Басы » Cыныптан тыс » Ана – өмірдің гүлі

Ана – өмірдің гүлі

АналарАқмола облысы
Шортанды ауданы
Төңкеріс негізгі мектебі

Өткізген: К.Т. Жармаганбетова 

8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған     

«Ана – өмірдің гүлі» атты тәрбие сағаты

Мақсаты:

  1. 8 — наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
  2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
  3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

  1. 1.     Жүргізуші (Ескендір): (Сахнаға 2 жүргізуші шығады. Қолында кострюл және касығымен,үсті  ұн ұн, басында повор шапкасын киіп).

Торт пісіру-оңай ғой

Тек батыл болу керек

7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек

3 ас қасық бұрыш

Жоқ әлде олай емеспа?

  1. 2.     Жүргізуші(Мұғалім): Олай емесқой
  2. 1.     Жүргізуші (Ескендір): Мен тіптен шатасып кеттім
  3. 2.     Жүргізуші(Мұғалім): Мұнда бұрыш салмайды ғой
  4. 1.     Жүргізуші (Ескендір): 3 сағат болды осылай жүргеніме

Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім

Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш

Мүлдем тортқа ұқсамайды.

Жүргізуші (Мұғалім) Ерте ертеде 1 сұлу, сымбатты жігіт болыпты.Оның жанында толған ғашық қыздары көп болыпты. Жігіт қыздарды 5 саусақтай өзгертеді екен.Біріншісі әдемі емес, екіншісі тәтті тағамдар жасай алмайды, үшіншісі, қошемет айтпайды жігітке, төртіншісі өзіне қарамайды. Сонымен жігіт еш қызды менсінбей жанына жолатпайды екен.Сөйтіп қыз таңдап жүргенде қалай қартайғанын білмей қалыпты.Не әйелі  не баласы не немересі болмаған.Кейін ол жалғыздықтан қайтыс болады.Сонымен әр ер адамдар адамгершілігі мол болып, қайталанбас  кемшіліктері аз болсын! Әр арулар мен сұлу қыздар мен әйелдер үшін.Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі

«Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

  1. Жүргізуші (Ескендір) : Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен 4 ананың және қыздар арсында сайыс ұйымдастырдық.Сіздерге сәттілік тілейміз!
  2. Жүргізуші (Мұғалім):          Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп, еркелеттің, аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Ән: « Анаға сәлем »

Жүргізуші (Ескендір)         Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Әділқазылар алқасы :

1. Жұпар Николаевна

2. Жанат Боранбаевна

Барлық сайыстар соңында әділқазылар алқасы шешімін шығарады. Жеңген топқа құттықтау грамотасы ұсынылады .Номинациялар: биязы ана, мейірімді ана, парасатты ана және дарынды ана.

  1. 1.   Жүргізуші (Мұғалім): Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналар мен оқушыларды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
  2. 2.   Жүргізуші (Ескендір): Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

 Сайыс шарттары.

  1. Таныстыру (топ аты, анасының аты – жөні,анасының мамандығы, оқушы аты – жөні, сынып,оқушы туралы мағлұмат беру)
  2. «Анасы мен қызы » билейді
  3. « Шаштараз »
  4. «Кімнің дауысы, тауып көр! »
  5. « Отбасы деректері »
  6. «Сән салоны»

2.Жүргізуші (Мұғалім):     Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен анасы мен қыздары кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, – деп кезекті таныстыруға берейік. Ұпай 10 балл.

  1. 1.   Жүргізуші (Ескендір)  1. Сайыс:  « Анасы мен қызы » билейді .

 Сіздердің алдарыңызға сиқырлы гүлдер әкелінді ,сиқырлы гүлдер ішінде би аттары жазылған сіздер сиқырлы гүлдер ішінен 1 гүлді таңдап алып орындап бересіздер  биді жақсы қимылмен орындап берулеріңіз керек  «Калинка» — орыс халқының әні (ана өзі жалғыз орындайды  ), «Қамажай» (2 ана ), «Үнді биі» (ана мен қызы), «Ламбада» (ана мен қызы), «Лезгинка» (ана және сынып оқушылары қосылып биге шығады) сәттлік тілейміз! Ең қызықты жақсы билеген топқа 20 балл

  1. 2.   Жүргізуші ( Мұғалім )  2.Сайыс : «Шаштараз» Сәттілік тілейміз!
    Оқушылардың аналары шаштаразшы болады, шаштаразға келуші (қызға) жылдам және әдемілеп бантик байлап беруі керек. Тез,жылдам  және сапалы  әдемі бітірген ана 8 балл, қалған анаға 5 балл қойылады.
  2. 3.   Жүргізуші (Ескендір)    3.Сайыс: «Кімнің даусы, тауып көр!»
    Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.Егер анасы дәл тапса 10 балл алады, егер таба алмаса 5 балл.

 

  1. 4.   Жүргізуші (Мұғалім)     4.Сайыс: «Отбасы деректері»
    Әр оқушы қобдишадан сұрақтар таңдап алады,жүргізуші оқиды.Анасы сол сұраққа жауап беріп,жүргізушіге береді оқушының жауабы анасының жауабымен сай келуі керек.егер толығымен жауап берсе 5 балл егер жауабы сай келмесе 1-4 дейін балдар қойылады.

СҰРАҚТАР: (оқушыға):

1. Анаңның анасының аты — жөні?

2. Алғаш мектепке келгенде 1 сыныпта үстінде қандай киім болды ?

3. Анаңның қанша аға — қарындастары бар?

4. Анаң бос уақытында немен шұғылданады?

5. Анаңның әкесінің аты — жөні?

6. Анаң қандай гүлді ұнатады (гүлдің аты)?

7. Анаңның жақсы көретін түсі қандай?

 

8. Анаңның атқаратын кәсібі не?

9. Анаң жылдың қай мезгілін ұнатады?

10.Анаң қандай кино жақсы көреді?

11.Анаңның ең жақсы  көретін салаты?

12.Анаң қандай кітап оқығанды ұнатады?

13.Анаң тоқыма тоқығанды ұнта ма әлде үй жинағанды ұната ма?

  1. 5.  Сайыс:  Сән салоны

Аналары оқушыларға ерекше киім дайындайды, дайындыққа 15 мин беріледі, әр топта  газет журналдар, қайшы, скрепкалар, жіп,  скотч, тиреуіш, клей қолданылады. Әр топқа 20 ұпай беріледі.

Жүргізуші (Ескендір): Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Жүргізуші (Мұғалім ): Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

 

ЖҮКТЕҢІЗ

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *