Басы » Бастауыш сыныптар » Дара және күрделі сын есім

Дара және күрделі сын есім

АселАқмола облысы
Ерейментау ауданы
Павловка орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі
Арилина Асель Бекболатовна
Тақырыбы:  Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу.  Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнектілігі:  Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.

Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Психологиялық  дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).

3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.

(Терең-таяз, ыстық-суық, адал-арам, жұмсақ-қатты, жуан-жіңішке)

А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.

4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).

ІІ. Жаңа тақырып: 1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Дәптерге ай, күнді жазу.

3) Көркем жазу:

долана парта Сапар

Әдепті бала ата-анасын мақтатар.

                    Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

-Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.

-Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.

4) Сөздік жұмыс.  Көк ала, сары ала.

-Жазылуын, мағынасын түсіндіру. Сөйлем құрастыру.

Мен көк ала дәптер сатып алдым.

-Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

5) Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 1) 135-бет (оқу, талдау)

2) 446-жаттығу (тақтада, жазбаша )

-Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.

-Дара сын есімдернеше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?

-Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?

3) Жұмбақ шешу.

4) 447-жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.

 Дара                                          Күрделі    

                Ұзын                                    Қызғылт сары

               Қысқа                                        Қара сұр

               Қызыл

               Ақ

               -1- бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неге?

-2- бағанға ше?

ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).

V. Бекіту. 1) 449-жаттығу. Өздік жұмысы.

— Сын есімдерді табу. Дара немесе күрделі екенін айту.

2) Шығармашылық жұмыс.

1 т.                                     2 т.                                         3 т.

              Қызыл                          сары                                          көк

Көк ала                     қызыл ала                             жасыл ала

—         Берілген сөздермен әр түрлі тапсырмалар орындау.

А) Сөйлем құрастыру

Ә) Өлең құрастыру                      Б) Жұмбақ, әңгіме

— Оқу. Бағалау.

VІ. Қорыту.           1) Венн диаграммасын толтыру.

Дара

Қызыл, көк

 

Сын есім

Заттың түсін, түрін сапасын білдіреді

 

Күрделі

Қызыл ала, көк ала

         2) Күрделі сын есімдер неше сөзден тұрады?

— Күрделі сын есімдер құрамындағы сөздер қалай жазылады?

VІІ. Үйге 135-бет, 450-жаттығу

VІІІ. Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *