдырма. Ісім оңға бассын десең, ертенгі істелетін істі бүгін бастап қоюға әдеттен. Бұл — ертеңгі күніңе ерекше дем беруші, құштарлығыңды арттырушы күш».
Жүректен жүрекке
Ақын С.Исаевтың сөзіне жазылған Т.Сарыбаевтың«Өтен күндер» әнінің сөзі де, сазы да сабақтың тұтасмазмұнымен, айтпақ ойымен үйлеседі.Жүректен жүрекке шеңберіне жиналып, ән тыңдау, бірге қосылып айту балалардың ойынқорытындылауына ықпал етіп, жан дүниесіне ән сазымен оң сезім ұялатып,ізгілік нұрын себеді.