Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№1орта мектептін
Бастауыш сынып мұғалімі
Қаржауова Маншүк Камалбекқызы
Тақырыбы:Армысың әз Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру.Ұлттық
салт-дәстүрмен таныстыру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Халқымыздың әдет-ғұрпын құрметтеуге, өнерлі, өнегелі азамат
болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, көрме, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер т.б.
Жүргізуші:Ілесіп наурыз бен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер-азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін! – дегендей құрметті ұстаздар, ата-аналар Жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жақсы жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын! О «Б» сынып оқушыларының ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына арналған «Армысың– әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Наурыз – «наурыз» сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, ренжіскен адамдар достасады, жақын туыстармен дәм алысады, жеті түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.
Ән: «Наурыз – думан!» — Әділер, Алихан, Мерей, Нұрасыл.
Жүргізуші:Халқымыздың кез келген тойы айтыссыз өтпеген. Айтыс арқылы ақындар сөздің дәмдісін, әннің саздысын жеткізе білген. Олай болса, ортаға айтыскер ақындарды шақырамыз.
Даниял: Домбырам басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Бұлғаса да бармаймын,
Әлдене деп қарғайды.
Аяулым: Домбырам басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
«Көк шешек» деп қарғайды.
Даниял: Ол қарғысың өзіңе,
Екі қара көзіңе.
Қыз қарғысы өтпейді,
Маған тіпті жетпейді.
Даниял: Қасқыр, қасқыр қара ала,
Бауыр жүні сары ала.
Біздің қойды арала,
Қыздардың қойын жарала.
Аяулым: Қасқыр, қасқыр қарасың,
Қасқыр қайда барасың?
Мына баланы жей ғой,
Қойды қайдан табасың?
Даниял: Қасқыр, қасқыр қара ала,
Өтірікке қарама.
Қой болмаса далада,
Осы қызды жарала.
Аяулым:Маң төбетім барады,
Қасқырларды алады.
Содан кейін сен, бәлем,
Тап өзіңді қабады.
Еркебұлан: Сәнді көктем нұрымыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырып тұр қыр мен ой,
Құтты болсын Наурыз той!
Сабина: Халқыңның әдет салтына,
Ойлана қарап түйін түй.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Жалғаса берсін ән мен күй.
Саяхат: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың.
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
Әли: Армысың Наурыз,
Қуанышпен кір төрлет.
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый құрмет.
Би: «Қамшы» — Алихан, Тілеуқабыл, Әли, Даниял, Ералы, Нұрасыл.
Ән: «Бала тілегі» — Әмір, Айбек.
Би: «Чинури» — С.Дильназ
Жүргізуші: Қазақ халқының өзіне тән салт-дәстүрлері бар. Атап айтсақ олар: шілдехана, бесікке салу, тұсау кесер, сүндет той.
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткенненбізгежеткенасылы бар.
Сәбидіңкейбіркезінқызықтайтын,
Қазақта «Тұсаукесер» рәсімі бар.
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Ендеше қазақ халқының осы рәсімінен бір үзіндісін көрсетейік. (ортаға әже шығып тұсау кесер рәсімін көрсетеді, шашу шашылады).
Мәңгілік мұра болса күй деген,
Қанат болған қазағыма би деген.
Аққудың көгілдірі секілденіп,
Айдынында сызылтып би билеген – демекші ортаға аруларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар.
Би: «Қыз жібек» — қыздар.
Нұрдәулет: Әнім де саған биік де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуанышын сыйлап еліме,
Күлімде наурыз күлімде.
Шерхан: Жыл басымы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боялды.
Наурыз тойын береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Нұргелді: Келе жатыр жылымыз,
Мейраңмдаймыз мұны біз.
Жас балаша қуанып,
Жадырасып бәріміз.
Нұралы: Ой халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Адам: Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
Ән: «Дастарқан» — Дихан, Әмір, Дильназ.
Би: «Қаражорға» — Расул, Адам, Нұрдәулет
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, тағы бір мәрте жыл басымыз – Наурыз мейрамы құтты болсын.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Толтырып нұрға жатыр міне маңайды.
Төрт түлік бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды – дей келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.