Басы » Дене шынықтыру » Көңілді старт

Көңілді старт

конилди старт

Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы,
Қарауылкелді орта мектебі
А.Ә.Емберген, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сайыс тақырыбы: « Көңілді старт », 5 класс.
Мақсаты мен міндеті:
— Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, оқушыларды спортқа қызықтыру, оқушылардың команда алдындағы жауапкерщілігін сезіндіру.
Өту барысы:
Әр кластан 8 оқушыдан бір команда, әр командада 4 ұл, 4 қыз баладан болады.

Жарысқа басшылық және ұйымдастыру.
— Жарысқа басшылықты мектеп дене тәрбиесі мұғалімдерінен құралған төрешілер алқасы жүргізеді.

Сайыс бағдарламасы:

1. Сәлемдесу. Команда атымен таныстыру ( әр команда өздерін таныстырады).

2. Спорттық сайыстар түрлері.

1) Доппен жүгіріп жарысу.
2) Доп тасу (командалар 3 доптан доп тасиды).
3) « Пингвинше » секіріп жүгіру ( екі тізенің арасына доп қыстырып секіріп жүгіреді).
4) Кім жылдам жарысы ( оқушылар допты жоғарыдан және төменнен жылдам беру арқылы жарысады).
5) « Тарақанша жүгіру» (оқушылар екі қолымен және аяғымен тарақанша жүгіреді).
6) Әтештер сайысы.
7) Көп болып жүгіру.
8) Кілемге домалап, есеп шығарып жарысу.
9) Мергендер сайысы. Кіші допты нысанаға лақтыру 10 метр жерден.
10) Капитандар сайысы. Команда капитаны 5 реттен себетке доп тастау.

Жеңімпаздарды мадақтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *